Материалдар / "МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН" сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
өз елінің патриотты азаматы Қазақстанның болашағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
649
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын» 
Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. 
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтижелер: 
Сұрақтарға жауап бере алады, өз ойларын еркін айтады
Өздігінен қорытынды шығара алады. 

Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі - түсті маркер
Көрнекіліктер: 
Отанды сүю – отбасынан басталады. 

Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. 

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. 

Тәрбие сағатының өту барысы: 
Мұғалім әрекеті: 
1. Ұйымдастыру. Тренинг Мұғалім «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді. Сыныпқа жаңадан келген оқушылар бар болғандықтан танысу тренингін ұсынамын.Әр оқушы аты,жөнін,өзінің сүйіп айналысатын ісімен-хоббиімен таныстырады. 
2. Топқа бөлу (1,2,3 санау арқылы топқа бөлінеді).

Оқушы әрекеті: 
1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі. 
2.Оқушылар топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту 
Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. 
2. Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызу. Мақалдардың мағынасын талқылау, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. 

Мағынаны ашу 
1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды) 

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік. 
- «Патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 

- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады? 

Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады) 
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". 
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат. 
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
Мирза Фатали Ахундов 
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ». 

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу. 
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық. 
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз. 

1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз! 

2-оқушы. Патриот –ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
3-оқушы. 
Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз : «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын. 

«Болашаққа бағдар» видеофильм көрсетіледі. 
Оқушылардың ойын тыңдау, пікірлерін айтқызу.


Қорытынды: Сіздер бүгінгі оқушылар– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. 































«№1 ОМ МДШО» КММ




Білім күніне арналған тәрбие сағаты





Тақырыбы:



«Мен өз елімнің патриотымын»












10 «Ә», 11 «Ә» сынып жетекшілері:

Усенова М.К., Бектибаева Г.К.






2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!