Материалдар / «Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери спорттық жарыстың әзірлемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери спорттық жарыстың әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімізде өскелең ұрпақтардың,Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру.Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, ардақты ардагер ұстаздарды үлгі ету. Оқушылар ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
613
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаздар күні мерекесіне арналған
«
Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери спорттық жарыстың әзірлемесі

Өтетін орны: «Жас сарбаз» ӘПСК кабинеті

Өтетін уақыты:

Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың,Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту

және одан әрі арттыру.Жас ұрпақты Отансүйгіштікке,  елжандылыққа

тәрбиелеу.Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, ардақты ардагер ұстаздарды үлгі ету. Оқушылар ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

Техникалық құрал-жабдықтары: Бейнепроектор, компьютер

Жүргізушілер:

Ж1. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

Ж1. Құрметті қонақтар,ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Мен өзі елімнің патриотымын» атты әскери- спорттық жарысына Қош келдіңіздер!

/фон музыка/

Ж1. «Жас сарбаз» әскери- патриоттық клубының тәрбиеленушілерінің саналы да сапалы білім негізінде ерік жігері мықты, батыл, табанды, жауапкершілігі мықты, патриотттық рухтағы тұлға болып қалыптасу , ол үшін дене күші және сұлулық,батылдық сияқты ерік сапаларын дамыту болып табылады. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке,  елжандылыққа тәрбие-леу.Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, ардақты ардагер ұстаздарды үлгі ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ж1. Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ж1.Қадірлі ардагерлер, ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

«Мен өзі елімнің патриотымын» атты жиынымызға арнайы шақырылған ардагерлерімізбен құрметті қонақтарымызды таныстырып өтейін:

Семей қаласы Қарулы Күштер ардагерлер төрағасы , ардагер ұстаз, отставкадағы полковник Тайматов Гарифолла Абрашитович

Ардагер ұлағатты ұстаз Ильясов Әділ Ашкеевич

Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы патриоттық тәрбие жөніндегі өкілі Бердикенов Кенжебай Кусманович

Қарулы Күштер ардагері запастағы майор Мухамадиев Куаныш Дүйсенович

Құттықтау сөз кезегі:

Семей қаласы Қарулы Күштер ардагерлер төрағасы , ардагер ұстаз, отставкадағы полковник Тайматов Гарифолла Абрашитович


Уа, халайық, халайық, 
Мұнда назар салайық, 
Ата жолын жалғамақ, 
Ел намысын қорғамақ

«Жас сарбаз» әскери- патриоттық клубының тәрбиеленушілерінің

құттықтау тілегін тыңдайық!!!

Дана

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ахмади

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Құтты болсын мерекеңіз Ұстаздар !!!

Ал енді жарысымыздың кезеңдерімен таныстырайын:

1-кезең

« Оқты оқжатардан алу және жинақтау уақытқа» жарысы қатысушылар

Әр командадан 1- қыз «Жас сарбаз» тәрбиеленуші

2-кезең «Калашников автоматын уақытқа толық емес бөлшектеу және жинақтау» жарысы қатысушылар. Әр командадан 2- ұл

« Жас сарбаз» тәрбиеленуші

3- кезең «Дартс» сайысы белгіленген қашықтықтан дәлдікке тигізу 1- ұл

« Жас сарбаз» тәрбиеленуші қатысады;

Жарыстың қорытындысын шығару үшін әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

= Жарыстың қорытындысын шығару және жеңген командаларды құттықтау =

Құрметті ардагерлер, ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!