Мен және менің отбасым ҚМЖ 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен және менің отбасым ҚМЖ 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,

Текелі қаласы

Рудничный ауылы

«№7 ОМ МДШО» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

Айтказина Гүлби Берікқызы


II–тоқсан 35 минутқа жоспарланған қысқа мерзімді жоспар

Пәні:Дүниетану Мектеп: «№7 ОМ МДШО»КММ

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.Мен және қоғам

Бөлімше:1.1. Мен және менің отбасым

Күні:20.04.2018 Мұғалімнің аты-жөні:Айтказина Г.Б.

Сынып: 1 сынып Қатысқандар саны:8

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1үрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

1.1.1.2тбасындағы өзге мүшелерге қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: Өз отбасы,отбасы мүшелерінің міндеттері туралы әңгімелеу.

Оқушылардың көпшілігі:Өз отбасындағы дәстүрлерді атау әрі түсіндіру.

Оқушылардың кейбірі:Отбасындағы «Әулет шежіресімен» таныстыру.

Ойлау деңгейлері

Білу және түсіну,қолдану.

Бағалау критерийлері

1.«Отбасы» ұғымы, өзінің отбасы мүшелерінің міндеттері туралы ойын әңгімелейді.

2.Отбасындағы туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтай алады,отбасындағы дәстүрлерді түсіндіреді.

3.Отбасындағы «Әулет шежіресімен» таныстырады.


Тілдік мақсат

Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін сипаттайды және түсінеді.

Пәндік лексика және терминдер

Отбасы–семья-family

Шежіре –летопись-chronicle

Ана мама–mother

Әкепапа–father

Әжебабушка–grandmother

Атадедушка–grandfather

Әпке сестра – sister

Аға – брат –brother


Талқылауға арналған сұрақтар

Жабық сұрақ:

  1. Отбасы мүшелерін атай ғой.

  2. «Әулет шежіресі»дегеніміз не?

  3. «Отбасы күні» мерекесі қай күні атап өтілетінін білесің бе?

Ашық сұрақ:

  1. Сенің өз отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

  2. Отбасыңның үлкені кім?

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлық қарым-қатынасының маңызын түсіндіру.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек. Тақырыбы: «Отбасылық портретке жақтау жасаймыз» (51-бет)

АКТ-ның қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта: «Отбасылық дәстүрлер» туралы видео, «Бақытты отбасы үлгісі» мультфильм

Бастапқы білім

«Отбасы» ұғымы,отбасындағы қарым-қатынастар жайлы біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер/

Ресурстар

Сабақтың басы

(9 минут)

Ұйымдастыру кезеңі: (6 минут)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Сәлеметсіз бе,апай!

-Здраствуйте,дети!

-Здраствуйте,учительница!

-Good morning, children!

- Good morning, teacher! (Білім алушылармен «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында үш тілде амандасу). Білім алушыларды түгендеу.

Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

-Құрметті,білім алушылар, біз неге шеңберге тұрып,сабағымызды бастадық?

Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық.Шеңбер арқылы-бір-бірімізге күлімдеп қарап,бақыт,қуаныш,жылылық тілейміз.Шеңбер-сонымен қатар,қай әріпке ұқсайды?

-«О»-әрпіне ұқсайды.Ендеше «О» әрпінен басталатын сөздер айтайық (Отан, от, отбасы,т.б.)

-Өте жақсы,балалар,дұрыс айтасыңдар.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы да дәл осы әріптен басталатын сөзбен байланысты.

Тақырыбымыз: «Менің отбасым».

- Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбына сай қажетті құралдарымызды алып (алдын ала үйден ашық хатқа арналып заттар дайындалады) өзіміздің отбасымызға арнап ашық хат жасап, ішіне анамыздың немесе әкеміздің суретін салып, хатқа жақтау әзірлейміз. (пәнаралық байланыс жүзеге асады).

- Өте жақсы, балалар, біздің отбасымызға арнап жасаған сыйлығымыз өте әдемі болып шықты. Жарайсыңдар!Ата-анамызға дайындаған ашық хатымыз бен жақтауымыз ұнайды.

Қалыптастырушы бағалау «Бармақтар отбасы» суретін бояу (егер тапсырма толық орындалса, бір бармақ,толық емес орындалса, жарты бармақ боялады).

-Жаңа тақырыпты бастамас бұрын,сындарлық теориясы негізінде өткен тақырыпты еске түсірейік.


Бастапқы білімдерін қайталау: (3 минут) Picture 4


«Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша оқушыларға өткен тақырып бойынша доп лақтыру арқылы сұрақтар қою.(Сұрақ қою барысында оқушылардың барлығын қамтуға тырысу). Тез әрі ұтымды жауап беруге дағдыландыру.











bilim-all.kz
















түрлі түсті қағаз,қайшы,

желім,түрлі түсті қарындаш







Picture 4










доп





Сабақтың ортасы

(24 минут)


«Диалог және қолдау көрсету»




















1.Бағалау критерийі

«Отбасы» ұғымы, өзінің отбасы мүшелерінің міндеттері туралы ойын әңгімелейді.










2.Бағалау критерийі

Отбасындағы туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтай алады,отбасындағы дәстүрлерді түсіндіреді.



























3.Бағалау критерийі

Отбасындағы «Әулет шежіресімен» таныстырады.


1-тапсырма: (4 минут) жұптық жұмыс (Тілдік мақсат жүзеге асады).

«Кір жайғыш» әдісі арқылы оқулықпен жұмысты жүзеге асыру мақсатында «отбасы» ұғымына байланысты суреттермен жұмыс (жіп іліп,жіпке суреттерді қыстырғышпен қыстырып қою, әр баланың пікірін тыңдау). Өз отбасы,отбасы мүшелерінің міндеттері туралы жұптық жұмыс жасай отырып, бір-біріне, ұжымға әңгімелеу.

Ашық-жабық сұрақ түрлерімен жұмыс жасау.

Picture 2

- Отбасың туралы әңгімелей ғой.

- Отбасы мүшелерін атай ғой.

- Отбасыңның үлкені кім?

Қалыптастырушы бағалау «Бес саусақ» әдісі бойынша «Бармақтар отбасы» (егер тапсырма толық орындалса, бір бармақ,толық емес орындалса, жарты бармақ боялады).

Дескриптор: Білім алушы

-отбасы туралы әңгімелейді;

-отбасындағы мүшелерді атай алады.

-отбасының үлкенін өз пікірімен кім екенін анықтайды.


2-тапсырма. (10 минут) Ұжымдық жұмыс

«Проблеманы шешу» әдісі арқылы оқушыларға отбасындағы ұстанатын дәстүрлерді атап,айтқызу.

Отбасындағы туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау мақсатында «Отбасылық дәстүрлер» АКТ-ны қолдану арқылы видео көрсету.

Видеоны көріп болған соң, қазақ халқының дәстүрлерін талқылап, сұрақтармен жұмыс жасайды (белсенді қатысқан білім алушы қалыптастырушы бағалаумен жұмыс істейді).

Қалыптастырушы бағалау «Бес саусақ» әдісі бойынша «Бармақтар отбасы» суретін бояу (егер тапсырма толық орындалса, бір бармақ,толық емес орындалса, жарты бармақ боялады).

Дескриптор: Білім алушы

-өз отбасындағы дәстүрлерді атап, түсіндіреді;

-қазақ халқының басқа да дәстүрлерімен танысып, мағлұмат алады.

-АКТ-мен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастырады.


Ширату жаттығуы.(3 минут)

Қарым – қатынас құндылығын арттыру үшін, әрі қамқорлыққа баулуды негізге ала отырып, «Бақытты отбасы үлгісі» атты мультфилімін ұсыну (құндылықтарды дарыту).


3-тапсырма. (6 минут) Жеке жұмыс

Білім алушылармен «Әулет шежіресі» туралы «Миға шабуыл» әдісі арқылы ой қозғау

( балалармен әңгімелесу,ойларын білу). «Шежіре» сөзінің мағынасын түсіндіру. Осы сәтте «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында сабағымызға қатысты сөздермен таныстыру,қайталату арқылы тілдерін жаттықтыру.

Отбасы–семья-family

Шежіре –летопись-chronicle

Ана мама–mother

Әкепапа–father

Әжебабушка–grandmother

Атадедушка–grandfather

Әпке сестра – sister

Аға брат –brother

Ребус шешу арқылы ( жеті саны және атаның суретін қосу арқылы ) «жеті ата» сөзін шығару. Сол бойынша дәптермен жұмыс отбасы ағашына өз жеті аталарының суретін салу немесе жапсыру.

Қалыптастырушы бағалау «Бес саусақ» әдісі бойынша «Бармақтар отбасы» суретін бояу (егер тапсырма толық орындалса, бір бармақ,толық емес орындалса, жарты бармақ боялады).

Дескриптор: Білім алушы

-суретті пайдалану арқылы ребусты шешеді;

-жеті атасын мүмкіндігінше айтып береді;

-сөздерді үш тілде қайталап, айта алады.



тақырыпқа сай суреттер,жіп,

қыстырғыш-тар

















Picture 4








https://yotu.be/Gh582GY9Q-A






интербелсенді тақта









https://yotu.be/pjHmgyDGLx8




















жеті саны және атаның суреті


ағаштың суреті


Сабақтың соңы

3 минут

Сабақтың соңында «отбасы» тақырыбына байланысты білім алушыларды сергіту мақсатында «Ойлан,бірік,бөліс» әдісін қолдану арқылы үш қатардың әрқайсысына жылдамдықты негізге ала отырып, мақал-мәтел айтқызу (ең алдымен, бала өзі ойлана отырып, өз қатарындағы басқа да оқушылармен бөлісіп, бір ұтымды мақалды бүкіл сыныпқа айтады).

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша «Бармақтар отбасы» қалыптастырушы бағалау арқылы білім алушының қанша саусақ бояғанын санап, ынталандыру.

Picture 4






Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы

Сабақтың басында «Үш тұғырлы тіл » саясатын жүзеге асыру мақсатында үш тілде амандасып, оқушыларды түгендеймін. Психологиялық ахуал тудыру арқылы білім алушылардың сабаққа зейінін аударамын. Психологиялық дайындық

арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

Тапсырмалар барысында саралаудың тәсілдерін қолданамын.

Соның ішінде:

1-тапсырмада «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін пайдаланамын. Себебі, 1- тапсырма барысында білім алушыларды ойланту үшін бірқатар сұрақтар қойылып, сол сұрақтарды жекелей әрі жұптық жұмыс кезінде талқыланады. Әр оқушы сұраққа сай жұмыс істеп,көмек керек балаларға қолдау көрсетіліп, ынталандырылады.

2-тапсырманы орындау кезінде саралаудың «Дереккөздер» тәсілі пайдаланылады. Оқушыларды ақпараттық технологияларға дағдыландыру мақсатында ғаламтордағы сілтеме арқылы видеожазбалар көрсетіледі. Сол жазбалармен жұмыс істеу арқылы балалар емін-еркін өз пікірін айтуға дағдыланады. Сонымен қатар, бұл тәсіл «Ширату жаттығуы» кезінде де пайдаланылады. Интербелсенді тақтадан тақырыпқа сай, қарым-қатынастың маңыздылығын көрсететін мультфильм тамашаланылады.Сабақтың бөлімдерінде сілтемелер тиімді пайдаланылады.

3-тапсырма барысында саралаудың «Тапсырма» әдісі қолданылады.

Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушыларға жеке тапсырма беріледі.Яғни,әулет шежіресімен таныстыру. Бұл тапсырмада «Қарқын» тәсілі де жүзеге асады. Тапсырма жылдамдыққа негізделеді.Сабақ соңында саралаудың «Бағалау» тәсілін тиімді қолданамын. Оны қолданудағы мақсатым білім алушыны ынталандыру арқылы білім деңгейін анықтау.

Сабақ барысында білім алушыларға критериалды бағалау, соның ішінде қалыптастырушы бағалау қолданылады. Қалыптастырушы бағалау «Бес саусақ» әдісін пайдалану арқылы жүзеге асады. «Бес саусақ» әдісін тақырыпқа сай (Тақырыбы: «Менің отбасым») «Бармақтар отбасы» деп алынады.

Бұл тәсілді қолдану себебім, 1-сынып білім алушысына өте тиімді әрі қолдануға ыңғайлы.

Тақырып бойынша, қойылған сұрақтар, талқыланған мәселелер ,сонымен қатар, тапсырмаларды орындау кезінде дұрыс жауап алған жағдайда білім алушы бір бармақты толығымен бояп отырады. Егер,білім алушы сұраққа толық жауап бере алмаса, бармақ жартылай боялуы тиіс болады. Сабақтың соңында боялған бармақтардың саны саналып,білім сапасы анықталады.

Сонымен қатар, сабақ барысында «От шашу» тәсілі, «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!» қалыптастырушы ынталандыру сөздерін қолдану арқылы білім алушылардың ішкі уәжін оятып, сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттырамын.

Критериалды бағалау арқылы оқушының ішкі уәжін көтеріп, тұлға болып қалыптасуына негіз болу.


-партада дұрыс отыруын қадағалау;

-ширату жаттығуын жасату.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
7261
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі