Материалдар / "Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген" тарихи әдеби кеш

"Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген" тарихи әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдерімен сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Сабақтың мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, жас жеткіншек бойында Отанынға және туған елге деген сүюйіспеншілілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру;

Білімділігі: Сауаттылық дағдыларын қалыптастыру, сөйлем құрау, туралы білімдерін байыту, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу,

Дамытушылығы: Халық педагогикасын насихаттау, балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу, сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету, білімге деген құштарлығын арттыру;

Тәрбиелігі: Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу, қауымдасып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізденпаздылыққа, білімділікке, әдепті сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар альбом, тірек сызбалар, тарих шежіресі, бүктеме.


Сабақтың барысы: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» тақырыбы бойынша тарихи-әдеби кештің жоспары:


І. Кіріспе сөз.

ІІ. Негізгі бөлім

1-бөлім «Ел болмысы –өткен тарихтан».

2- бөлім «Қайсар рухты қазағым».

3-бөлім. « Ғасырлар үні естіледі».

4- бөлім. «Тәуелсіздік туын көтерген –Қазақстан!».

ІІІ. Қорытынды бөлім


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тарихи-әдеби кешіміз өзгеше. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 22 жыл толып отыр. Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлі етер «барыс» текті, намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойымен жүрегінде жерімен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолдарындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.

Тарихқа бір сәт шегінсек...

ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра көшіп «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратаудың баурайында бас қосты. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.

ХХ ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға тұстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды.

1930-1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн халықтың 3 млн опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Зиялы қауымды қынадай



қырған 1937-1938 жылдар аралығындағы Сталин репрессияға ұшыратып, елдің

болашағын ойлаған азаматтарды халық жауы деп қырды. 1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті. 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Біз үшін Тәуелсіздік-Ту, Тәуелсіздік-жер-су, Тәуелсіздік- ел дәулеті, болашақ ұрпақ қамы. Қазақ халқы еркіндік алу, Тәуелсіздік жолында азапты өмірді басынан кешірді. Өзінің сан ғасырлық тарихында қаншама бейнетті басынан өткерді. Бірақ халқымыз мойыған жоқ.

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі , келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады,білімі мықты мыңды жығады» деп атағанындай қиялынан қанат біткен,ойы ұшқыр,білімді жастар сендерсіңдер.Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады,олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқың үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар- сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай біліңіздер.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста,

Ғасырларға жалғастырып елдікті.

Дақ түсірме ата-баба арына!

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағатты,өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі!


1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум қымбатты қонақтар!

2-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды.  Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізді алдық.. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру  мақсатында, бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілеген!» атты әдеби-тарихи кешімізге қош келдіңіздер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын!

2-жүргізуші:  Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 22 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның Тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

2-жүргізуші: Қазақ халқы ежелден мерекесін ән-жырымен, бимен, сал-серісін шақырып, салт-дәстүрмен таңқалдырған халық емес пе?

1-жүргізуші: Ия дұрыс айтасың. Мың бұралған жанымен, тәнімен, сахнаныбаулыған, би өнерімен баршамызды сүйсіндірген биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Биші қыздарымыздың орындауында «Шашу» биі. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Ежелден еркіндік аңсаған қазақ елім, мың өліп, мың тірілген тари хы мен өркениеті бар бүгінде дүниежүзіне танымал қазақ елініңсамғау жұлдызы биік!

2-жұргізуші: Олай болса, «Ел болмысы – өткен тарихтан» бөлімі бойынша «Қазақ елі» тобын ортаға шақырамыз.




1-бөлім «Ел болмысы – өткен тарихтан».

Аида- Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр алқап – көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен атақонысы.

Нұржан- Ұлан-ғайыр атырап, Ертіс пен Еділге дейін, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік атажұрты.

Диана - Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.

Бақжан -Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, ілгері ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіштік жерінің, асқақ рухының арқасы.

Ерасыл - Сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.

Назерке - Бодандық бұғауынан босанып, бостандыққа қол жеткіздік, ата-бабамыз жете алмай, ғасырлар бойы армандап өткен Тәуелсіздікке ие болдық. Қазақ елінің тәуелсіз дербес ел болып, көк байрағын көкке көтергеніне де, мне 22 жыл!

Нұрлы - Еркіндік тепе-теңдік, егемендік пен тәуелсіздік – қай халық үшін де, ежелден аса қадірлі ұғымдар. Мұны түсіну үшін елім деп соққан зор жүрек керек, жерім деп оққан жан пида сезім керек.

Сұлтан - Бұл далада халқым 300 жыл бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Солардың ішінде жалпы халықтық сипатталып, бүкіл қазақ даласын шарпығын қасіреттің ең ірісі 200 жылға созылған Жоңғар басқыншыларымен жүргізген шайқасы еді.

Аида - Ақырып теңдік сұраған ата-бабамыздың аялаған арманын біз бағалай аламыз. Исатай, Махамбет, Кенесары-Сырым жан қиып, аһ ұрған арманы – тәуелсіздік. Қалқанына қазан-қазан ет тураған, жебемен тіс шұқыған батыр елдің ұрпағымыз!

Айдана - «Көргені бар көргенін істейді, көргені жоқ ойына келгенін істейді» демекші, аштан қырылды, ел әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен ажырады, азамат кісіліктен қалды, баласы ата-анасын кәрілер үйіне өткізіп, ата-ана баласын жетімдер үйіне қалдыратын болды, ұрпақ ана тілінен айырылды, сөзден дауа, істен береке кетті.

Бақжан - «Елім бар жұрт едім ғой, елім қайда, төрім бар жұрт едім ғой,төрім қайда» дейтін қаһарлы ұранмен желтоқсанның үскірігіне қарамай, ұл-қыздарымыз жойқын батылдығымен дүниежүзін дүр сілкіндірді.

Елдос - Халықаралық қоғамдастық Қазақстанды адамзат тарихында бірінші болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел, дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлес қосқан мемлекет деп құрметтейді.

Аида- Дана халқымыз «еркіндік қайда болса, елдік-сонда, бірлік қайда болса, ерлік сонда» деп айтқандай, «қазақ елі » монументі-еліміздің сан ғасырлық тарихына, ұлтымыздың ұлы перзенттіріне, асыл мұратына, ата жұртымызға арналған мәңгілік ескерткіш.

Аида – Елім деп еміренген ұлан , ерінің қадірін білгенде ғана біздің тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Тілің аман, бауырың бүтін, рухың биік, мекенің берекелі болғай! Қазақ елі жасай бер!

1-жүргізуші. Елім деп, жерім деп жырлаған халықтың сағын ешкім де ешқашанда сындыра алмаған

2-жүргізіші: Олай, болса ортада Ділдахан Бақжан

1-жүргізуші: «Сарыжайлау» әнімен Қарсы алыңыздар.

2-жүргізушіАзаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы 3 ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері елі мен жері үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

1- жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман  мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз. Бұл күн халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың  ұрандап еске сақтар күні.

2-жүргізіші: «Желтоқсанның желінен қатқан қар. Қазағымның көз жасынан тамғаны анық» демекші, биылғы жыл тоталитаризмнің темір құрсауын бұзуға жұдырық боп түйіліп, азаттықты көксеген халқымыздың намыс жолындығы күресінің жарқын дәлелі. Желтоқсан оқиғасына -27 жыл толды.

1-жүргізуші: Олай болса, «Қайсар рухты қазағым» бөлімі бойынша «желтоқсан » тобын ортаға шақырамыз.

2-бөлім. «Қайсар рухты қазағым».


Шолпан


Өткен күрестер жеңісі-бүгінгінің жемісі


Өткен күрестердің жеңісі-бүгінгінің жемісі

Жеттік міне, осы күнге көптен бері аңсаған,

Ата-баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған.

Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын,

Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын.

Бейбітшілік үні кетті керегенің басынан,

Талай пендең орын тапты мерт болғандар қасынан.

Ашу-ыза қойнауына жетті олар шегіне.

Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.

1986 болды жастар қанымен,

Желтоқсанның 16-сы есте жастар қаныман

Алматының алаңына бар студент жиналды,

Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды

Қырылды жастар, аямай ұрды, ұл-қызына қарамай

Апарып тықты абақтыға ешқайсысын аямай,

Рысқұлбеков Қайрат-ереуілдің басында

Асанқызы Ләззат пен Әлия бар қасында

Аямады ешқайсысын ереуілді бастаған

Қанішерлер қазақ жастарын ажал отына тастаған

Бірақ, бірақ, бақыт бәрін дегенімен жасады.

Колбин түсіп, орнын Назарбаев басады.

Ереуілге шыққан жастар үміт отын тапты ғой.

Ата-баба мұра еткен ұлан-байтақ жеріміз,

Қиыншылық көрсе-дағы тірі қазақ еліміз,

Көкірегінде жүрегі бар қазақпын деп талпынған.

Елім үшін әрқашанда жанымызды береміз.


Құлпынай Кездесерміз әлі біз

Қ.Рысқұлбеков

Жалалы боп, қатты батты жаныма, 
Жазалаушы қағаз алдым қолыма. 
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, 
Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым!.. 
Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?! 
Бостандықта еркін жүрген жан едім, 
Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар, 
Туа бермес сіз секілді асылдар. 
Қартайғанда жүрегіңді жаралап, 
Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».

Айналайын ағалар мен жеңгелер, 
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер. 
Сүмірейіп сот алдында отырған 
Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман-саулық тілеймін, 
Өздеріңмен бірге болсын тілегім. 
Өздеріңе тіл қата алмай, достарым, 
Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.

Айналайын қарындасым, қарағым, 
Қолда кісен, мен айдауға барамын. 
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды, 
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?...

Айналайын інішегім, құлыным, 
Сені ойласам, үзіледі жұлыным. 
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, 
Қетіп барам мен айдауға, құлыным. 

Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де, 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ