400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Мен жастарға сенемін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан-ұлы ақын. Мағжан-лирик, сыршыл ақын. Ұлылығы сонда, Мұхтар Әуезовтің Мағжан туралы мынадай тамаша сөзін айтпай кетсем, ақынға қиянат жасағаным болар. «Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып артқы күнге анық қалатын сөз – Мағжанның сөзі». «Ғалымның хаты өлмейді. Батырдың аты өлмейді» - дейді халық. Мағжанның жастарға, келешекте қалдырған рухани байлығы қайнар көзі – асыл мұра.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН


Бақов Ерзат Мақсатұлы, 5 сынып оқушысы

47 орта мектеп, Тараз қаласы

Жетекшісі: Алипбаева Салтанат Нурахановна


Мен, Бақов Ерзат Мақсатұлы Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің 5 сынып оқушысымын. Әрине, бұл облыстық байқау 9-11 сынып оқушыларына арналғанын білемін. Солай бола тұра, «Мен жастың қатарында емеспін бе?» деген сұрақ көкейімде тұр. Мұнда жас ерекшелік емес, адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті, түптеп келгенде ішкі жан дүниесі негізгі рөл атқарады деп ойлаймын. Неліктен байқау тақырыбы «Мен жастарға сенемін» деп алынды, неге ол біздерге де берілмеді, неге, неге... туралы көп ойландым. Соған қарамастан, тақырып аумағында түрлі материалдарды интернет желісінде қарастырдым, әдеби шығармалармен таныстым, оны ой елегінен өткіздім. Бұған керегі не деп те ойларсыздар, тақырып мені қатты толғандырды. Сол кезде Мағжан Жұмабайұлының «Мен жастарға сенемін» өлеңімен алғаш таныстым. Иә, бұл тақырып ұлтжандылықтың ұраны екеніне әбден көзім жетті. «Мен жастарға сенемін» өлеңі атүсті оқып жаба салатын, жай қабылдайтын дүние емес екен, бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытып, халықты сүюге, ел үшін бар күш-жігерін жұмсайтын, біз секілді жас буындар тобын қалыптастыруға ықпал ететін тағылым көзі болып шықты.

Өлеңнің мазмұны... Иә, ақынға тоқталмай тұрып өлеңді талдап кеткенім дұрыс болмас. Мағжан-ұлы ақын. Мағжан-лирик, сыршыл ақын. Ұлылығы сонда, Мұхтар Әуезовтің Мағжан туралы мынадай тамаша сөзін айтпай кетсем, ақынға қиянат жасағаным болар. «Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып артқы күнге анық қалатын сөз – Мағжанның сөзі». «Ғалымның хаты өлмейді. Батырдың аты өлмейді» - дейді халық. Мағжанның жастарға, келешекте қалдырған рухани байлығы қайнар көзі – асыл мұра. Сөз маржанның шебері өмірден ерте кетсе де артынан өшпес із қалдырған. Ақын қайда болса да, өлеңмен өмір сүрді, тамаша туындылары өмірге келді. Сондай өлеңдердің бірі «Мен жастарға сенемін» өлеңі. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясы ол-қаһармандық рух деп білем. Сөз-қара тастай мелшиген жансыз дене емес, ол әрқашан теңіздей теңселіп, толассыз тебірене дөңбекшіп жатқан ұшы-қиырсыз жанды қимыл, тұтасқан тірі әрекет. Оны түсіну мен дұрыс талдап ұғу үшін де санаңмен саралап, түйсігіңмен топшылау қажет, сондықтан да өлең мазмұнына тереңірек үңілсем, ақынның жастарға, жас қырандар-балапандарға үлкен сенім артуы, болашаққа жол сілтеуі.Оның дәлелі,Мағжан атамыздың мына шумақтарында анық айтылады.

Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты — 
Мен жастарға сенемін! 

Аң тағысы арыстан мен жолбарыстың күш –қуатын, көк аспанда қалықтап ұшқан қыран құстың талмас қанатын біздің бойымыздан көргісі келетінін, көргісі емес-ау, дәл осындай ұрпақтың өсіп-өнетініне сенімі мол болды емес пе? Ал, келесі шумақта:

Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар. 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 

Қазақта «Ақылың болса, арыңды сақта, Ар, ұят керек әр уақытта»-деп бекерге айтылмаса керек. Ар, ұят, намыс-бұның бәрі-тек қазаққа ғана тән қасиет деп білем. Осы орайда:

Найзағай намыс-қазаққа біткен шамшырақ!

Алашқа біткен тамшы бақ!

Намысың тірі тұрғанда

Бұйым болып па,

Басыңа түскен сан сынақ!-дәл айтқан, дәл емес-ау, дөп айтқан.

Мен жастарға сенемін, иә Мағжан жастарға еш шүбәсіз сенді. «Жаным, арымның садағасы» деп Отаны үшін отқа түскен жандар қаншама?! Оның айғағы желтоқсан оқиғасы. Қайрат, Ләззат сынды айбынды, қайратты, басқа түскен сынға төзіп, елім, жерім, тілім мен ділім деп жандарын құрбан еткен ағаларымыз бен әпкелеріміз. Олар да сенімді ақтады. Ендігі кезек біздікі.

Жас қырандар — балапан, 
Жайып қанат, ұмтылған. 
Көздегені көк аспан, 
Мен жастарға сенемін! 

Бұл-ақынның аманаты. Өлеңді оқи отырып, бойыма рух, жаныма жігер ұялады. Аманатқа қиянат жүрмейді дейді, сондықтан біз, жас ұрпақ жеткіншектер Мағжан ағамыздың сенімін толық ақтап отырмыз ба? Ал, сенімділік, сенім арту дегеніміз не? Оны қалай түсмінеміз? «Біз қай жолмен жүреміз, қайда барамыз, қалай ел боламыз, өз мемлекетіңді құру үшін сен, мен не істедік?» деген сұрақ күн сайын алдымыздан шығады. Сенім — адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім — адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті. Іс-әрекет? Ол қандай іс-әрекет? Әрбір қазақ жасы желпініп, жеңді түріп, Мағжан атамыздың «Мен жастарға сенемін» ұранын ту етіп ұстап тірлік қылуы керек. Уақыт бізге ұлы мүмкіндіктерді ұсынып тұр. Бізде Елбасы бар. Жүгінерлік Ата Заңымыз бар. Ең бастысы – Мемлекет біздікі! Ел, жер біздікі! Тізгін өз қолымызда. Қазіргі Қазақстан - әлем таныған егеменді ел. Сол елдің ертеңі болар ұрпақтың бірі – менмін. Менің болашақтағы мақсатым – ғасырдан- ғасырға жалғасып келе жатқан бабалар аманатын, туған жерімді көзімнің қарашығындай сақтау, жоғары білімді маман иесі болып, елімді әлемдік өркениет өрінің терезесімен теңестіру, Қазақстан мемлекетін, Отанымызды жаңа үлгідегі жаңашыл саясатпен өркениетті елдердің қатарына қосу, өркендеген мемлекеттер шыңынан көріну. Осындай елдігімізді күшейтіп, елімізді дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болсын десек, жаңа ғасырға сай біліммен қаруланайық. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан менің өмірдегі ұстанымым Назым Хикметтің: «Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, біз жанбасақ лапылдап, аспан қалай ашылмақ». Мағжан атамның сенімін ақтауға әрдайм дайынмын. Ол үшін тек қана «Алға!» ұмтылу керек.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі