«Мен өз елімнің көшбасшысымын» байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен өз елімнің көшбасшысымын» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту, ұйымдастырушылық, ойлау мүмкіндігін арттырып әртүрлі денгейдегі қиындықтар мен мәселелерді шешу жолында еңбектенуге жұмылдыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен өз елімнің көшбасшысымын»

Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары

Түрі: Аймақтық байқау

Көрнекілігі : мультимедия, презентация ,гүл , шар бағалау парағы, диплом, алғыс хат т. б

Өтілетін орны: Н.Ақшабаев орта мектебі

Күні, уақыты: 12.02.2018жыл


Мақсаты: Тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту, ұйымдастырушылық, ойлау мүмкіндігін арттырып әртүрлі денгейдегі қиындықтар мен мәселелерді шешу жолында еңбектенуге жұмылдыру.

Тәуелсіз ел болашағын ойлайтын патриот ұл-қыздарды қалыптастыру.



Фанфар ойналады

Жүргізуші

- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық» деп айтып өткен болатын. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел басқарар көшбасшы. Олай болса, бүгінгі «Мен өз елімнің көшбасшысымын» атты байқауымыздың шымылдығын ашу үшін Қосаева Қаламқас Бейбітқызына (Сөз беріледі)

Жүргізуші:

Кеудесі толы білім бұлағындай,

Сабағы – соның жанған шырағындай.

Сабырлы тұлғасынан нұр төгілген

Көшбасшы жадырап шыққан күн нұрындай.

Ортамызға «Талантты көшбасшыларды» шақырамыз.

(Көшбасшылыр ортаға шығады)

Таныстыру

1

Үлгілі орта мектебі

Қуатбекова Нұрбақыт

10 сынып оқушысы

2

Қостөбе орта мектебі

Қонарбаева Мая

10 сынып оқушысы

3

Н.Гоголь атындағы о.м.

Туйбоева Айсұлу

10 сынып оқушысы

4

Н. Ақшабаев атындағы о.м.



5

Ы.Алтынсарин атындағы о.м.

Маликава Толқын

10 сынып оқушысы

6

Бурыл орта мектебі

Сейітқадыр Олжас

11 сынып оқушысы

7

Коктал орта мектебі

Мырзабекова Айдана

10 сынып оқушысы

8

Қосақ орта мектебі

Базархан Диана Ғалымжанқызы

8 сынып оқушысы

Сайыскерлеріміздің байқауға түсу реті: (тізімі)

Picture 5 Picture 7

Жүргізуші:

Халқымның көшбасшысы

Тәуелсіз қазақ елім,

Бақ қонған ғажап елім.

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім.

Елім деп, жерім деген,

Адымдап сенімменен.

Халқымның көшбасшысы

Еңбектен ерінбеген әлі де. – дей келе, бүгінгі «Мен өз елімнің көшбасшысымын», тақырыбына арналған аймақ мектептері арасында өткелі отырған «Мен өз елімнің көшбасшысымын» атты байқауымызға қош келдіңіздер! Байқауымызды бастамас бұрын, сіздерді оның өту барысымен таныстырып өтейін.келесі 4 номинациялары бойынша өткізіледі: Байқауымыз 4 кезеңнен тұрады:

І. «Менің жетістіктерім»...(қазіргіге дейінгі және болашақтағы мақсаттарым) -3мин слайдпен таныстырылады.

ІІ. Презентация кезеңі: «Ең үздік мақала, бейнешығарма, эссе тақырыбы: «Егерде мен Елбасы болсам» (Үй тапсырмасы)

ІІІ. «Тәуелсіздік жылдарындағы менің ауылымның өзгерісі», бейнебаян (ұзақтығы 4 мин)

ІV. «Қазақтың ұлттық өнер сайысы: (қатысушылардың бастамасымен ән, би, мәнерлеп оқу (сахналық қойылыммен)» тәрбие – білім саласындағы өзекті тақырыптарды жариялау бойынша ең үздік жұмыстарды ұйымдастыруының реті мен талаптарын анықтайды.


Жүргізуші: Өр қияға ұшырып қанаттыны,

Кешіргін, кетіп жатса ағаттығым.

Қазылар қадірменді армысыздар

Түсірген таразыға талантыны, дей отыра әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1

Абитаева Динара Канатбековна

«Мәңгілік Ел» орталығының қазақ тілі маманы

2

Алтаева Үміт Асқарқызы

«Мәңгілік Ел» орталығының Педагог - психолог

3

Қосаева Қаламқас Бейбітқызы

Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Picture 1 Picture 3

Бағалау парағы, бағалау таяқшашы



Жүргізуші: Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.

Жұртымның көшін бастап,

Елімнің үмітін ақтап,

Ұлтымның көшбасшысы дей келе байқауымыздың бірінші кезеңі. «Менің жетістіктерім»...(қазіргіге дейінгі және болашақтағы жетістіктерім) -3мин слайдпен Қазір алдын-ала белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен әрбір сайыскер өзін таныстырып өтеді.


Жүргізуші: бірінші кезең бойынша әділқазылардың бағасын білейік


Жүргізуші: Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным. дей келе байқауымыздың екінші кезеңі. Презентация сайысы: «Ең үздік мақала, бейнешығарма, эссе тақырыбы: «Егерде мен Елбасы болсам»



Жүргізуші: екінші кезең бойынша әділқазылардың бағасын білейік

Жүргізуші:

Мен қазақпын, көшбасшымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің

Көшбасшымын туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің

Байқауымыздың үшінші кезеңі. «Тәуелсіздік жылдарындағы менің ауылымның өзгерісі», бейнебаян (ұзақтығы 4 мин)


Жүргізуші: үшінші кезең бойынша әділқазылардың бағасын білейік


Жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер көшбасшы деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа дей келе байқауымыздың төртінші кезеңіне өтейік. «Қазақтың ұлттық өнер сайысы: (қатысушылардың бастамасымен ән, би, мәнерлеп оқу (сахналық қойылыммен)» тәрбие – білім саласындағы өзекті тақырыптары мен талаптарын қамтылуы тиіс.


Жүргізуші:

Әділқазылар өз шешімін шығарғанша.........

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айттым, - дей келе, әсем әнге кезек береміз

Picture 9 Picture 15

Жүргізуші: Көшбасшыларымызды марапаттау үшін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Алғыс хат тапсыру үшін -------------------------------------------------------------

3 орын тапсыру үшін -----------------------------------------------------------------

2 орын тапсыру үшін -----------------------------------------------------------------

1 орын тапсыру үшін ------------------------------------------------------------------

Келесі аудандық байқауда жеңіске жетуіңізге тілектеспіз


Жүргізуші:

Әлемнiң ерке дарасы,

Адалдық туын көтергiң тiктеп,

Қазақтын қайсар баласы.

Бабадан калған, аманат саған,

Кең байтақ қазақ даласы! Осымен бүгінгі байқауымызда соңына келіп жетті. Сау болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі