Сабақтың
тақырыбы: «Мен және
ұстаз»
«Курчатов қаласының №1 жалпы
білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара
Сагындыковна
Мақсаты: Мектеп мұғалімдері мен
оқушыларының арасындағы қарым-қатынасты
анықтау.
1
Тапсырма.
Сенің ұстазыңмен
қарым-қатынасың қандай?
А) жақсы Ә) керек кезде ғана
араласамын, кейде мені мүлде елемейді
Б) келіспей қалатын кездер
болады
2
тапсырма
А.
Өзіңе қатты ұнайтын екі
ұстазды таңда және сол ұстаздардың саған ұнайтын бес қасиеттерін
(нег ұнайды? ) жазып бер. Ұстаздың аты-жөнін қысқартып алуға
болады.
Мынандай кестеге
толтыр:
Бірінші
ұстаздың
аты –
жөні
|
Екінші
ұстаздың
аты
–жөні
|
5
қасиеті
1
2
3
4
5
|
5қасиеті
1
2
3
4
5
|
Б.
Өзіңе ұнамайтын екі ұстазды
таңда және өзіңе ұнамайтын бес қасиетін жазып бер. Ұстаздың
аты-жөнін қысқартып алуға болады.
Мынандай кестеге
толтыр:
Бірінші
ұстаздың
аты –
жөні
|
Екінші
ұстаздың
аты
–жөні
|
5
қасиеті
1
2
3
4
5
|
5
қасиеті
1
2
3
4
5
|
3
тапсырма
Ұстаздарыңды қай топқа
жатқызасың, тізіп көрсет. Ұстаздарыңның аты-жөнін қысқартып алуға
болады.
-
Оқушылармен тез араласады.
Айтқаны түсінікті. Оқушыны қай жағынан болса да
түсінеді.
-
Оқушылармен керек кезде ғана
араласады. Оқушылардың іс-әрекетіне немқұрайлы қарайды. Тек жұмыс
барысында ғана араласады.
-
Оқушылармен мүлде араласпайды,
тек өз міндетімен, жұмысымен әлек.
1-жаттығу «Тілек
суреттейміз» (9-10 минут)
Барлық қатысушыларға қағаз
және фломастерлер ұсынылады. Қатысушылар өз сынып жетекшілерінің
атын жазады. Енді әрқайсысы қағаз иесіне тілегін жазып немесе сурет
салып береді. Осылайша, сынып жетекшілеріне гүл жасап шығасыздар.
Өз ойын айтам деушілерге сөз беріледі.
Сабақтың
тақырыбы: Іскерлік ойын «Мен және
ұстаз»
Мақсаты: Оқушылардың сынып жетекшімен
қарым-қатынасын анықтай отырып, сынып жетекшіге мінездеме
беру.
Оқыту мен тәрбиелік
міндеттер:
Оқушылардың сынып жетекшісімен
қарым-қатынастарын нығайту;
Жағымды сезімді
қалыптастыру;
Өз ойын ортаға еркін жеткізуге
бағыттау.
Сабақ
түрі: іскерлік ойын,
әңгіме.
Психологиялық
әдіс-тәсілдер:
Бақылау, сұрақ-жауап,
психогимнатика жаттығуы.
Көрнекіліктер:
Тест сұрақтары, Суреттік тест
тапсырмалары. түрлі-түсті қаламдар
Сабақ
барысы.
1.
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабақ
нормалары мен күтілетін нәтижені еске түсіру. (бір оқушы дауыстап
оқып шығады)
2.Сәлемдесу.
Метафора «Көбелек» (3-4
минут)
Бір ауылда дана адам өмір
сүріпті. Адамдар оған кеңес алуға келіп тұрыпты. Бірде ауылда
қатыгез қызғаншақ адам пайда болыпты. Ол дананың шын мәнінде ақылды
емес екендігін дәлелдегісі келеді. Қызғаншақ: «Көбелек ұстап алып,
оны екі алақанының арасында ұстап тұрып, данаға көбелектің тірі ме,
әлде өлі ме екендігін айтуды талап етеді. Егер дана тірі десе, мен
оны қысып қаламын, сонда дананың айтқаны қате болады. Егер дана өлі
десе, мен көбелекті қыспай жіберемін. Дана тағы да қателеседі», -
деп ойлайды.
Қызғаншақ бір топ адамды жинап
алып дананың үйіне келеді. Дана оларға қарсы
шығады.
Қызғаншақ: «Айтшы, менің
қолымдағы көбелек тірі ме, әлде өлі ме?»- деп айқай
салады.
Дана біраз үндеместен кейін:
«Бәрі сенің қолыңда»,- деп жауап берді.
Талқылау.
2-жаттығу «Көруші қол» (4-5
минут)
«Теңселу», «жұмсару», жағдай
туғызу, қатысушылардың қарым-қатынастары мен мінезіндегі ұстанымға
ерекше ықылас білдіру, сананың өзіне назар аударуына жағдай туғызу,
өзін-өзі тексеру, жеке бас рөлдік репертуарды кеңейту жолдарын
іздеу және меңгеру. Қатысушылардың біреуі көзін жұмып, амандасу
үшін қолын алдына қояды. Топтын қалған мүшелері бір – бірден оған
жақындайды және өзінің қол қысуын ерекшелетпейтіндей етіп қолынан
алып үнсіз амандасады. Амандасуды соқыр тәуекелмен қабылдаған
қатысушы өз ішкі түйсіктеріне, сезімдеріне, тіпті қыңырлығына
байланысты, яғни эмоционалды түрде, амандасушыларды үш топқа
бөледі: ата-ана - ересек адам - бала. Көзін ашқанда қатысушы өзін
топта қалай қабылдайтының байқайды. Егер «Ата-ана» тобының саны көп
болса, онда қатысушы өзін «Бала» деп сезінеді немесе керісінше.
«Ересек адам»- көзқарастар теңдігі.
3-жаттығу «Бүршік жарған
гүл» (4-5 минут)
Мақсаты: Серіктестік
іс-әрекетің белсендіру, жағымды көңіл-күйді
туғызу.
Топ қол ұстасып шеңберге
тұрады. Қолдарын жібермей «Гүл» мүсінін құру керек (қол ұстап артқа
қарай шалқалау және жел самалы түрінде шайқалудың сонында мықтылар,
қорғалғандар мен әлсіздер, үш көзқарастын осал жерлері
талқыланады). Кімнің бірінші немесе екінші топқа жиі түскені
талқыналады.
Психогимнастика: тиісті
кезеңін өткізу.
4-жаттығу. «Әнмен бой
сергіту» (8-9 минут)
Жүргізуші танымал 3-4 ән аты
жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді).
Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп, ыңылдап салады. Ойынның
міндеті өз сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып,
қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы:
Азамат Мұзарттың бір әнін салып тұрса, Хадиша өз әуенін естіп
Азаматпен бір топты құрайды.
Рефлексия:Өткен сабақтан алған әсерімен
бөлісу. (8-9 минут)