Мен отбасымды мақтан тұтамын тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен отбасымды мақтан тұтамын тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

131 жалпы орта білім беретін мектебі





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « МЕН ОТБАСЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН»



Сыныбы: 2 «Г»

Сынып жетекшісі: Эсенбекова Г.Н.




2024 оқу жылы






МЕН ОТБАСЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Мақсаты: Ата-ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы махаббатты күшейту.

Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын бағалай отырып отбасындағы ұлттық тәрбие элементтері арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.

Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, ұлттық құндылықтардың бейнесі.

Барысы

Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіздер, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»,-деген екен. Олай болса мектебімізде білім мен өнерді тең ұстап көзге түсіп жүрген жас жеткіншектер аз емес. Сол оқушыларға кімді пір тұтасын деген сауал қойғанымда «анамды» деген жауап алдым.



Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп бой түзейді.


Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Суреттері арқылы әр бала үшін отбасының маңызы зор екенін ұғуға болады. Олар үшін Ата – аналары– өмірдегі ең қымбат адамдары! Отан- Отбасынан басталады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



Француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан басталады. Тәрбие басы-отбасынан. Отбасы- кішкентай тәуелсіз мемлекет. Өздеріңіз білетіндей ата-ана, ұстаз, бала бір-бірімен байланысты болғандықтан, топ жанұяның от-анасы, ұстаз аналардан жасақталған.

Бала-баурайында өскен құрақ екені белгілі анасы мен баласын бірдей сынға алатын кезең «Ойлы болсаңыздар, озып көріңіздер»,- деп аталады. Мен бірнеше сұрақ қоямын балғын балаларымыз жауабын тауып,сол жауапқа сөйлем құрап, сөздің мағынасын ашуы тиіс.

  1. Кеудесіне оқ өткізбейтін жауынгердің киімі (сауыт)

  2. Наурыз айында пісірелетін бас тағам (наурыз көже)

  3. Жанұяның тірегі (әке)

4. Білім көзі неде? (Кітап)

5. Білім ордасы (мектеп)

Ана мен баланың бір-біріне деген махаббаты шексіз.

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын, бала өсіру, балапан ұшыру емес деген халық даналығын негізге ала отырып әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болмасын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін күтуші ата-ана. Ата-ананың еңбегі өмірінің мәні мен сәні перзенттерін тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі