Материалдар / “Мен журналист болсам” 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Мен журналист болсам” 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім таңдаған Журналистика мамандығы жайлы жазған мақала.
Авторы:
19 Қаңтар 2024
108
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен журналист болсам...
Қазіргі таңда өзімнің болашақ мамандығым ретінде “Журналистика”
мамадығын таңдаудамын. Өзім бұл мамандықты аса көп уақыт жағымды
жақтары мен жағымсыз жақтарын зерттемеген едім. Бірақ, бұл мамандық
маған өте қызық әрі ерекше көрінді. Ерекшеліктерінен маған ұнағаны:
журналистика ғылым ретінде-әлеуметтік процестердің өзгеруіне әсерін
тигізетін көркем, мәдени, тарихи және басқа да салалар жүйесін құрайтын
мамандық.
Менің ойымша журналистика саласында жұмыс істеп жатқан
тұлағалар, өзінің ақпаратын максималды түрде дұрыс екенін дәлелдей
алатындардың қатарында жатады. Сол себептен, журналистика мамандары
өз мамандығындағы проблемаларды нақты атап, шеше алады.
Жеке өзім қазіргі таңдағы журналистика мамандығындағы
проблемаларды айта кетсем, көбін жеткізе алмаймын. Себебі, өзім ол
салада әлі жұмыс істеп көрмедім және ол сала іштей қалай құрылғанын
білмеймін. Бірақ сырттай байқаған проблемалар бар.
Журналистика-бұл шығармашылық мамандық, бұл мамандықта сіз адал
және бейтарап бола отырып, өзіңіздің қабілеттеріңіз бен армандарыңызды
толықтай жүзеге асыра аласыз. Журналистикада жаңалықты жариялау,
елдер жайлы жазу үшін, адамдардан сұқбат алу үщін, жаңа ғылыми
жаңалықтар туралы жазу үшін, журналисттерге әрдайым ізденіп, кітаптар
оқып жүру қажет.
Ал проблемаларын жіктеуге келсек, журналистика саласы мүлдем оңай
емес. Журналисттер әрдайым жаңалықтарды жариялап қоймай, ол
жаңалықтарды жеке өзі жазып, кебір жағдайда өзі түсіреді. Одан қоса,
үлкен жауапкершілік. Өз мақалаң арқылы, тіпті объективті түрде
жазылған болса да, журналист аудиторияға қатты әсер етеді. Имиджді
бұзбау және аудиторияның сеніміне нұқсан келтірмеу үшін дереккөзді екі
рет тексеру маңызды. Ғаламдық мәселерді талқылау барысында, дұрыс
бұрысын бөле біліп, өз ойынды оқырмандарға нақты жеткізу қажет.
Бір оқырманға сіздің жариялаған жаңалығыңыз ұнамай қалып немесе
кебір факттерді жеке өзіне айтылғандай қабылдап қалған жағадайда,
журналистке ол оқырман қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, журналист
әрдайым өз өміріне деген қауіппен өмір сүреді.
Бұл проблемаларды бірнешеуін шешуге болады. Мысалға жаңалықты
өзі жүргізіп, оны өзі жазып және түсіретін журналисттерге жәніне

қосымша көмекші беруге болатын еді. Ал журналисттерге көрермендерден
қауіп төну жайлы арнай заң шығару қажет деп ойлаймын. Себебі, айта
кеткендей журналисттердің жеке өмірін бұзатын, қауіп төндіретін адамдар
көп.
Дегенменде, журналистика мамандығы жан-жақты. Ол қызықты және
танымал адамдармен танысуға, алғашқылардың бірі болып жаңа
ақпаратты білуге және оны басқалармен бөлісуге, оқиғалар туралы әртүрлі
көзқарастарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сол себептенде мен журналист
маманы болар едім!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!