Мен өмірді таңдаймын!- акция

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен өмірді таңдаймын!- акция

Материал туралы қысқаша түсінік
Суицидтік мінез-құлықты алдын алуға арналған акция
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Суицидтік мінез-құлықтарын психологиялық алдын алу» бойынша

«Мен өмірді таңдаймын!» атты мектепішілік акция.


Педагог-психолог: Калиева Динара Сагындыковна

«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ


Акцияның мақсаты: Оқушылардың өмірге құштарлығын дамыту.

Міндеттері:

  • акцияға қатысушыларының эмоционалдық жағдайларын жақсарту;

  • қатысушылардың өмір құндылықтарына деген құзырлығын көтеру;

  • қиын жағдайға тап болған жеткіншектер мен балаларға көмек және қолдау көрсеткен оқушылардың құзырлығын көтеру.

Мектептік психологиялық қызметтің көмегімен әр сыныпта мынадай сынып сағаттары өткізілді:

Бастауыш сынып оқушыларына сынып жетекшілері «Балалық шаққа саяхат» атты сынып сағатын өткізді.

Орта буын оқушыларына сынып жетекшілері «Бір күндік өміріміз» атты сынып сағатын өткізді.

Жоғары сынып оқушыларына сынып жетекшілері «Мен бейнесі» атты сынып сағатын өткізді.

Оқу кестесі аяқталған соң 10-11 сыныптарына «Мен өмірді таңдаймын» атты семинар – тренинг өткізілді. Бұл тренингке басқа мектеп психологтары мен ата-аналары және басқада мекемеден шақырылған қонақтар қатысты. Оқушылар өз белсенділіктерін көрсете білді. Оқушыларға «Дәл бүгіннен бастап» жаднамасы таратылды. Бұл күні бүкіл мектеп балаларына және ата – аналарына жаднамалар таратылды. Бұл күні әр қоңырауда музыкалық әуен қойылып, әр буын оқушыларына тапсырмалар берілді.

Бірінші қабаттағы қабырға бойымен ақ ватман жапсырылды. Үстел жанында медиаторлар кезекшілік атқарды. Ортаңғы қабырғаға ұран жазылған плакат іліп қойылды. «БІЗ ӨМІР ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІЗ». Мектепке келген әрбір адамды таңдаған бояуымен үстел жанына шақырылды. Медиаторлар оның қолынан ұстап, жалпақ қыл қалам көмегімен сол таңдаған түспен алақан жауып, ватманға өзінің таңбасын қалдыру ұсынылды, «ӨМІР ҮШІН!» деп дауыс берді.

Мектептегі әрбір қабатқа көрме ұйымдастырылды.

«Менің бақытты сәттерім» жабдықталған көрмеде адамның өзінің фотосуреттері кіргізілді. Балалардың өміріндегі біршама қызықты деректер, оқиғалары ( қысқаша А4 формат бетіне) жазылып ілінді.

Үшінші қабат фойесінде (орта буын сыныптары оқитын орында)

«ӨМІР АҒАШЫ» жайғастырылды. Ағаш айналасында медиаторлар кезекшілік атқарды. Оларда қағаз бен фломастерлері болды. Медиаторлар барлығына кім жанынан өтсе, соған әр түрлі пішінде жасалған алма, жапырақ үлгілеріне жазу ұсынылды. Неліктен ол өмірді таңдайды және оны «ӨМІР АҒАШЫНА» жапырақ, алма ретінде жапсырды. Бұл «ӨМІР АҒАШЫНА» ата-аналар және келген қонақтар да өз тілектерін білдірді.

Үшінші қабат фойесінде (жоғары сыныптар оқитын орынға). Жоғары сынып оқушыларының суреттер көрмесі «МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН». Әрбір шығарылған суретті газет астына таза қағаз беті жапсырылды, жанынан өткендер берілген суреттер арқылы тақырып бойынша өзінін ойын жазды. Көрме жанында бірнеше медиаторлар кезекшілік атқарды.

10-11 сынып оқушыларына «Мен өмірді таңдаймын» атты семинар-тренинг өткізілді. Оған шақырылған ата-аналар, мамандар қатысты. Семинар-тренинг мынадай жолдармен басталды.

Өмір алау, жалындайды сөнбейді

Уақытты тоқтатуға келмейді.

Мәніменен, аялай біл өмірді,

Себебі өмір қайта айналып келмейді. Шығарған: 11 «А» сынып

Оқушысы:Елсінбек Бағжан

«Өзіңнің таңдауын» атты понтамимо көрініс көрсетіліп, оқушылардың ой пікірі тыңдалды.

Мақсаты:Жасөспірімдердің өміріндегі кездесетін қателіктерін дер кезінде түсініп, дұрыс жолға түсуіне ешқашан кеш болмайтынын саналарына жеткізу.

Мектеп мұғалімдеріне «Мектеп оқушыларында кездесетін ауытқушы мінез-құлық және суицид мәселелерін алдын алу» баяндама оқылып, презентация өткізілді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
1084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі