"Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын" өмір құндылықтарын дамыту тренингтері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын" өмір құндылықтарын дамыту тренингтері

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, педагог-психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сатыбалды НЖББ мектебі

Shape1

«Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын»



(құндылықтарды дамыту тренингі)

















Педагог-психолог:Темірғалиева Г.М.






Мақсаты: өмір құндылығы жөнінде түсініктерін кеңейту, өмір құндылықтарын дұрыс бағалауға бағыттау.

Қажетті құралдар: слайд тақтасы, әдістемелер парағы, қаламдар.


Кіріспе сөз: (психолог) Құрметті бүгінгі тренингке қатысушылар! Бүгінгі тренингіміздің негізгі мақсаты осы өміріміздегі негізгі құндылықтарымызды жоғары бағалап, қадір-қасиетіне жете білуміздің қажеттілігін ұғындырады. Ендеше, өз құндылықтарымызды тағы бір есімізге түсіріп, нақтылап көрейік.

Барысы:

  1. «Нені жақсы көремін, нені ұнатпаймын?»жаттығуы


Мақсаты: тұлғаның өмірлік құндылықтарын анықтау.

Нұсқау: «нені жақсы көремін?», «Нені ұнатпаймын?» сұрақтарына

10 жауаптан жазыңыз.


2. «Аяқталмаған тезис»

Мақсаты: тұлғаның дамуына әсер етуші қоршаған орта туралы пікірін анықтау.

Нұсқау:төмендегі пікірлерді аяқта: «Мен мынадай түсінікпен тәрбиелендім...»

жанұя - бұл ..;

жұмыс - бұл...;

ақша - бұл...;

оқу - бұл ...;

ер адам - бұл...;

әйел адам - бұл...;

денсаулық – бұл...;

жетістік - бұл...

Қатысушыға өз пікірін емес, бала кезіндегі алған тәрбиесімен (ата-анасынан, мұғалімдерінен) айту керек және қазіргі уақытта бұл пікірмен келісетін-келіспейтінін + - белгісімен салу керек. Алынған ақпаратты талдай отырып, қатысушының Мен-концепциясын анықтауға болады.


3. «Аяқталмаған хат» жаттығуы

Бейтаныс досыңызға соңы аяқталмаған хатты жазыңыз (бірін таңдап): «Мен жақсы өмір сүріп жатырмын, өйткені...», «Менің өмірім нашар, өйткені...»


4. Ранжирлеу

Мақсаты: тұлғалық маңыздылықты жүйесі бойынша анықтау.

Нұсқау: тұлғаға маңызды тұлғалық сапаларды, құндылықтарды, іс-әрекетті реті бойынша қойып шық.

Тұлғалық сапа

Құндылықтар

Іс-әрекет

Ақылды

Достар

Білім алу

Адал

Еңбек

Теледидар қарау

Салмақты

Білім

Қыдыру

Әділ

Отан

Көңіл көтеру

Еңбексүйгіш

Ақша

Достармен бірге болу

Сенімді

Оқу, жұмыс

Жұмыс жасау

Жұмсақ

Адам

Үй жұмысы

Мейірімді

Табиғат

Жануарлаға қамқор болу

Шешім қабылдағыш

Денсаулық

Кішкентай балаларды ойнату

Қарым-қатынасшыл

Жанұя

Спортпен шұғылдану

Көңілді

Сәттілік

Музыка тыңдау

Қуатты (энергичный)

Шығармашылық

Көлік жүргізу

5. Фантастикалық таңдау

Мақсаты: «сиқырлы» жағдаятты пайдалану арқылы тұлғаның қажеттілігін белсендендіру.

Нұсқау:

-саған Алтын балық келіп «не қалайсың?» деп сұраса, не қалар едің?

гер сен бір сағатқа сиқыршыға айналсаң, не істер едің?

-егер сен адам аяғы баспаған аралға барып, қалған өміріңді сонда сүрмек болсаң, өзіңмен бірге не алып кетесің, бес нәрсені ата?

6. Референтті тұлға

Мақсаты: тұлға үшін беделді, құнды тұлғаларды анықтау:

Нұсқау: әлеуметтік ортаңыздағы өзіңіз үшін қарым-қатынас маңыздылығы жоғары 10 адамды көрсетіңіз (жазыңыз). Ең маңыздысынан бастап тізбектеңіз.

Мысалы: Мен -- анам – досым -- жетекшім -- ... --



7. Құндылықтар жүйесін анықтау әдістемесі (Е.Б.Фанталова)

Мақсаты: тұлғаның құндылықтар жүйесінің құрылымын, бағалауын анықтау.

Нұсқау: өз болашақ өміріңіз жөнінде көзқарасыңызды білдіріңіз. Барынша ашық болыңыз. Алдыңызда 12 құндылықтар тізімі берілген:

  1. Белсенді әрекетті өмір

  2. Денсаулық

  3. Қызықты жұмыс

  4. Өнер мен табиғат сұлулығы

  5. Махаббат

  6. Материалдық қамтылған өмір

  7. Жақсы сенімді достар

  8. Өз-өзіне сенімділік

  9. Таным (білімін, дүниетанымын кеңейту)

  10. Іс-әрекеттегі тәуелсіздік, еркіндік

  11. Бақытты жанұялық өмір

  12. Шығармашылық

Жүру барысы: әдістеменің нұсқауы айтылғаннан соң зерттеушілер бланкамен танысады.

Қатысушылар кесте бойынша тапсырма орындайды. Онда зерттелушілер әр қатардағы

2 құндылықтың ішінен өзіне маңыздысын белгілеп отырады. Әр құндылықтың қанша рет таңдалғаны есептеледі. Нәтижесі бойынша зерттелушінің негізгі өмір құндылықтары анықталады.


1 2

1 3

1 4

1 5

1 6

1 7

1 8

1 9

1 10

1 11

1 12

2 3

2 4

2 5

2 6

2 7

2 8

2 9

2 10

2 11

2 12

3 4

3 5

3 6

3 7

3 8

3 9

3 10

3 11

3 12

4 5

4 6

4 7

4 8

4 9

4 10

4 11

4 12

5 6

5 7

5 8

5 9

5 10

5 11

5 12


6 7

6 8

6 9

6 10

6 11

6 12

7 8

7 9

7 10

7 11

7 12


8 9

8 10

8 11

8 12


9 10

9 11

9 12

10 11

10 12

11 12


Интерпретация:......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

..........................................................................................................................................................................

..........................................................................................................................................................................

8. «Биік шың» тренингі

Мақсаты: өмір құндылықтарын жоғалтып алмауға, бағалауға үйрету.

Нұсқау: психолог қатысушыларға өздері үшін маңызды 5 құндылықты жазуды сұрайды. Енді өмірдегі биік арманына қол жеткізуді ойлайды. «Сіздің ол арманыңыз орындалады. Ол үшін сіз биік-биік таудың ұшар басына шығауыңыз керек. Сіздің арманыңызға жету жолыңызда көптеген кедергілер кездеседі. Тұрған жеріңізден шығып кету үшін бір құндылығыңызды құрбан етіңіз. Құрбан етпей сол жерде қалып қойыңызға болады. Егер мұндай қадамға барсаңыз, алға қарай жүріңіз. Сізді арманыңызға шығаратын тауды өзен қоршап тұр. Ол өзеннен қайықсыз өте алмайсыз. Қайықшы сіздің өтуіңізге көмектеседі, бірақ еңбегіне бір құндылығыңызды беріп кетуіңіз қажет. Қай құндылығыңызды құрбан етесіз? Ары қарай кеттік. Өзеннен өттіңіз. Тау етегіндегі орман қалың екен. Тау шыңына шығар жолды таба алмай біраз жүрдіңіз. Содан орманшы кездесті ол сізге жолды көрсетті. Жол тікенді, әрі ауыр, бұралаңды екен осы жолда тағы бір құндылығымызды беруге тура келеді... Жүре-жүре таудың орта деңгейіне жеттіңіз, кенет аяқ астындағы бір тас тайып кетті де, құлай жаздап, бір бұтақтан ұстап қалдыңыз. Осы бұтақтан ұстап әрі қарай өрмелеу үшін тағы бір құндылығыңызды бересіз. Сөйтіп сіз таудың ұшар шыңына да жақындап қалдыңыз. Міне, биік шыңның қарлы басы аппақ болып көрініп тұр. Жан-жағын бұлт қоршап алған. Тағы біраз өрмелей түсіп биік шыңға да шықтың-ау! Енді осы шыңда тұрып, соңғы құндылығыңды құрбан етесің де, өзің өмір бойы армандаған биік-биік мақсатыңа қол жеткізесің. Өмірдегі ең басты арманыңыз орындалды. Бірақ... қолымызда бір-де бір құндылығымыз қалған жоқ. Енді сіз дұрыс шешім қабылдадыңыз ба?..».


9. «Құндылықтар банкасы » тренингі

Мақсаты: өмір құндылығының маңызын сезіну, құндылықтарды шатастырып алмауға бағыттау.

Қажетті құралдар: бос банка (1-2 л), ірілі ұсақты тастар, құм.

Барысы: психолог сөзі:«Алдымызға бос банка аламыз. Бұл біздің өміріміз. Енді мына тұрған ірілі-ұсақты тастарға қарайық. Мына ең ірі тастар-бұл біздің басты құндылықтарымыз, яғни денсаулық, жанұя (ата-ана, бауырың, жолдас, балаларың). Бұдан кейінгі ірі тастар табиғат, кәсіп, жұмысымыз бұл да біздің өміріздегі маңызды орын алатын құндылықтар. (психолог банкаға тастарды ірісінен бастап салады) содан кейінгі орташа тастар нелер? Иә, бұлар достық, шығармашылық, іс-әрекеттегі тәуелсіздік, өнер, ақша. Енді мына ұсақ тастар бос уақыт, белсенділік, хобби деген сияқты қажеттіліктеріміз. Олар да біздің өмірімізді толықтыруға қажет. (барлық тастарды салып болады). Енді құмдар қалды. Бұлар біздің өміріздегі маңызы аз заттар. Мысалы: реніш, еліктеушілік т.б. болуы мүмкін. Осы сияқты бос әрекеттер мына тастардан кейін орын алса да бұл банкаға сияды. Ал, енді банкадағы тастарды төгіп тастап, бірінші құмнан бастап салайықшы. Құм, ұсақ тастар, орташа тастар... қараңыздар ірі тастарға орын қалмай қалды... демек, қандай ой түюге болады? Өмірімзді осындай ұсақ түйектерге мән беріп өткізсек не болады?... Әрине, басты құндылықтарымзға орын болмай қалады. Оны өзіміз байқамауымыз мүмкін».


10. «Гүлбақша» тренингі

Мақсаты: бір-біріне жағымды көңіл-күй сыйлау.

Қатысушылар параққа түрлі гүлдің сретін салып, бір-біріне сыйлайды.


11. Рефлексия

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
1254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі