Материалдар / "Мен кіммін?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен кіммін?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бейнемді қалыптастыруға жетелейтін өзіндік қабылдаудың нақты амалдары әр алуан болады.Өзіндік саналылық арқылы Менің бейнемді қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
1637
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп

Алибекова Сапура Низанкызы

Педагог-психолог

Сабақтың тақырыбы: Мен кіммін?

Сабақтың мақсаты:Баланың өзін-өзі бағалай білуін дамыту.Менің бейнемді қалыптастыруға жетелейтін өзіндік қабылдаудың нақты амалдары әр алуан болады.Өзіндік саналылық арқылы Менің бейнемді қалыптастыру.

Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің қадір-қасиеті сезімі туралы түсінікті, өз іс-әрекетін, қылықтарын бағалай білуді, өзінің жеке ерекшелектерінді ажыратуда өзіндік дербестік дағдылары.

Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың түрлері: «Амандасу-қоштасу», А.О. Прохоров және Г.Н. Геттинг методикасы бойынша «Менің көңіл күйім» түсті суретті тест, әңгімелесу.

Дидактикалық ойындар: «Пиктограмма», «Менің портретім».

Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Кім екенін таны».

Жағдайлар: «Сені үзіліс кезінде абайсыз итеріп кетті және сен оқулықта түсіріп алдын...», «Сен сабақты оқымай келдің, ал сенен бүгін сабақ сұрау керек...» және т.б. Талдау, талқылау.


1-жаттығу.Танысу «Мен кіммін?»

Мен кіммін ? деген сұраққа жауап беру. Бәрімізде адам болғандықтан,есім беріледі.Есімді қоярда бізден ешкім саған есім ұнай ма деп сұрақ қоймайды.Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатадыКөзіңді жұмып ұнататыныңды саусақпен көрсет.1 саусақ мүлдем ұнатпау,екі саусақпен ұнатпау,үш саусақ қалыпты,төрт саусақпен ұнатамын..Өзіңе ата-анаң қойған есім ұнай ма?

Мүмкін сен оны жазу күйінде немесе ап беру.

Өз есіміңді елестет.Мүмкін сеноны жазу күйінде немесе сурет түрінде көретін шығарсың.Ол қандай үлкен бе?Кіші ме?Оның түсі қандай?Ашық па әлде қою ма?Дыбысын естисің бе?

Қорытынды:өз есіміңді ұнату арқылы өзіңді бағала.

«Мен бейнесі» теория. «Менің бейнем»

Кей кезде адамның қабылдау көзі-өз денесі,өз қабілеті,оның әлеуметтік қатынасы және тағы басқа ерекше құбылыстар болады.Менің бейнемді қалыптастыруға жетелейтін өзіндік қабылдаудың нақты амалдары әр алуан болады.Адам өз-өзін сипаттауда сын есімдерге жүгінеді,олар: «сенімді», «ашық», «әлді», «әдемі»,т.б. бұл сөздер абстрактілі мінездеме болып саналады,олардың нақты жағдайларға қатысы жоқ,яғни адамның өзін,әрекетін,қылығын суреттейтін сөздер бұл өзіндік қабылдауында қалыптасты.Өзіндік саналылық арқылы адамда «Менің бейнем» қалыптасады.

«Мен кіммін?» жаттығуы

«Мен кіммін,мен қалай жетістікке жетемін?» деген сұрақтарға жауап аламын.

Ә) «Болашақта «Мен» жаттығуы

Енді болашақта мен-бейнесі.Болашақта өзіңнің қандай болғаныңды қалайсың?

Талқылау:

-Қаншалықты адам өзін жақсы біледі;

Мультфильм«Тоқты мен бұғы»

1.Өмірдегі жеңілістермен қалай күресу керек?

2.Тоқты Бұғыға кездескенде дейін қандай күйде болды?

3.Бұғы қандай кеңес берді?

4.Өмірде адамға жетістікке жету үшін қандай қасиеттер қажет?

Қорытынды:өзіңдегі бар нәрсені бағалай білу,достарына сену,өмірде бәрі жақсы болатынына сеніп,әрқашан үмітті үзбеу.

Қорытындылау.


































Бекітемін : Н.Бердиев Мерзімі 11.09.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Мен қандаймын?

Білім, икемділіктер, дағдылар: өзін туралы елестетуді жетілдіруді жалғасытру, ынта көрсете отырып, әр түрлі жағдайлардан аброймен шығу, шығармашылық, дербестік.

Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Өзіңнің жұбыңды тап», «Айдаһар өзіңнің құйрығын тістеп жатыр».

Ойын: «Мақтаншақтар сайысы».

Жаттығу: «Мен өте жақсымын», «Сен өте жақсысын».

Жағдайлар: «Қарт әже», «Соқыр атаны жолдан өткізу» және т.б.

«Мен қандаймын»

Әдістеме барысы:

Ең алдымен зерттеуді бастамас үшін,баланың ықылас ниетінің деңгейін,көңіл күйінің болуын анықтаймын.

10жағымды қасиетін оқи отырып,баланың өзін-өзі қалай қабылдапбағалайтынын анықтаймын.

Нәтиженің бағасы:

«Ия» деген жаупқа 1 ұпай,ал «жоқ» деген ұпай 0 ұпай.Ал «білмеймін» немесе «кейде» 0,5 ұпаймен бағаланады.

.Мысалы. Осы жылы қандай сенің өміріңе бәрінен де не әсер етті? «Саған қашан оқыған ұнайды?», «Сенің дос болғың келген басқа адамдар қандай болуы керек?», «Үлкендермен қалай және қайсысымен араласқан қызығырақ және жеңілірек?».

Құралдар Балаға «Мен қандаймын?» анкетасының бір данасы

«Мен қандаймын?» анкетасы.


  1. Менің атым …..

2. Менің жасым ……

  1. менің көзім …..

  2. менің шашым ……

  3. мен тұратын көше ……

  4. менің сүікті тағамым ……

  5. менің сүйікті түсім …….

  6. Менің сүйікті жануарым …..

  7. Менің сүйікті кітабым …..

  8. Менің сүйікті теледидар хабарым ….

  9. Менің көрген ең тамаша фильмім ….

  10. Мен өзімнің ….. жақсы көремін.

  11. Менің сүйікті ойынынм ……

  12. Менің ең жақын досымның аты …..

  13. Менің барғым келген ел ….

  14. Мен бәрінене де …… жақсы істеймін.

  15. Менің ағаларымның және әкпелерімнің аты …….

  16. Менің ең негізгі мақсатым …..

Нұсқау: қазір мен тарататын акетаны толтыруды сұранамын

Жаттығуды талдау

10 ұпай-өте жоғары

8-9 ұпай-жоғары

4-7 ұпай-орташа

2-3 ұпай-төмен

    1. ұпай-өте төмен


1.Жақсы;2.Қайырымды;3.Ақылды; 4.Тиянақты;5.Тіл алғыш;6.Ықыласты,зейінді;7.Сыпайы;8.Ақылды,қабілетті;9.Еңбекқор,еңбек құмар;10.Шыншыл




Қорытындылау


































Бекітемін : Н.Бердиев Мерзімі 18.09.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат.

Мақсаты: Баланың «табиғат» құндылығы және «қамқорлық» адами қаситтері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру;

- табиғатқа қамқорлық жасау қарым – қатынасын дамыту;

- табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

Білім, икемділіктер, дағдылар: табиғат және адам бір тұтас ретінде елестетулерді жетілдіру, табиғатпен араласуға және оны жақсы көруге үйрену, сонымен қатар табиғатқа қамқорлықпен қарау дағдыларын тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Компьтер

Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:

Ойын саяхат: «Мен және табиғат».

Конкурс: «Сен табиғатты білесің бе?».

Дидактикалық ойындар: «Тауып көр».

Жаттығулар: «Орман дыбыстарын тыңдаймыз».

Тапсырмалар: «Өзіңнің жақсы көретінт табиғат бөлігінің, жануардың суретін сал» (суреттер вернисажы).

«Бүлдірген» ертегісі

Балақай ертегі тыңдайық:

Күн шығып тұр.Жер бүлдіргені пісті.Маса көріп,шырылдады: «Жер бүлдіргені пісті,қып-қызыл үлпілдек».Масаның сөзін құс естіп орманға жүгірді.Жер бүлдіргенін жегісі келіп тұр.Масаны тышқан естіп,орманға жүгірді.Жер бүлдіргенін жегісі келеді.Масаны құрбақа естіп,ол да орманға жүгірді.Ол да жер бүлдіргенін жегісі келеді.Жылан да масаны естіп,жер бүлдіргенін жегісі келеді.Күнді бұлт жапты.бұлтты маса көріп: «Жаңбыр жауады» дейді.Масаны құс естіп,жапыраққа тығылады.Масаны жылан естіп,інге тығылады.Масаны жылан естіп жер астына тығылады.

Ал жер бүлдіргені болса ,жаңбырға шомылып,ешкім тимегені үшін қуанып,рахаттанады.(Табиғат көрінісі суреттелген плакатқа бүлдірген маңына жиналған ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттерді атап айтқызу,сұрақ-жауап әдісі арқылы бүлдіргенге көмекке келген жаңбыр екенін ұғындыру)

Халықтың даналық сөзін айтқызу:

«Батыр туса ел көгере,

Жаңбыр жауса жер көгерер»





Шаттық шеңбері

Балақай, қазір бір – біріміздің қолымыздан ұстап тұрып, менімен бірге өлең жолдарын қайтала. М.Байсариеваның «Мен де балғын гүлмін»

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім

Қызыл, көкшіл, сары

Әп - әдемі бәрі.

Әңгімелесу

Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.

  • Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесің?

  • Табиғатқа не үшін қамқорлық жасау қажет деп ойлайсың?

  • Балақай табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдің?

- Балақай , біздің жанымызға жомарттық, кеңпейілділік, қиялымызға ұшқырлық, сезімімізге асқақтық, көңілімізге мөлдірлік сыйлап отырған Табиғат – Ана. Оның сұлулығы мен көркемдігін айтып жеткізу мүмкін емес. Ата – бабамыздан бізге жеткен осындай жасыл желекті, ну орманды ғажап жерлерді сақтап, қорғап, аялап, күтіп – баптап кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз.

Мәтінмен жұмыс

Баланың табиғатқа қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. Оқулықта берілген Ә.Табылдиевтың «Атаның өнегесі» атты әңгімені мұғалім айтып береді.

Дәйексөз

Тақтаға жазулы тұрған «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген халық даналығына баланың зейінін аударып , оның мәнін түсіндіремін.

- Жол үстіндегі тасты тазалау, бұлақ көзін ашу, бұлақтың жанына ағаш егу сияқты істер кей адамға қарапайым шаруа болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл – нағыз игілікті іс. Өйткені мұндай істердің басқа адамдарға шарапаты, жақсылығы, пайдасы тиеді. Бұлақ көзін ашу арқылы өсімдіктерге су жіберіледі. Бұлақтан қаншама адам су ішеді. Ал отырғызылған ағаштар орманға айналып, оның көлеңкесімен, таза ауасымен бүкіл халық тынысалады. Мына халық даналығындағы ой - осылай өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа да өшпейтін мұра қалдыр, қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, еккен ағашың, жасыл орманың – құнарың дегені.

.

Жүректен жүрекке

төменде ұсынылғандай өз ойларын айтады.

  • Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені ... (мен табиғатты сүйемін)

  • Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені ... (табиғат менің екінші анам)

  • Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені ... (табиғат сұлулық мекені) т.б.
















Бейне көрініс

- Балақай , өзің айтқандай қазіргі таңда табиғатты қорғаудың ұтымды және негігі жолы – қорықтар салу. Еліміздегі қорықтарға алынған жерлерге ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді. Табиғат байлықтары ерекше бақылауда болады. Сондай қорықтардың бірі – Марқакөл қорығы.

Баланың ой пікірін білу үшін сұрақтар беріледі.

  • Осы қорықтың табиғат сұлулығы сендерге қалай әсер етті?

  • Бұл жердің қорыққа айналуына не себеп болды деп ойлайсың?

Баланың жауаптарын мұғалім түйіндейді.

- Бұл жер табиғатына сәйкес ерекше аймақтың бірі болып табылады. Қорықта 1000 – нан астам өсімдік, құстардың 250 – ге жуық түрі, ал сирек кездесетін жануарлардың сан түрі кездеседі. Мұндай табиғат байлықтарын сақтап қалуда қорықтың орны үлкен.


Тапсырма

Балаға «Өлең жұмбақтардың шешуін тауып, табиғат мезгілдеріне сай қандай қамқорлық жасауға болатынын айтып беріңдер» деген тапсырма ұсынады.

Жұмбақтар Қ.Баянбаев.

Қар кетіп, қыр көгерді, Дала тегіс сарғайды,

Қыс қиқуы көбейді. Шаруа қысқа қамданды.

Жерге дән сеуіп, Күн қысқара бастады,

Қорадан жас төл өрді. Тауға тұңғыш қар жауды.


Күн ысып, су жылынып, Сұлық жатыр ақ дала,

Егін басын тұр иіп. Сирек жортқан аң ғана.

Жеміс тердік бақшадан, Көтеріп бір аяғын,

Жеңімізді түрініп. Қаздарым тұр аулада.

Шешуі: көктем, жаз, күз, қыс.

Балақай А.Сәрсековтың «Туған елдің ұлымын» атты өлеңін оқиды.


Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.



Қорытындылау





























































Бекітемін : Н.Бердиев Мерзімі 25.09.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Менің жанұям

Мақсаты: Баланың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері

- жанұя жарастығы, татулығы туралы түсініктерін қалыптастыру;

- жанұяда жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұядағы өзара қарым-қатынас түсініктерін, ата-анасына, жақындарына сүйіспеншілік және қамқорлық сезімін білдіре білуге, сондай-ақ жанұядағы өзара жағымды қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеуді жетілдіру.

Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:

Тыныштық минуты.

Жаттығулар: «Сыйлық», «Мен саған өзімнің махаббатымды тарту етемін», «Ол сенің көңіліне жылулық әкелсін» немесе бір-біріне басқа да тілектер айту. Талқылау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!