Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Мен өз елімнің патриотымын тәрбие сағаты 7 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
23 Қараша 2018
1061
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі»
Сабақтың тақырыбы:«Мен- өз елімнің патриотымын ».
/Сынып сағаты/5,7-сынып.
Сынып жетекшілер: Даулетов Н.Қ Насимуллина Н.Н
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Мен- өз елімнің патриотымын».Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТМақсаты:Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа Барысы:1. Ұйымдастыру. Тренинг «Саңырау телефон» -шеңберге тұрып, бір оқушының құлағына сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.2. Топқа бөлу(қиық қағаздар арқылы)1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді.Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен-өз елімнің патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім?Мотивациялық «Ассоцация» тәсіліӘр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады: Патриот – бұл........... Болжамды жауаптар:1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам. 4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды. 13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады. 14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
I-блок. Уәждемелік Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және 9-кестені толтыру ұсынылады:
9-кесте – Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау
Патриотқа тән қасиет | Патриот емес адамның қасиеті | Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан) |
Болжамды жауаптар: • жауапкершілік; • әділеттілік; • төзімділік; • адалдық; • батылдылық; • шыдамдылық; • ризашылдық; • зейінділік. | Болжамды жауаптар:• өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;• жауапсыздық;• отбасы алдындағы борыштың болмауы;• берекесіздік;• бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);• арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;• Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы. |
Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.
II-блок. Практикаға бағдарланғанЖастық кезең белсенді өмірлік ұстанымның, өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығы түсінудің қалыптасуымен байланысты. Осы жас категориясы үшін болашақ кәсібін таңдау және оның еліміздің бүгінгі өмірімен байланысы маңызды болып табылады. Екі топ өз ойларын ортаға саладыРегламент сақтауЕкі топ өзара сұрақ алмасадыКөрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
Енді сөз кезегін оқушыларға берсек: 1-оқушы: Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,-деп қасық қандары қалғанша ар-намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.Даттаушы жақ мүшесінен сұрақ: «Нұр Отан ХДП Төрағасы кім?» (Нұрсұлтан Назарбаев)2-оқушы: Жастарсыз- болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.Бүгінгі жас- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміз-дің болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Өмірдің өзі де осылай емес пе, біреу келеді, біреу кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып отырады. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.Ақиқатын ашып айтар болсақ, жастарымыз белсенді болуы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр. Жүректерінде жалын бар, бойларынан бұла күштері тасыған жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға үрке қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыға үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса нұр үстіне нұр болары анық.Даттаушы тобынан сұрақ: 1)Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан партисы» «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезі қандай ұран бойынша өтті? (Арман.Еңбек .Сенім ұраны бойынша)3-оқушы:Менің ұсынып отырған аргументім:«Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты жобасының маңызы зор. Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да XXI ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Мысалы: Ақтөбеде Ақтөбелік жастардың бастамасымен «Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты марафон эстафета өтті.Жастар үшін «Жасыл ел»жастар отряды 700 мыңнан астам жас қазақстандықтарды біріктірді.Осыған байланысты жастар туралы сөз қозғауға болады. Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай қарекет етуде? Барша қазақ жерін қозғамай, өзіміздің бас қаламыз Астанаға тоқталсақ жөн болар. Астана жастарының белсенділігіне үңілсек, олардың қатысуымен атқарылған көпке танымал іс – шаралар жоқтың қасы. Сол себепті Назарбаев Университетінің студенттері, Жастар Парламентінің қатарына қосылды. Бұл ұйым Алматы қаласында өз іргетасын қалап, тамырын кеңінен жайғанымен, Астанада Жастар Парламенті Еуразияның жүрегінде орналасқан Назарбаев университетінде ғана құрылған. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады.Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!Қорытынды сөз: Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекше-лiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп.Ұлы педагог А.Макаренко: «Тәрбиешiнiң әрбiр қимылы, жүрiс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлiм-тәрбие берерлiктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиешi бола алады» деген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы сөз қалды.Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен.Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде.- Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс - шаралардың өтуіне ұйытқы болып келеді. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Астана ұсынған көрменің тақырыбы "Болашақтың энергиясы" деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және "жасыл" технологияға арналған.ІІІ. Негізгі бөлім"Назар сал, тыңда"әдісі. - Балалар, ЭКСПО дегеніміз не? Оның мақсаты қандай? Оның біздің елімізге қандай пайдасы бар? - Жақсы, балалар, көргенімізді толықтыру үшін, одан әрі жақсы мәлімет алу үшін мен сіздерге мынадай мәтіндер алып келдім. Барлығымыз дауыстап оқып берейік./оқушыларға дайын мәтінді оқыту/1-оқушы: Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір - біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе "ЭКСПО" деп аталады 2 оқушы: "ЭКСПО" атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, "экспонат" деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО - ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы - соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.3-оқушы: Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 168 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған. Штаб пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ - на 1997 жылы мүше болып кірді.3-оқушы: Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады.4-оқушы: Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2 - 2, 5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні – екіншісі. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді.5-оқушы: 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, ЭКСПO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЭКСПО - 2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.6-оқушы: Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100 - ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.- Иә, балалар, бүгін сіздер көрме туралы біршама мәлімет алатын боласыздар.Халықаралық көрмелер тарихы туралы жинақтаған мәліметтерге назар аударайық. «Жалғасын тап» ойынын ойнайық.Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгерген Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Ән «Атамекен».Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елт аңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)