Материалдар / Мен өз елімнің патриотымын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту. 2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2018
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен өз елімнің патриотымын!

Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болу керек:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отанға деген адал сезім;

  • Отанын қорғауға дайын болу;


« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».


Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген

сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт -

дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,

болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың

сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,

достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақтадан оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар,

мемлекет рәміздерін көрсету.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Интер белсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс

Жүргізуші:

«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға « Мен өзелімнің патриотымын » атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.

Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.

Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Осы туралы ойларыңыз?

Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.

Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.

А.Байтұрсынов:

- Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып...- десе,

М.Дулатов:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.

Ал С.Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.

А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның

« Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.

Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.

Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.



Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?

(әр оқушы өз ойларын ортаға салады)

Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?

(әр оқушы өз ойларын айтады)

Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?

(әр оқушы өз ойларын айтады)

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларыңды, пікірлеріңді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.


  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата - баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;


Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.
















Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 


Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ.


Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 


Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты.


Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жинауға дағдыландым. Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келемін.


Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық. 
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.






Ой шақыру.

Мұғалімнің сөзі:

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:

( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)

Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)

Отан деген не?

(Балалардың пікірлері)

Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

  1. Мағынаны таңдау.

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!