Мен және қоршаған орта.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен және қоршаған орта.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Мен және қоршаған орта. Мақсаты: білімділік – оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;
дамытушылық – туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
тәрбиелік – табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, бейнетаспа.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз табиғат жайлы болмақ.

    Табиғат адам үшін жаралыпты,

     Бар қызық табиғаттан таралыпты.

     Адам мен табиғат егіз.

    Табиғат — асыраушың, қамқоршың

Табиғат айналамыздағы қоршаған орта. Табиғат адамзаттың қайнар көзі.
Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат - айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат - адам тәрбиешісі.
Экология организм мен қоршаған орта арасындағы байланысты, қарым - қатынасты зерттейтін ғылым. Біздің Отанымыз - Қазақстан дүние жүзіндегі табиғат байлығы мен мол елдердің бірі. Қазақстанның байлығын ысырап етпей, ластамай, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану керек. Табиғатты қорғау әрбір азаматтың борышы.

Ал балалар енді көзімізді жұмып, табиғатқа серуенге шығайық.

Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

 

  Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!



Шаттық шеңбері

Қуан шаттан, Қуан шаттан. Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң Қайырлы күн. Күліп шықты күн бүгін


Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың қайырымды Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарыт бар әлемді жарылқа!

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды сайыс сабағы етіп, оқушыларды екі топқа бөлдім.

1-ші топ «Күн»

2-ші топ «Аспан»

Мұғалім: Сабағымыз 6 бөлімнен тұрады.

1 бөлім. Шешендік өнер. (Сұрақ -жауап)


2 бөлім. Бәйге сайысы. (Әр топ өз көріністерін көрсетеді)


3 бөлім. Тіл өнері. (Әр топ оқушыларының тақпақтарын тыңдап, мәнерлеп айтуларына мән беру.)

4 бөлім. Сөз өнері (Екі топқа сұрақ )


5 бөлім. Ой шұңқыры.(Мақал - мәтел)


6 бөлім. Ойлан тап (Жеті жұмбақ.)

Мұғалім: Оқушылар табиғат екіге бөлінеді.Ол тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғатқа нелер жатады?

Өлі табиғатқа нелер жатады?

Жарайсыңдар балалар.

1-ші бөлім.Мұғалім: 1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң...

Жауабы. Егер мен ақын болсам, елімнің  орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.

 2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң...

Жауабы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суреттеп көрсетер едім.

3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Ағашты кеспе, орманды өртеме, шөпті таптама.

4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.

5-сұрақ. Жануарларға -құстарға  байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы: Аққуды атпа, малды теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.

6-сұрақ: Егер сен әкім болсаң?

Жауабы: Егер мен әкім болсам, ауылымыздың гүлдеп, жайнауына үлкен үлесімімді қосар едім.

Мұғалім:Оқушылар бұл сұрақтарға сендер дайындала тұрыңдар. Ал Умбетияр Саят оқушымыздың орындауында «Ауылым ақ бесігім» атты әнін тыңдайық.

Жарайсыңдар балалар.

Мұғалім : Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
2-ші бөлім. Мұғалім:Ал енді оқушыларымыздың көрінісін тамашалайық.

Жарайсыңдар оқушылар.

Мұғалім: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

3-ші бөлім.Мұғалім:Ал енді «табиғат» туралы оқушыларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Холбой Бекзат:
Гүлдер, гүлдер көктесін
Көбелектер көп келсін
Ақ қанатты көбелек
Бақшамыздан кетпесін

Тогаева Шукрия: Табиғат та әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
Холова Мавзуна: Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айында.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр бойында.
Сагидуло Алтынбек:
Көше бойы аралас
Қаптап өскен қарағаш
Жемісі жоқ болса да
Саясы көк дара ағаш.
Мақсұмхан Еділби:
Табиғат, табиғат,
Тамаша ғой табиғат
Табиғатта ойнаймыз
Гүлдей өсіп жайнаймыз









II-топ
Жумахул Еркебұлан: 2030 - дың барысының
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді гүлдендіреміз
Алға қойған негізгі парызымыз.
Еркебұлан: Көтеріңкі ырғақпен:
Табиғаттың панасымыз -
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасымыз -
Біздің мына өзіміз.
Умбетияр Саят: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір - бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Табиғаттың құшағы кең шуақты
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты
Күйіп - пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты
Давлетбай Меруерт: Табиғат қызығам сенің суретіне,
Бас ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.

Есекенов Бекзад:
Табиғатты аялаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүлдерді жұлмаймыз
Айналаны ластамаймыз.
Біз табиғатты сүйеміз.

Мұғалім: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың. Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
Ал енді Тогаева Шукрия оқушымыздың орындауында «Көбелек» әнін тамашалаңыздар.

4-ші бөлім. Мұғалім: Екі топқа екі сұрақ қоямын, ал ол сұраққа ойланып, отыра тұрыңдар.

1.Сұрақ. (Екі топқа қойылады.)
-Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?


(1-ші топ жауап береді.)
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.


(2-ші топ жауап береді.)
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

Мұғалім:
- Иә, табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

2.Сұрақ. (Екі топқа қойылады.)
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?


(1-ші топ жауап береді.)
- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
Мұғалім:Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегенің тамырлы табиғат» деген. Ал сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді. Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып,  тәбиелеген. Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.


5-ші бөлім.Мұғалім: Оқушылар мына сендердің ай мен күндеріңнің артында соңы аяқталмаған мақал-мәтелдер бар. Осы мақалдарды аяқтап, мәнерлеп айтуларың керек.
I-топ «Ай»

1.«Ер- елдің  көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

2.«Бір тал кессен, он тал ек»

3.«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

4.«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

5.«Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.»

6.«Кетпен шауып өлгем жоқ,

Кемтаршылық көргем жоқ.»

7.«Жер өмірдің бесігі,

Еңбек ердің бесігі.»

8.«Халық қазы,

Еңбек таразы.»

9.«Қалған іске – қар жауар.»

10.«Сөзі аздың, Ісі саз.»

11.»Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.»

12. «Еңбекпен ер өседі,

Егізден төл өседі.»

13. «Көңілсіз жұмыс-өнімсіз.»

14. «Еркін еңбек – баршаны жеңбек.»

15. «Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.»

16. «Еңбегіңе қарай табысы,

Ерлігіне қарай намысы.»

17.»Еңбегің сыйлы болса, Ішің майлы болар.»

18.Еңбегіңе қарай құрмет, Жасына қарай ізет.

II-топ «Күн»

1.«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

2.«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

3.«Бұлақ көрсең, көзін аш»

4.«Жылап жүріп арық қазсаң,

  Күліп жүріп су ішерсің»

5.»Еңбегің сыйлы болса, Ішің майлы болар.»

6..Еңбегіңе қарай құрмет, Жасына қарай ізет.

7.Еңбек ырыстың бұлағы, Еңбек бақыттың шырағы.

8.Еңбекпен бақыт егіз.

9.Қолы қимылдағанның Аузы қимылдар.

10.Еңбек өмірді ұзартады, Ұят бетті қызартады.

11.Қыстың қамын – жаз ойла.

12.Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

13.Жері байдың – елі бай.

14. Бірлік болмай – тірлік болмас.

15. Отан үшін отқа түссең – күймейсің.

16.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.

17.Еңбектің - наны тәтті, жалқаудың - жаны тәтті.

18.Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі.

Мұғалім:  Бұлақтай мөлдір таза болыңдар!    Жұлдыздарыңың жарық болсын!   Айларың оңдарынан тусын!   Қөңілдерің көлдей шалқысын!    Гүлдей жайнай беріңдер! Таудай талапты болыңдар! Қызғалдақтай құлпыра беріңдер!

6-бөлім. Мұғалім: Жұмбақ жасырады.

1-ші топ.

Судан шеге қатырдым. (Сүңгi)


Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
(Мұз)


Қоймасын қыс ақтарып,
Жердi жапты ақ мамық.
(Қар)


2-ші топ.

Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi.
(Кемпiрқосақ)


Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн.
(Ауа)


Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.
(Ай)

Мұғалім: Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру – парыз


Мұғалім: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
«Таза болса, табиғат- аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі