№2 Аманқарағай орта мектебі ММ
Тақырыбы: « МЕН - ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН»
(Білім күніне арналған сынып сағаты)
Жауапты: Мүсілімова А.Ж.
2017-2018ж
Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!
Мақсаты:
-
Оқушыларды отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
-
Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылығын дамыту.
-
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой- пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнектілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа.
Барысы:
-
Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз бақытты баламыз!
Ақпыз,қара,сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!». Балалар сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот- ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін ұлттық қадір-қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.
-Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан- сенің туған елін, туған жерің, дос-жарандарың, туған- туысқандарың. Отан- бұл өзіннің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға тенеу керек, себебі ол сендерді анандай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не? Кім қалай түсінеді?
Отан дейміз кең- байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы!
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңен басталады.
-
Біздің Отанымыз қалай аталады?
-
Қазақстан Республикасының президенті кім?
-
Президент деген кім?
Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің отанымыз- Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жайдан қорғап, бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент , Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Семей, Талдықорған. Бұлар-әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар,өзбектер, корейлер, украиндер және т.б ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жүр. Астана- отанымыздың бас қаласы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналысқан. Астананы қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерін, Астанаға барғандары бар ма? (оқушылардың ойын тыңдау) Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік.(жапсырмалау жұмысын жасату)
1992 ж ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы: ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тікбұрышты көгілдір түсті мата.
Алтын күн, қыран және ою-өрнек
біздің халқымыздың ашық
келешег імен берекесі,
тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек ,
Елдің ашық қабағы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір тус, аясында шаңырақ бейнеленген. Шанырақты айнала күн Сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-әнұран. Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мындаған жылғы тарихы,Бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарсың
Одан қуат аламын
Әнұран ол тынысы
Кең-жазира даламның.
-иә,балалар, елін,жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болу керек?Білімді, өнерлі, ақылды,еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс-ақ ендеше Отан туралы қандай мақал білеміз?
«мақалды тап » ойынның ойнайық
Отан- ... да ыстық
Отан- ...нан басталады
Қорытынды: сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Сондай-ақ еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, елтаңбамыз,Туымыз,Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар ммықты ұрпақ,мықты азамат болатындарына сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен өз елімнің патриотымын!" Білім күніне арналған сынып сағаты

шағым қалдыра аласыз