мен өз елімнің патриотымын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сарышаған кентіндегі ЖББОМ (мектеп жанындағы интернатымен)» КММ


Бекітемін: Тексерілді:

Мектеп директоры: Тәрбие ісі жөніндегі

Г.Б.Мусаева_____________ орынбасары:

Г.А.Ахмедова_______















«Мен-өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сабақ жоспары








Сыныбы: 5«ә»

Сынып жетекшісі : Г.С.Ешмагамбетова



















2017-2018 оқу жылы

Мақсаты: 1. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай -

қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

2. Отанын, туған жерін қорғай білуге, оқушыларды ұлтжандылыққа,

атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге

тәрбиелеу; 
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер суреттері, қанатты сөздер, формат, маркер

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру. Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу)

II. . Ой қозғау (Қазақстан жайлы не білеміз?) оқушылар ойын тыңдау

III. Қазіргі кездегі Қазақстан (сипаттама)

IV. Сандар мен деректер

V. «ҚАЗАҚСТАН» сөзтізбек жүргізу

VI. «Сүйіспеншілікке толы Қазақстан», «Мен елімнің ертеңімін»

постер

VII. «Бір түйін- бір сөз – бір патриот» қорытынды ой жазу

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі Білім күні құтты болсын!

Оқу жылының алғашқы күні сіздермен өткізгелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен елімнің патриотымын» деп аталады. Ендеше тәрбие сағатымызды бастайық.

Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері. Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені.

Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ, қуатты ел. Жер қойнауында да, жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым. Онда 120 ұлт өкілдерінен 17 млн халық тұрады. Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа, 160 ауданға бөлінеді.Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары  лауазым иесі –Президент.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба, Туы және Әнұраны бар. Бүгінгі біздің ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекет құрып Қазақстан Республикасы атанып, көк байрағымыз желбіреп, әлемге әйгілі болуымыздың өзі - - 25жыл толып отқан Тәуелсіздіктің арқасы.

Конститутция –кемел келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014-тің 7 әлеуметтік басты жобасы, 10 сенсациясы, экономиканы дамыту бойынша 7 стратегиялық қадам, әлеуметтік дамудың 7 стратегиялық қадамынан тұрады.

Елбасы Жолдауының маңыздылығы сонда, бұл құжатта еліміздің болашақ бағыт -бағдары айқындалып,"Қазақстан -2050 " Стартегиясының жүзеге асу барысы белгіленді.

Бұл Жолдаудың тағы бір тарихи мәні "Мәңгілік Ел" болу ұлттық идея ретінде нық бекітілді.

Бір мақсат - бұл "Мәңгілік Елді" нығайту, біздің Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ - бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Елбасының  «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.

Қазақ елінің тарихы тереңнен бастау алған , шежіресіне ой жетпес ,осындай азат елдің перзенті болып отырған біздер , осы елдің патриоттарымыз.

Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:

Отанға деген сүйіспеншілік;

Отанға деген адал сезім;

Отанын қорғауға дайын болу;

  1. Ой қозғау (Қазақстан жайлы не білеміз?) оқушылар ойын тыңдау

  2. Қазіргі кездегі Қазақстан (сипаттама) . Оқушылардан Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы, ахуалы, жағдайы туралы сұралады. Әр оқушының алдағы уақытта Қазақстанды өзгертудегі ұсыныстары сұралады.

  3. Сандар мен деректер (жылдарға мәлімет беру) Тақтада ілінген жылдарды сөйлетеді. Әр жылдың тарихи маңызына тоқталады.

1991 ж желтоқсан , 1992 маусым , 1993 ж, 1995 ж , 2014ж 2016ж

4. «ҚАЗАҚСТАН» сөзтізбек жүргізу

Қ----

А----

З----

А----

Қ----

С----

Т ---

А---

Н----

5. «Сүйіспеншілікке толы Қазақстан», «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында постер құру

Дөңгелене отырған оқушыларды 2 топқа біріктіріп, берілген тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, суреттеп бейнелей отырып, постер қорғайды.

6. «Бір түйін- бір сөз – бір патриот» қорытынды ой жазу

Оқушылар стикерлер тарата отырып, қорытынды ойын жеткізеді.

Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. «Бірлік болса ,тірлік болады» дегендей, еліміздің бұл дағдарыстан үлкен сабақ алып,дами түсетініне кіміл сенеміз.Сабағымыздың соңын Елбасының «Елдің ұлы болсаң, Еліне жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»!-деген сөзімен аяқтағым келеді.

1991 ж желтоқсан ҚР Тәуелсіз мемлекет деп жариялануы.

1992ж маусым Рәміздер қабылданды.

1993 ж, ҚР Тұңғыш Конституцияның қабылдануы.

1995 ж Конституция қабылданды.

2014ж

2016ж




























«Бекітемін» «Келісемін» Сарышаған кентіндегі ЖББО директордың тәрбие ісі жөніндегі мектебінің (мектеп жанындағы орынбасары: интернатымен) КММ 2017 ж директоры: Г.Б.Мусаева 2017 ж










Тәрбие сағаттының тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»








Сыныбы: 5«ә»

Сынып жетекшісі: Г.С.Ешмагамбетова




















2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі