Материалдар / Мен және менің тобым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен және менің тобым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг мақсаты: бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Тренинг міндеттері: - адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну; - өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; - топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; - топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларға арналған
Психологиялық тренинг



Ұйымдастырушы: мектеп психологы Симұханова Айгүл Орынғалиқызы


Топтық-психологиялық тренинг. 
Тренинг тақырыбы: Мен және менің тобым. 


Тренинг мақсаты: бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. 
Тренинг міндеттері: 

  • адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;

  • өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 

  • топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 

  • топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; 


Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп. 


Тренинг құрылымы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 
ІІІ. Негізгі бөлім. 
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 
б) «Автопортрет» жаттығуы. 
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 
д) «Қисық айна» ойыны
е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 

г) «Қатып қалу» ойыны
ІV. Қорытынды бөлім. 
а) «Жүйрік ой» жаттығуы. 
б) «Қайта байланыс» жаттығуы. 


Тренингтің жүру барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу/



ІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 

- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 

Топта жұмыс істеу ережесі: . 

  1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 

  2. Болып жатқанға белсенді қатысу. 

  3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 

  4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 

  5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 

ІІІ. Негізгі бөлім. 

а)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....


б) «Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 


в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. 

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады. 
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 


д) «Қисық айна»

Шарты: Бірінші сап кез келген қозғалыстарды жасайды, бірақ қозғалыстар дискретті, яғни, олардың арасында кідірістер болуы тиіс. Айна (екінші сап) бір қозғалысқа қалыс қалып, қозғалыстарды қайталай бастайды. Мысалы, адам қолын көтереді, бір секунд кідіріс болады, содан соң екінші қолын көтереді, айна алдыңғы қозғалысты жасайды, яғни, бір қадамға қалыс жүреді. 2-3 минуттан кейін саптар рольдерімен алмасады.




е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. 
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық. 

Тыныштық сәтін ұйымдастыру . 


«Қатып қалу»жаттығуы.

Шарты:Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың»мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады «тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескеретін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс.Сәтті жұмыстың белгілері- «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады.Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді, бұл әрекет ары қарай жалғаса береді.



ІV. Қорытынды бөлім. 

а) «Жүйрік ой» жаттығуы 

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 

- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 

Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз. 

б) «Қайта байланыс» жаттығуы 

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 

- Тренингте ең бірінші не ұнады? 

- Не ұнаған жоқ? 

- Өзің жаңадан не білдің? 

б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау. 
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.







Хатама

Әдістеменің атауы: «Мен және менің тобым»

Топтық-психологиялық тренинг



Өткізілген уақыты: 11.10.2017 жыл



Зерттелген топ: 10-11 кластар



Әдістеменің мақсаты: Тренингке қатысушыларды бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. 

Көрнекілік құралдар: А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер,қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, доп, жіп. 



Қорытынды: Топ топ тренингке ат салысып белсене қатысты. Алғашында өз ойларын ашық айта алмағандықтары байқалды. Кейін «Автопортрет» жаттығуы және «Мен басқаның көзімен» жаттығуын жүргізгеннен кейін тренингке қатысушылар біршама белсендірек танытты,алайда топ студенттері бір-бірінің пікірімен санаспайтындығы «Қисық айна» ойынымен «Қатып қалу» ойыны кезінде қатысушылардың барлығы топ алдына кезекпен шығып ойын шартын орташа деңгейде орындап шықты, ал «Өрмекші торы» жаттығуы топтың қаншалықты ұйымшыл екендігін анықтауға мүмкіндік беретін жаттығулардың бірі. Бұл жаттығуды орындау кезінде топтың ұйымшылдығы төмен екендігі белгілі болды,сонымен қатар топ ішінде студенттер өзара бөлінетіндігі де байқалды.

Ұсыныс: Топ жетекшісі,сонымен қатар колледж психологі топтың ұйымшыл әрі, ауызбіршілікте болуы үшін әр түрлі көңіл күйді жақсартуға арналған және топпен жүргізілетін арнайы топтық тренинг,ойындарды жиі өткізіп тұруы керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!