«Мен жаңашыл-педагог»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен жаңашыл-педагог»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен жаңашыл-педагог»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Темір қаласы «С.Байшев атындағы ЖОББМ»

КММ-нің информатика пәні мұғалімі

Бисембина Светлана Аманбековна



МАҚАЛА

«Мен жаңашыл-педагог»

Тәрбиеші – ол, баланың өмір жолында кездестіретін екінші анасы. Оның жан дүниесі әрдайым бала болып кала береді. Олай болмаған жағдайда, балалар оны өз әлеміне өткізбейді. Біздің мамандығымыздың басты талабы – балаларды кез-келген жағдайда да жандүниеңмен жақсы көру. Мен үшін, тәрбиеші болу – әр қашан, қиял-ғажайыпқа толы балалар әлемінде болуға үлкен мүмкіндік. Әсіресе тәрбиеші мамандығының мәнін, әр сөзің мен іс-қимыл әрекеттеріңді, жәудіреген мөлдір көздерімен қарай отырып өздерін ересектер әлеміне паш еткізуі кезінде, ерекше байқалады. Осындай балапандардың мөлдір көздеріне қарап, сен олар үшін ерекше бір әлем екеніңді және олардың келешектегі қалыптасар мінез-құлқының негізін сен қалайтыныңды түсіне отырып оларға бар сүйіспеншілігің мен жан жылуыңды бересің.

Тәрбиешінің мақсаты: Әр баланың болмысы мен туа біткен қасиетін айқындау және дамыту. Осы бір қасиетті байқап уақытында ашу. Сондай-ақ, онын, ашылмай жатып өшіп қалмауына жол бермеу, тәрбиешінің ерекше дарыны болып табылады.

Заманауи тәрбиешінің міндеті: өз нәтижелерін болжай алатын, дербестігі дамытатын және ортаға ой тастай білетін көпшіл, онерлі де, тапқыр тұлға калыптастыру. Әр баланын жеке мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

Нагыз педагогты барша кезеңде де, қоғамның өзге мүшелерінен ерекшелендіріп тұратын жандүние мейірімі мен моралдық тазалығы. Ешқандай мамандықта мұндай қатаң талаптар қойылмайды. Сондықтанда, тәрбиеші – ол үлгі. Ал, тәрбиеші болу – қажымай еңбек ету. Тіпті кейде, жеке өмірді де ұмыту керек болады. Сондықтан, осындай қажырлы еңбектің жемісі, әлеуметтік өмірге қалыптаса білген балалардың алғысы.

Тәрбиеші бола жүріп, санама түйгенім, менің жұмысымдағы басты нәрсе «жайлап өшу емес, жалындап жану» олай болмаған жағдайда, бала бақшада қызмет қылмағаның абзал.

Ізденпаздық пен ортаға ой сала білу және өнер тапқыштық, менің, педагогтық дара жолымда, ажырамас серігім болып табылады. Ескірген стереотиптен арылу, барымды салып еңбектену, білімімді жаңартып толықтырып отыруды заман талабы деп білемін және осы талаптарға сай болуға ұмтыламын.

Тәрбиеші – әрдайым үздік тәжірбиелер мен педагогикалық ғылыми жетістіктерді қолдана жүріп, өз іскерлігін дамытып тұруы керек. Тек алға ұмтылып, жаңа технологиялар мен дәстүрлі емес әдістерді меңгере отырып, халық ауыз әдеби шығармаларын да ұмытпағанымыз жөн. Қазіргі заман балаларының қоршаған ортаны тануды көмектесуге, танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін, тәрбиешіге білімім мен шеберлігін түрлендіріп отыруы тиіс. Технология қарқынды дамып жатқан қазіргі біздің заманда, педагог заман талабына сай сөзсіз техникалық құралдарды меңгере білуі керек.

Заманауи тәрбиеші – тәлімгер, дос, психолог және әртіс қасиеттері бір өзінің бойынан табылған адам. Тәрбиеші күні бойына бірнеше образға кіреді. Неғұрлым шынайы көрінсе, еңбегінің соғұрлым нәтижелі болары анық. Баланың шығармашылық әлеуіті, тәрбиешінің шығармашылық әлеуетіне байланысты. Сол себепті, баланың шығармашылық қиялының дамуына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Заманауи тәрбиеші – ол, соңғы заманауи әдістемелерді қолдана отыры салауатты өмір салтына жетелеуші, өз ісінің маманы болып табылатын шығармашылық адам. Тәрбиеші – ол Отан сүйгіш адам. Отаны оған өзінің асыл қазынасы – ел келешегін сеніп тапсырады. Тәрбиеші үшін шыдамдық пен мейірімділік аса қажет қасиеттердің бірі, себебі, тәрбиеші балалармен бірге ата-аналармен де тығыз байланыста болады. Тәрбиеші, педагогика туралы жеке танымына қарамастан, пікірлері сәйкеспесе де ата-аналарды сыйлай білуі керек.

Менің пікірімше, қазіргі заман жаңашыл-педагог – ғылыми-теориялық терең ілімімен, технологиялық сауаттылығымен, пікір айырбас ортада жанжақтылығымен жаңа әдістемелік қалыптарды жандандыра түседі.

Кәсіби мүмкіндіктерін дамыту – ол, педагогтың шығармашылық тұлғасын қалыптастыра отырып жаңадан пайда болып жатқан педогогикалық инновацияларды қабылдау мен жүйелей білуге дайындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2024
245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі