"Мен қазақпын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен қазақпын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қазақстан республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып-білуге, жақсы көруге, қазақ екендігін білуге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен- қазақпын.

Мақсаты: Қазақстан республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып-білуге, жақсы көруге, қазақ екендігін білуге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:

Туған жер- алтын бесік.

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Барысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды орындайды).

-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз- тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік Туы бар. Біздің ұлттық тіліміз- қазақ тілі. Республикамыздың президенті Н. Ә. Назарбаев.

-балалар, мынау біздің еліміз-Қазақстан Республикасынң Мемлекеттік Туы- көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек- алтын түсті.

Тәбиеші балалармен сұрақ- жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.

-Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

-Күн, құс пен оюлардың бейнесін көріп тұрмыз.

-Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

-Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

-Мемлекеттік туымыздың түсі көк, көгілдір.

-Неге ұқсайды?

-Аспанға ұқсайды.

-Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

Балардың жаттаған Жұбан Молдағалиевтың «Мен- қазақпын» деген өлең жолдары тыңдалады.

Саят: Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Сымбат: Мен- қазақпын ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын данамын мен.

Әнел: Мен- жігітпін айқасқа, сынға асықпын.

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

Айсұлу: Мен- қарагөз сұлумын, сайтан қызбын,

Сайрай қалсам тілімнен бал тамыздым.

Сүйер болсам өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмын қайрасқан балта жүзім.

Сергіту сәті:

Бір шаңырақ астында,

Тату- тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата- бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз!

-Ата- бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ, «не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің юолашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «өткен өмір»деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарих емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмасада оқыған тарихшы атаң,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым- кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Есімі еш адамның өшпейді екен,

Артында ұрпақ жүрсе өздеріңдей.

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген.

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,

Өткендерін қалай да білсін деген.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз рулардың басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталмай ма бұл тарих?

Менің елім- Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтынбесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екм?!

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы,- деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жандар екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

Құралай: Қазақстан туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем

(Ата мен немересі шығып кетеді).

Ойын: «Туған өлкені гүлдендір».

(Балалар алдын ала суреттерді жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады).

-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қыз міне, сендерсіздер.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан- жақты білімді болу- міндеттерің. «туған жер- алтын бесік»- демекші, балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетте айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі