Қайруллаев Нұртілек
Мен оқыған бір кітап…
(Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романы негізінде эссе)
Әдебиет шындықты тура айтуға жасқанатын кезде – көркем шындықтың тілімен сөйлейді. Сол көркем тілдің батыл әрі жаңа үнін қазіргі қазақ әдебиетіндегі жас қаламгерлердің бірі – Әлихан Жақсылықтың шығармашылығынан анық байқауға болады. Оның «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» атты романы – мазмұндық тереңдігімен ғана емес, пішіндік еркіндігімен де дараланған туынды. Бұл шығарма – бүгінгі қоғамның жанына салынған диагноз, әрі өзгеше ойлаудың қандай құрбандықпен келетінін көркем шындықпен жеткізген ерекше еңбек.
Шығарма атауының өзі тосын: «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» деген сұрақ оқырманды алғашқы сәттен бастап ойға жетелейді. Бірақ роман дін туралы емес. Бұл – автордың көркемдік шешімі. Автор атау арқылы өмірдің құндылықтарын қайта қарауға итермелейді. Дінге емес, жүйеге табынудың, көзсіз сенудің, өзгеше ойлаудан қорқудың қаупін астарлы түрде жеткізеді. Шығарманың басты кейіпкері – Карл. Ол – шындықты ашық айтудан тайынбайтын, жүйе мен ережеге бас имейтін, өзгелерден ерекшеленетін жас. Сол үшін ол қоғамның қысымына ұшырап, ең соңында жындыханаға қамалады.
Романның мазмұндық жаңашылдығы – оның шынайы әлеуметтік мәселелерді бүкпесіз, боямасыз көтеруінде. Мұнда эйджизм, бюрократия, жас ұрпақтың пікір айту еркіндігі, көркем өнерге консервативті көзқарас, жүйенің сыңаржақты құрылымы – бәрі кейіпкерлер арқылы нақты көрініс табады. Мысалы, жас суретші Лилидің жартылай жалаңаш бейнедегі суреті үшін оқудан шығарылуы, Карлдың сол оқиғаға араша түсем деп жындыханаға түсіп кетуі – бұл қазіргі қоғамда жиі кездесетін, өнер мен еркіндікке қысым жасау фактілерінің көркем бейнесі. «Біздің қаламыз үшін жат дүние», «Бұл – барып тұрған масқара!» деген директор сөзі – жүйенің тар танымының көрінісі.
Карлдың әр әрекеті – тек өзінің емес, тұтас бір ұрпақтың атынан жасалып жатқан үндеу сияқты. Ол шындықты айтқан сайын сыртқы ортадан шеттетіледі, оқшауланады. Бір сәтте тіпті өзі де «мен расымен жынды шығармын» деп күмәндана бастайды. Бұл – қоғамның санаға салып кеткен жарасы. Романда: «Қоғам дімкәс болса, дерттен ада адамды жынды етеді» деген тұжырым осыны дәлелдейді.
Шығарманың пішіндік жаңашылдығы да айрықша.Шығармадағы кеңістік пен уақыт ұғымы шартты. Автор романын нақты географиялық шеңберге сыйдырмайды: оқиға теңіздің арғы және бергі бетінде өтеді. Бергі бет – тұншыққан жүйе, адамға еркін ойлауға мүмкіндік бермейтін кеңістік. Арғы бет – үміт, рух, болмыстың еркін жағы. Бірақ дәл осы белгісіздік шығарманың әсерін күшейтеді. Оны кез келген ұлт, кез келген оқырман өзінше қабылдай алады,сөйтіп ол бір ғана ұлттың мәселесі емес,жалпы ұлттың ортақ мәселесіне айналады.
Тағы бір пішіндік ерекшелік – кейіпкер мен автор арасының әдейі бұзылуы. Карлдың кей сұхбаттарында автордың үні де анық естіліп тұрады. Мысалы, психиатрлармен болған сұхбатта Карлдың емес, жазушының өзі жауап беріп отырғандай әсер аласың. Бұл тәсіл – постмодернизмге тән көркемдік еркіндіктің белгісі.
Сондай-ақ, роман бойынан Кафканың абсурдтық эстетикасы, Оруэллдің жүйемен күрес тақырыптары да байқалады. Мазмұн мен стиль – күрделі, бірақ жеңіл оқылады. Автор көркем сөзбен сөйлейді, «сөзбен сурет салады». Айналада болып жатқан ауыр, қатыгез шындықтарды жеңіл әрі шынайы тілмен жеткізе алған. Оған мысал – автордың табиғатты бейнелейтін келесі суреттемесі: «Жауын суы әйнектен төгіле сырғып, тынбай ақтарылды». Мұндай көркемдік тұстар романның көркем прозалық деңгейін биіктетіп тұр.
Кейіпкерлер әлемі де шығарманың мазмұндық ерекшелігін тереңдете түседі.Әр кейіпкер – белгілі бір көзқарастың, өмірлік ұстанымның символы. Карл – шындық үшін күрескер, үмітін жоғалтпаған жас. Ал Рафаэль – бұрынғы күрескер, бірақ үміті сөнген, шаршаған адам. Джо – жүйемен ымыраға келген, көндіккен адам. Бұл үшеуі – бүгінгі қоғамдағы түрлі мінездердің жиынтығы. Оларды бір кеңістікке жинай отырып, автор адамдардың жүйеге деген көзқарастарын салыстырады: біреу күреседі, біреу күресуден шаршайды, енді біреу мойынсұнады. Бұл – адамның ішкі эволюциясы.
Карл – жүйемен күресіп жүріп, оны өзгерте алмағанына емес, өзгелердің үнсіздігіне күйінеді. Ол шындықты айтқан сайын, айналасындағылар оны біртіндеп тастап кетеді. Ең жақындары да сенуден қалады. Бұл тұста шығарманың шынайылығы да, ащы ақиқаты да ашылады: қоғам үшін адам емес, қалып маңызды. Қалыптан шыққандар – қауіпті. Сол себепті Карлды жындыханаға жатқызу – шындыққа жаза кесу, ой еркіндігіне үкім шығару.
Жындыхана – романның ең ауыр, әрі ең символикалық кеңістігі. Бұл – сырт көзге емдеу мекемесі. Бірақ шын мәнінде, ол – жүйе үшін қолайсыздарды оқшаулайтын мекен. Онда адам шынайы сырқаты үшін емес, ішкі сенімі мен көзқарасы үшін қамалады. Карл өз денінің сау екеніне сеніп тұрса да, басқалар оны «ауру» деп қабылдайды. Уақыт өте ол да сеніп қалады. Бұл – қорқынышты жай. Себебі адамның өз болмысына деген сенімін жоғалтуы – ең үлкен трагедия. Жазушы осыны барынша шынайы жеткізген.
Романдағы психологиялық тереңдік ерекше. Карлдың балалық шағы, ішкі күйзелістері, естен кетпеген жарасы – бәрі шығарманың шыншылдығын күшейтеді. Екпе алған сайын, есіне өткеннің үзік сәттері түседі: балалықтағы қорқынышты сәттер, бауырының өлімі, әкесінің әрекеті... Бұл – кейіпкердің шынайы болмысына жақындау, ал шынайылық – әдебиеттің басты құндылығы.
Пішіндік тұрғыда роман тек кеңістікпен немесе сюжеттік құрылыммен ғана ерекшеленбейді. Автор тілмен де эксперимент жасайды. Кейбір тарауларда монолог пен диалог шекарасы бұзылады. Оқырман кейіпкердің ойы ма, әлде шын әрекеті ме – ажырата алмай қалады. Бұл – әдебиеттегі постмодернистік әдістің көрінісі. Мұнда шындық пен елестің арасы көмескі. Бұл көркемдік шешім шығарманың жалпы идеясымен толық үндесіп жатыр: шынайы адам – жындыханаға түскен, ал жалған кейіпкерлер – еркіндікте.
Романға ерекше эстетикалық бояу беретін тағы бір тұсы – сурет өнерінің қолданылуы. Кітаптағы кейіпкер Лилидің салған суреттері, Карлдың көркем туындыларға деген сезімтал көзқарасы – шығарманың тек әдеби емес, өнертанымдық тұрғыда да бай екенін көрсетеді. Карл мен Лили – ішкі еркіндікті өнер арқылы білдіруге тырысқан кейіпкерлер. Бірақ дәл осы еркіндік үшін жазаланады. Бұл – өнерге еркіндік бермейтін қоғам туралы шындық.
Сондай-ақ, жазушы оқырманға ештеңені тықпаламайды. Ол тек көрсетеді, сипаттайды, ал шешімді – оқырманның өзіне қалдырады. Бұл да – қазіргі әдебиетке тән еркіндік сипаты.
Романдағы басты философиялық идея – адам шындықты айтқан сайын шеттетіледі, ал шындық айтылмаса – қоғам тұтас күйрейді. Автор адам құқығының тапталуын, еркін ойдың тұншықтырылуын, жаңашылдықтың шеңберге сыймайтынын ашық көрсетеді. Бұл – біздің бүгінгі қоғамда да өзектілігін жоймаған өткір мәселе.
Қорытындылай келе, «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» – мазмұндық тұрғыдан батыл, пішіндік тұрғыдан жаңашыл роман. Бұл шығармада Әлихан Жақсылық бүгінгі қазақ қоғамының шындығын шеберлікпен бейнелеп, ойлануға, сұрақ қоюға, өмірдің мәні мен мәнсіздігін ажыратуға итермелейді. Карл – тек кейіпкер ғана емес. Ол – ақылынан адасқан қоғамның айнасында қалып қойған ойдың үні. Бұл роман – соны үнде жаңаша сөйлеген әдеби оқиға.
Қорыта айтар болсам, бұл туынды арқылы жас жазушы қазақ прозасында тың кеңістікке жол ашып, мазмұндық тереңдік пен пішіндік еркіндіктің үйлесімін ұсына білді. Ол қоғамдағы әділетсіздік, еркін ойға қысым, рухани жалғыздық, жас ұрпақтың күресі сынды ащы шындықтарды көркем тілмен, жаңашыл көзқараспен жеткізе алды.
Карлдың тағдыры – бір адамның ғана емес, тұтас ұрпақтың ішкі бұлқынысының, күресінің бейнесі. Бұл шығарма бізге тек көркем туынды емес, өз заманымызбен бетпе-бет келуге мүмкіндік беретін ой алаңы сияқты әсер қалдырады. Жазушы ешкімге ақыл айтпайды, бірақ сұрақ қойғызады. Ол мәжбүрлемейді, бірақ ойлануға жетелейді.
Дәл осы қасиеттері арқылы бұл роман – қазіргі қазақ әдебиетінің тың тынысы, жас қаламгердің өзіндік үні екенін айқын дәлелдеді. Ал шындық пен шеберлік тоғысқан әдебиеттің ғұмыры ұзақ болатынына дау жоқ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен оқыған бір кітап

шағым қалдыра аласыз