Материалдар / "МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН"

"МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН"

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен - өз елімнің патриотымын Сабақтың мақсаты: мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Ата Заңымыздың 23 жылдығы туралы әңгімелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаев – суреті Астана, Алматы қалаларының суреті, ел рәміздері, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, кітапшаларСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіМұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды. 1 - оқушыКөз қуанып күн сайын көркеміне,Көңіліміз сенеді ертеңінеҚазақстан – алып ел, төрі Астана,Таңым ғана лайық ел төріне2 - оқушыОтаным - Қазақстан туған жерім,Мұнаймен газ болады асыл кенімКөркейтіп бір өзіңді келе жатқан,Артамыз елбасына үлкен сенім3 - оқушыМен қазақпын, ұланымын қазақтыңТәуелсізбін, егеменмін, озатпынКөк байрағым тұр көгімде желбірепАлатаудай көкке өрлеген азатпен 4 - оқушы:Желбірейді шалықтапҚазақстан жалауыКөкте қыран қалықтап,Қанат қағып барады5 - оқушы: Көк аспанда нұрлы күнКүлімдейді даламаБақыт тілеп тұр бүгінОл барлық пәк балаға6 - оқушы: Ұлттық өрнек мұрамызАдастырмас мұраттайНық көтеріп тұрамызЖалауды біз құлатпай!7 - оқушыБұлт баспасын күнімдіТарылмасын өрісім.Биік ұстау Туымды -Қасиетті борышымІІ. Сұрақ – жауап ойыны.1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?2. Қ. Р - ның астанасы қай қала?3. Қ. Р - сында қандай ұлт өкілдері тұрады?4. Біздің Елбасымыз кім?5. Мектепке не үшін келеміз?ІІІ. Қорытынды топпен жұмыс1 - топ. Қазақстан Республикасының өзен - көлдерін бейнелейді.2 - топ. Қазақстан Республикасының тауларын бейнелейді.3 - топ. Қазақстан Республикасының болашағын елестетіп бейнелейді.Достық бізге тым ыстық,Бірлік – байлық, ырыс – құт.Жарқырасын күніміз,Жаса, жаса тыныштық
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ