Мен қандай баламын. Тренинг сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен қандай баламын. Тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг- сабақ  тақырыбы: Мен қандай баламын?………… .

Мақсаты: 1) Оқушыларға өздерінің қандай бала екенін және аналарын сендерді қаншалықты білетініңді таразыға тартып,ортаға салып оны анықтауына көмек беру.

Міндеттері:

1) Оқушы өзін-өзі тануға ұмтылады.

2) Өзіне-өзі есеп беріп,өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуге талпынады.

Қолданылатын стратегиялар: ой қозғау, тренинг топтамасы.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Тәрбие сағаттың түрі: тренинг — сабақ

Өтілетін  барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

І: 2. Қызығушылықты ояту : Психологиялық ахуал

ІІ..2 Ой қозғау (Оқушыларға )

1.Тренинг

а) –Балалар «Мен қандаймын»?

не « Мен қандай баламын» сұрағы төңірегінде не айтуға болады?

Менің жақсы қасиеттерім:

Менің кемшіліктерім:

«Бейджик»(Ата-аналарға)
Мақсаты:  Ата-аналарды  бір- бірімен  таныстыру .
Алдарындағы  парақтарға   өздерінің  қалауы  бойынша  маркерлармен   «бейджик»  бейнелеу. (уақыты 5-7 мин).  Бейджик  арқылы  өзі  туралы   ,  баласының атын,  бүгінгі  сабақтан  не  күтетінін  айтып  өту.
ІІІ.   2. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.салыстыру
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың аты — жөні…
2. Балаңыздың ең жақын досы…
3. Сүйікті пәні…
4. Сүйіп тыңдайтын әні…
5. Сүйікті тағамы…
6. Жақсы көретін түсі…
7. Жақсы көретін телебағдарламасы………

8.Аяқ киімінің өлшемі…
9. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
10. Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай?

ІҮ.   Енді ата-аналар сіздерге мынандай жағдаяттар беремін 
Жағдаяттар беру.
 
1 — жағдаят: Баланың бастан кешкен сезімі
 
Сіздің іс-әрекетіңіз?
 
Бір нәрсеге ашулы 8 жасар ұлыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп!» деп күйіп піседі. Бармаймын мектепке.

2 Жағдаят

Анашым , менің бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген өлеңді –жаттаған жоқпын , текке 2-лік алып қалармын.Апайға телефон соғып «Ауырып жатыр »деп айта салыңызшы.. 
Ү:   Сергіту сәті:

ҮІ…«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы аналары баласын тауып алуы керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
ҮІІ:    Мен қандаймын?

Шарты: берілген фигуралар арқылы өзін-өзі анықтау. Фигуралар ішінен — тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, шеңбер, ирек сызықтардың ұнайтын біреуін таңдап алу керек. Таңдаған фигураға сәйкес өз бойыңыздағы қасиеттерді анықтауға болады.

 ҮІІ….Кімнің  қандай екендігін тап.

ҮІІІ.     Балалар бүгінгі сабағымызды мына сөздермен аяқтағым келеді.

Өзіңді- өзің таны да,

Тағы да ойлан, тағы да.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? –деп ойла

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?-деп ойла

ІХ. Мен Қазақстанның болашағымын








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2018
1304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі