Материалдар / Мен не үйрендім? 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен не үйрендім? 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
2260
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: «Сәулет өнері»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:(№ 2Т еректі орта мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні:Торпақова Е.О

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

61. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;;

-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату:

-үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады,

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Оқушылардың көбі:

- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

-сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады

Оқушылардың кейбірі:

- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;

-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;

алаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көркем шапшаң жазады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сөйлем мүшелері, тұрлаулы мүшелер, бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер, сөйлем мүшелерінің байланысы, жай сөйлем, жалаң және жайылма сөйлемдер. т.б.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Зымыран сұрақтар қою арқылы өткенге шолу

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Бастауыш дегеніміз не?

Баяндауыш дегеніміз не?

Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтайсың?

Жай сөйлем дегеніміз не?

Жалаң және жайылма сөйлемдерді қалай ажыратасың?

Құндылықтарды дарыту

Сұлулықты сезіне білуге баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жай сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлемдер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Психологиялық ахуал

Көршіңді таны

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.

Презентация



Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

5-11 минут






















11-15 минут












15-20 минут


















21-22 минут

23-27 минут








26-32 минут








32-35 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.1.2.1 (МК, Ұ, Қ) Мәтіннің тақырыбы мен сызбаны қолдана отырып мәтіннің мазмұнын болжау.

Тапсырма 1. «Әлемнің жеті кереметі» (Ұлы Қытай қорғаны мен Тәж-Махал) тақырыбында көрсетілген уақыт аралығындағы бейнематериал немесе суреттер көрсетіледі. Бейнематериал немесе суреттер негізінде ассоциация құру. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде танылатын Ұлы Қытай қорғаны мен Тәж-Махал жайлы не білетіндері талқылана отырып, ортақ шешімге келіп, ортақ бір ассоциация құрады. Сызбаны толықтырады. Ассоциация құру барысында тірек сөздер анықталады.

Ассоциативті қатар: Жеті кереметтерінің бірі, сәулет өнері, алып құрылыс, саяхатшылар, мәрмәр, сұлулығына тамсану, миллион, жарқыраған, тәнті болу т.б.

Тапсырма 2. Сызбаға сүйеніп, «Әлемнің жеті кереметтері» туралы әңгімелеу мәтінінің мазмұнын болжау, құрастыру. Мәтіннің жоспарын құру. Мәтінге ат қою.

(МК; Ұ) Түсіндірме сөздік бойынша миллион, мәрмәр сөздерінің мағынасы ашылып, талдау жасалады.

3.3.6.1 (МК; Ө; Қ) «Бірлесіп жазу» стратегиясы бойынша тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, мәтіннің мазмұнын жазу. Өзін-өзі тексеру, бағалау. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көркем шапшаң жазулары қадағаланады.

Бағалау дескрипторы:

-сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер пайдаланып әңгімелеу мәтінін құрады;

-құраған мәтінді каллиграфиялық дағдыларды сақтай отырып жазады.


3.4.2.7 (Ұ; Т; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.

Тапсырма 1. «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

1. Талқыла. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

2. Ажырат. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) мүшелердің түрлерін ажырат.

3. Салыстыр. Тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.

4. Мысал келтір. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.

5. Қолдан. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме құра.

6. Зертте. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелердің ерекшеліктеріне тоқтал.

Жұмыстарын топта таныстырады. «Бағдаршам» әдісімен түстерді көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды.

(Ө) Тапсырма 2. Оқулықтың 116-бетіндегі 2-тапсырманы орындау. Берілген сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдау.

Сергіту сәті!


3.4.2.8 (МК; Ө; Ж; Қ) Жай сөйлемнің түріне ажырату.

Тапсырма 3. Оқулықтың 116-бетіндегі 2-тапсырманы орындау барысында құрастырған жай сөйлемдерді жалаң және жайылма сөйлемдерге бөліп екі бағанға орналастырып жазады. Екі бағандағы сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығын салыстырып, талдау жасайды.


Жалаң сөйлемдер

Жайылма сөйлемдер







3.4.2.7 (Ө; Ұ; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату. «Бас бармақ» әдісімен өзін-өзі бағалау.

Тапсырма 4. Оқушыларға дайын мәтін ұсынылады. Мәтіндегі сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды. Соның негізінде оқулықтың 116-бетіндегі 3-сызбаны толықтырады. Сызбаны түсіндіріп, дәлелдейді.

Мәтін: Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Кесене әлемнің сегізінші кереметіне жатқызылады. Ол мемлекеттік қорғауға алынған.

Тапсырма 5. Оқулықтың 117-бетіндегі 4-тапсырма орындаталады.

Мәтіндегі көп нүктенің орнына тұрлаулы мүшелердің бірін қойып оқиды. Үшінші сөйлемді сызбамен алмастырады. Автордың сөйлем ішінде бастауыштың алатын орны мен маңызын қалай түсіндіргеніне назар аудартылады.

Бағалау дескрипторы.

-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;

-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады.


Слайд 4

Слайд 5










Қосымша №1



Түсіндірме сөздік

2 Дәптермен жұмыс











Сандар реті жазылған қағаздан жасалған куб

Парақтар

Қосымша №2















Оқулық, 116-бет





Оқулық, 116-бет

2 Дәптермен жұмыс

Слайд 7






Оқулық, 116-117 беттер

2 Дәптермен жұмыс

Қосымша №4


Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?


(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.


Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Мәтіннің тақырыбы мен сызба бойынша мәтіннің мазмұнын болжаймын




Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажыратамын




Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратамын




Көркем жазамын




Үй тапсырмасы:

Баяндауыштың рөліне еніп, оның сөйлем ішіндегі алатын орны мен маңызын түсіндір. Баяндауыштың атынан шағын әңгіме жаз.

Кесте

Слайд 9

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Дереккөздермен қосымша жұмыс жасауларына жағдай жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде және «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық, өзіндік жұмыстар барысында жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алуын, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырата алуын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!