Материалдар / Мен өз елімді мақтан тұтамын

Мен өз елімді мақтан тұтамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«БЕКІТЕМІН»

«Каспий» жоғары педагогика

және салалық технологиялар

колледжі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

__________Әмірбекова Г.С

«____»____________ 2024 ж.








КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»










Өткізген: Амантұрлы Ж.О.

2ИББ-23 б/б тобы

















2024-2025 оқу жылдары

Тақырыбы: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»

Апта дәйексөзі: Бірлігі күшті ел озады

Кураторлық сағаттың мақсаты:

1. Білімділік: Студенттердің бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге баулу, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Студенттердің сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру

3. Тәрбиелік: Студенттердің жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиет-терді қалыптастыру. Еліміздің болашағы жасөспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: Патрио - [грек, patris - отан, атамекен] Отан, патриот - отаншыл, патрио-тизм – отаншылдық. Патроиот адам өз Отаны үшін қызмет етеді, абыройын асырады, Отаны үшін жанын құрбан етуге дайын адам. Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмты-лумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу-ын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Еліміздің астанасы қай қала?

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көпұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды?

1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Әрбір азаматтың төлем-ақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен. Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек. Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.

Мемлекеттік рәміздеріміз қай жылы қабылданды?

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі. Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Өз елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай азамат болуымыз керек?

Жастар еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш азамат болуымыз керек. Сабағымызды жақсы оқып, кәсіби білікті маман, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Өз Отанымызды сүйетін патриот болайық!! Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Қорытынды: Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:

Отанға деген сүйіспеншілік;

Отанға деген адал сезім;

Отанын қорғауға дайын болу;

Хаттама_____


Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі

Уақыты: 09.12.2024.

Отырыс: 507 каб.

Тобы: 2ИББ-23 б/б

Барлығы: 25 студент

Қатысқандар: 23 студент



Күн тәртібінде:


  1. «Мен өз елімді мақтан тұтамын»

  2. Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топ кураторы сөз алып, «Мен өз елімді мақтан тұтамын» тақырыбында өткен кураторлық сағаты жақсы деңгейде өтті. Студенттер Отан туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, көріністер көрсетілді. Студенттердің Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктері артып, патриоттық сезімі шыңдала түскендігін айтып, алдағы уақытта осындай шараларды бұданда жоғары деңгейде өткізу керек екендіктері айтылды.





Шешім:

  1. «Мен өз елімді мақтан тұтамын» тақырыбында өткен кураторлық сағаты «жақсы» деп бағалансын.

  2. 2-мәселе бойынша студенттерді іс – шараларға, түрлі байқауларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын шыңдау,топтағы студенттердің сабаққа қатысуын және форма сақтау керектігі айтылды.

  3. Осы айтылған мәселелер орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына жүктелсін.



Жиналыс төрайымы: Ж.Амантұрлы

Жиналыс хатшысы: М.Козденова



ЖИ арқылы жасау
23 Ақпан 2025
160
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі