"Мен өмірге ғашықпын" кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен өмірге ғашықпын" кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы










Тақырыбы:

DrawObject1







ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


























Ұйымдастырған: мектеп тәлімгері

Гүлім Жасұланқызы







Тақырыбы: «Мен өмірге ғашықпын»

Мақсаты:

1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

- өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы. М.Мақатаев

«Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» Рудаки.

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау» Дж.Неру

Барысы:

  1. Кіріспе сөз

  2. Тренинг «Құпия сурет»

  3. Сұрақ-жауап

  4. Тренинг «Менің мақсатым»

  5. «Жағдаяттарды талқылау» “ Менің  мақсатым .” 

  6. Көркем сөз М.Мақатаев «Өмір жайлы»

Жүргізуші: Өмір құлып, кілтін тапсаң ашасың
Өмір өрт ол, қорқақ болсаң қашасың.
Өмір деген сабырсызға қыс мәңгі.
Өмір көктем болсаң егер ұстамды.

Салеметсіздерме өз өмірін мәнді өткізуге талпынған табиғат жаратылысының әдемі туындылары! Бүгінгі мектебімізде өзін-өзі тану онкүндігі аясында оздырылғалы отырған «Мен өмірге ғашықпын» атты кешімізге қош келдіңіздер.

- Өмір – ол  адамға  бір – ақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый . Осындай  сыйды  саған  сыйлаған  кім ?...

  Әрине  саған осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың ,

ол  сенің  ата – анаң .Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,

Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың”  -дейді дана халқымыз. Себебі , біріншіден  ол  саған  “өмір”  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқысын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .

   Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа , сен  соған  лайықты  өмір  сүруге  тиіссің.

    Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мін тағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

 Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен , қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле – білсеңіз  сонысымен  қымбат. Әр адамның өмірде өзіндік алар орны бар. Өзімізді өзіміз құрметтей, сыйлай, жоғары бағалай білуіміз керек.

Тренинг «Құпия сурет» Менің қолымдағы қорапшада мектебіміздің оқушысы, өзіндік алар орны бар ақылды оқушының суреті бар. Сіздер сол оқушының қандай екенін суреттейсіздер.

Қатысқандарыңызға рахмет!Әрқашан өзімізді өзіміз жоғары бағалай білейік.

Ш.Сариев «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Оқитын: 9 сынып оқушысы Қабесова М.

Келесі бөліміміз сұрақ-жауап деп аталады. Берілген сұрақтар төңірегінде өз ойымызды өрбітейік.


Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір сүрудегі мақсаттарың қандай деп ойлайсыңдар?

Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

 Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ? 

Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт. Өмір туралы ұлылардың айтқан сөздеріне назар аударайық:

Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кей¬де ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айнала¬ды, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді. І. Есенберлин.

Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім – қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды. Б. Бұлқышев

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбе¬ген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес Б. Момышұлы


Келесі бөліміміз «Жағдаяттарды талқылау» деп аталады. Жұмбақ кейіпкерлердің сөздеріне назар аударайық.

1. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.
2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді.
Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.

3.Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі өмірімен қоштасу болады.

4.Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шылқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңдер?

Жауабы: Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.


2 Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»
3.Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.

Сонымен  өз  ойларыңмен  бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір  сүру  үшін  күйретуші  ойлардан  аулақ  болуымыз  керек  екенін  ұқтыңдар.

Мазасыз  жаман , жағымсыз , мағынасыз  ойлар  адамды  психикалық , тәндік  жарақатқа  шалдықтырып , тіпті  өз өмірін қиюға  әкеліп  соғады .

Дінде  “ Алла  саған  өмір  берді , сол  Алланың  бұйрығымен өміріңді  Алла  ғана  алады .” делінген.  Өз -өзіне  қол  жұмсау  кешірілмес  үлкен  күнә болып  есептелінеді.  Міне сондықтан  ондай  ойлардан  аулақ  болайық. Сөзімнің дәлелі ретінде экрандағы видеосюжетке назар аударайық.

Енді бәрімізде осы видеоны көріп отырмыз. Бұл көрініс туралы не айтар едіңіздер?

Өмірдегі  кездесетін  сәтсіздіктерді  уақытша  қиындық  деп  қабылдау  керек. Әр  нәрсенің  ақырын  шыдамдылықпен  күтіп ,не  істесең де  ойланып  істеуге, сабырлы , шыдамды , төзімді  болуға   үйренуің тиіс. Өмірде  бәрі де  өткінші  екенін  ұмытпаңдар. Әрине  өмірдің  барлық  сәтсіздіктері  бақытсыздық  емес .

 М.Мақатаев «Өмір жайлы» оқитын 7 сынып оқушысы Ж.Аманжолова

Сергіту сәті Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

-секіріңдер

-оң аяқтарыңды көтеріңдер

-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар

- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар

-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.

Өмір - өзен  ағып  жатыр , тынбайды,

 Өмір  болмас  қасіретсіз , мұң  қайғы,

 Сондықтан да , өз - өзіңе  абай  бол,

Өмір  сені  сонда  ғана  шыңдайды .  - деп  ақындар  жырлағандай , Өмір - арнасы  кең  өзен , сол  өзеннен  өз  арнаңды  тауып  ағу  сенің  басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа  жету  оңай  емес , ол үшін  қандай да бір қиындықтарға , кедергілерге  кездесуің  мүмкін .Ал  енді  біреулерге  қиындықтар кездеспеуі де  мүмкін . Сондай  кездерде  біреулерге  қызғаншақтық , көреалмаушылық  танытпа ,өз  мақсатың  үшін  күресе  біл .Өзіңнің  күшті  жақтарыңды  көрсет, әлсіздік , шарасыздық  танытпа . Сен  өз  өмірің  үшін  өмір  сүруге  тиіссің. Қарапайым «Екі бақа» мысалына назар аударыңыздар: Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Мінекей, бақа да  өз  өмірі  үшін  күресіп  ақыры  жеңіске  жетеді.

Адам  өзін - өзі  тәрбиелеуі , алдына  мақсат  қоя  білуі  керек. Сол  мақсатқа жету  үшін  адами  құндылықтарды  бағалай  отырып , “өз  өмірім  өзіме  құнды ” деген  қағиданы  басты  назарда  ұстауы  қажет. Қымбатты оқушылар !

                             Өмір – көпір , от  үстіне  салынған ,

                             Діңгектері  зәндем  отқа  малынған .

                             Қорқу  білме , аяқтарың  таймасын ,

                             Ойнап  отпен , шарпу  көрме  жалыннан !  дей  келе  мынадай  кеңес ұсынғым келеді:

  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...   

   - ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

   - икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

   - әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

   - ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

   - ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

   - әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан     

    өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

   - әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

    - күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Олай болса мен сіздерді бүгінгі кештің ұранмен өмір сүруге шақырамын: (барлығы қолд. ұстап)

Барлығы қосылып:

Біз өмірді сүйеміз!

Бақытты өмір сүреміз!

Біз бәріміз біргеміз!

Біз бақыттымыз, себебі біз Тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз,- дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.














































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.12.2018
974
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі