ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
МЕН – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТЫМЫН!
Жобаның авторы:
Жоба жетекші:
Ауданы:
Ауылы:
Мектебі:
ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1 АЛТЫН ҰЯҢ – ОТАН ҚЫМБАТ
1.1 Ел, отан, атамекен ұғымдары
1.2 Тәуелсіз елдің бір бөлшегі Луговой: кеше және бүгін
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН, ТУ
2.1 Менің мақтанышым – көк байрағым
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Ақын тілімен айтқанда «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың арайлы таңының атқанына да – бірнеше жыл. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсап – армандаған Тәуелсіздік туының желбірегеніне де ширек ғасырдан асты. Тарихи өлшеммен қарағанда, өте аз көрінетін осы қысқа мезгіл ішінде бодандықтан құтылған егемен еліміз қаншама жетістікке жетті.
Әлемде өзіне лайықты орын алған жаңа да жас мемлекетіміз – Қазақстан осы уақыт ішінде төрткүл дүниеге танылды. Бұл орайда егемен еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін ешкім жоққа шығара алмасы анық.Кез келген адам баласының туған жері, мекені бар. Сол секілді біздің де береке мен бақытқа толы, арманымызға жетуге үлес қосатын, мақтан ететін еліміз бар, ол - Қазақстан, егеменді Қазақстан!
Мен үшін туған жерімнің шуақты күні, жалтыраған жұлдызы, кең байтақ жері, әсем ғимараттары, бау-бақшасы,әсем табиғаты, аң-құсы, табиғи байлығы мен бауырмал, қонақжай халқы –қымбат. Біздің ел сияқты мемлекет басқа жерде жоқ. Себебі, біз соғыс, қасірет дегенді тек кинолар мен мультфильмдерден ғана көреміз. Сол себепті де біз бақытты халықтың ұрпағымыз.
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздікке қол жеткізген ағалар еңбегінің жемісін біз, қазіргі бақытты ұрпақ көріп келеміз. Ал оны сақтау, баянды ету бізге жүктелген міндет. Тәуелсіздікті біз қандай жағдай болса да қадірлеуіміз керек. Бұл біздің – борышымыз! Өйткені, Тәуелсіздік – ұлттық санамыздың бесікке бөленген алтын бастауы. Бастауды шаң жуытпай, таза ұстау – ұрпақ парызы. Бұл парызды орындау үшін – өз тарихымыздан тағлым алып, мемлекеттік нышандарды қастерлеп, ұлтымыздың мақтанышына айналдыруымыз керек.
Осы мәселенің маңыздылығын менің елімнің «Бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиналғанын, жазықсыз зардап шеккенін де сіздер жақсы білесіздер. Бүгінгі күн ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы арманы еді» деп көрсетті. Сонымен бірге Елбасы біздің 70-жыл бойы орыстардың билігіне бағынуға мәжбүр болғанымызды айта отырып, қазіргі қолжеткізген тәуелсіздіктің қадірін балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап, елдің барлық азаматтары сезінуі тиіс деді.Тарих беттерінен біздің елдің осы күнге оңай жетпегенін білеміз. Бір кездері еліміз жейтін азық болмай ашаршылықты бастан өткізіп, қаншама бауырларымыздан айырылдық. Түрлі оқиғалар қандас бауырларымыздың ел асып, көшіп кетуіне әкеп соқтырды. Одан бері де неміс басқыншылары біздің елімізді басып алғысы келіп, соғыс ашқанын, Ахмет, Әлихан, Мұстафа сияқты бабаларымыздың қудалауға ұшырағаны, 1986 жылғы аға-апаларымыздың алаңға шығып, құрбан болғандары осы тәуелсіздік жолындағы күрес. Бұл – тарих! Бұл тарихты тәуелсіз елдің болашағы біздер ұмытпауымыз керек.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жон теріңді сығып жүріп, еңбек ет! Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» Яғни мен өз елімнің, тәуелсіз елімнің азаматымын! Осы атқа лайық болу үшін жақсы оқып, маман атанып, еліме қызмет етуім керек. Бұл менің алдағы мақсатым. Мемлекетіміздің дамуының ұлттық бағыты анықталды.Ендігі жерде тәуелсіздігіміздің өмірін ұзақ ету үшін жас ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру жолдарын дар қарастырып жатыр. Сол себепті де біздің бүгінгі жобамыздың тақырыбы өзекті деп білеміз. Тәуелсіздік қадірін, қасиетін, маңызын жас ұрпақ көзімен айқындау уақыт талабы
Жобаның мақсаты мен міндеті. Қазақтың ұлт болып қалыптасу кезеңіндегі ата-бабамыз жүріп өткен жолдың әрбір қадамы - өшпес тарих, тұнған шежіре. Біз ел басына күн туған кездерде, батырлық пен батылдықты, ерлік пен өрлікті, қайсарлық пен адалдықты қатар ұстаған, азаттықты аңсаған ата-баба ұрпағымыз.
Өткен азапты жолды халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Осы зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты - тәуелсіздікке қол жеткізуге ықпал еткен оқиғаларды дәріптей отырып, тәуелсіз елдің нышандары ту, елтаңба, әнұранды қастерлеуді, батырлар ерлігін дәріптеу арқылы, жастар бойына елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, парыз, борыш ұғымдарының мәнін түсіндіру, қадірлеу.
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақ елінің тәуелсіздікке жеткенге дейінгі өткен тарихи жолын жүйелеу, негізгі оқиғалардың мәнін арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
- тәуелсіздікке жеткізген басты оқиғаларды зерделеу;
- «отан - отбасынан басталады» ұғымын нақтылау;
-елтаңба, ту, әнұран тарихын біліп, қадірлеуге үндеу;
-туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-туған жерді сүюге үндеу.
Біз өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұрғысынан қарайтын бақытты ұрпақ екендігімізді айттық, «Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» [2], - деп Әлихан Бөкейханұлы бабамыз армандаған заман келді.
іздің халық қалыптасқаннан бері бірлік пен татулық мәселесіне айрықша мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағалап келген. Халық бірлігі – егемендіктің, мемлекеттіліктің негізі екендігін түсінген елміз.
Біз, ХХІ ғасырдың жастары, ата-бабамыздың ерлігін мақтан тұтып, болашағымыздың жарқын болуына аянбай тер төгуіміз қажет. Білімді ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы, сондықтан да ел ертеңі біздің қолымызда. Осыны түсіне отырып, мен, озат, өз елін мақтаныш тұтатын шәкірт атанғым келеді.
Достарымды да соған шақырамын. Білімді болмасақ, өзге мемлекет мойындайтын күштілікке ие бола алмаймыз. Қазіргі қазақ жастары сапалы әрі үздіксіз білім ала отырып, сол үміт пен сенімді ақтауымыз керек. Қазақтың ұлы ақыны, сөз шебері, өлең сөздің патшасы Абай атамыз:
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан,- деп жырлағандай, әр оқушы мектептен бастап еліміздің өсіп-өркендеуіне, мемлекетіміздің болашағына өз септігін тигізсе, нұр үстіне нұр болады.
Менің түсінігімде ешуайымсыз, бейбітшілік заманда өмір сүргеннен артық бақыт жоқ. Қазір телеарналардан күнделікті әлемнің әр түкпірінде небір қырғынның болып жатқанын көріп, біліп отырмыз. Тәуелсіздік алған жылдан бері татулық пен тұрақтылыққа мән беретін елде туғаныма, ел сенімін ақтайтын, халқына жанашырлық танытатын, болашақты болжай алатын биліктің болғанына қуанамын. Өз замандастарыма ел, туған жер, отан, тәуелсіздік, көк байрағымыздың қасиеті, әнұранымыздың маңызы мен елтаңбамызды қадірлеуге шақыратын зерттеу жасай алсам, көздерін жеткізе алсам мақсатыма жеткенім деп білемін. Cондықтан да мен үшін бұл тақырыпты ашу барысында алдымызға қойған мақсатымыз маңызды.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан», «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы мен бұқаралық ақпарат құралдарының тігінділері.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тарихи талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық мәні. Зерттеу нәтижелерін орта білім беретін оқу орындарында бас тауыш сынып оқушылары үшін үйірмелер мен факультатив сабақтарында, тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ БӨЛIМI
1 АЛТЫН ҰЯҢ – ОТАН ҚЫМБАТ
1.1 Ел, отан, атамекен ұғымдары
Кез келген адам баласының туған жері, мекені бар. Сол секілді біздің де береке мен бақытқа толы, арманымызға жетуге үлес қосатын, мақтан ететін еліміз бар, ол - Қазақстан, егемен Қазақстан!
Отан туралы қазақтың мақтанышына айналған Мұқағали Мақатаев:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған... Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем... [1]– деп жырлады. Осыдан артық Отанның қадірін сипаттау мүмкін бе?
Мен үшін де Мұқағали ақын айтқан туған жерімнің көгінде нұрын төгіп тұрған күні, жалт-жұлт еткен жұлдызы, кең байтақ жері, әсем ғимараттары, әсем табиғаты, бауырмал, қонақжай халқы – қымбат. Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыны, Шерхан, Әбіштей аталарымыздай сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік, құтты қазынасы мол туған жеріміздің бар екені – әрбір қазақтың мақтаны.
Елдің арқа сүйер тұтқасы – біз, жастар! Өз елінің патриоты болатын азамат қана Отаны үшін көп еңбек сіңіріп, отқа да, суға да түсіп, өз елінің бетке ұстары бола алады. Әркезде «Мен өз Отаным үшін не істей аламын?» деген қағиданы ұстануымыз керек. Сонда ғана бабалар салған даңғыл жолдан таймаймыз. Еңсесі биік, ерлігі дастан зайырлы мемлекетіміздің дамуына үлесін қосып жүрген аталар, ағалар еңбегін бағалай аламыз.Өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, елі үшін игі істер атқарсақ, Елбасының бастаған «Мәңгілік ел» идеясына сай бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына еніп, алпауыт мемлекеттердің бірі боларымыз анық.
Қазіргі таңда мемлекет біз үшін, білім, ғылымды тереңірек меңгеруіміз үшін қолдауын көрсетуде. Бізге үміті мен сенімін артып, барлық жағдай жасауда. Сол себепті, біз, ХХІ ғасырдың жастары, ата-бабамыздың ерлігін мақтан тұтып, болашағымыздың жарқын болуына аянбай тер төгуіміз қажет. «Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі» екенін ескеріп, қазіргі қазақ жастары сапалы әрі үздіксіз білім ала отырып, сол үміт пен сенімді ақтауымыз керек.
Ел болашағына үлес қосу дегеніміздің өзі бүгінде өз тілімізді құрметтеп, оның жоғалып кетпеуі үшін туған тілдің құдіретін сезініп, оны аса құнды мұра ретінде бағалау емес пе? Бірақ бүгінгі таңда ана тілімізді кіршіксіз сүю,
оны құрметтеу жастарымыздың арасында жоғалып бара жатқандай. Абай атамыздың бір сөзінде: «Орыстан өнер үйрен, білім мен ғылым үйрен, бірақ сана-сезімі мен салт-дәстүрін, тәрбиесін үйренбе!»,- деген екен. Біз бүгінгі ұрпақ ана тілімізді шұбарлап, басқа тілге еліктеп, сол тілде сөйлесек, қазақ тілін ұмытсақ, ертеңгі болашағымызға қалай елестетеміз? «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ақын сөзін ешуақытта ұмыптауымыз керек. Ендеше, біз ана тілімізде таза сөйлеп, атадан-балаға мирас болып келе жатқан қасиетті тіліміздің жоғалып кетпеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде соңғы деміміз қалғанша сол қасиетті тіліміз бен салтымызды ұмытпай, ертеңгі келешектің игі істеріне ғана қызмет етуін қамтамасыз ету – ұрпақ алдындағы борышымыз.
Өз замандастарымды елімнің ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, не нәрсеге де жанашырлықпен қарауға шақырғым келеді. Алланың көрсеткен әрбір күніне шүкіршілік айта отырып, адам болып, кеудеңде жаның тұрғанда айтар ойыңды, істер игі ісіңді еліңнен аямау қажеттілігін де түйсінгендеймін.
Ұлы мұраттарға жетер жолда жасалатын, басылатын әрбір кішкене қадам сүйіспеншілікпен жасалса, шынайылық пен жауапкершілік сезімі болса, біздің жетер жетістігіміз мол болары сөзсіз. Осы орайда мен өзімнің қазір оқып жатқан мектебімде өтетін іс-шаралардың кішісі, үлкеніне қарамай, қалмай қатысуды өзімнің алдыма мақсат етіп қойдым. Өйткені осы аз уақыт ішінде көңілге түйгенім: қандай да бір шараға қатыссақ та, одан алатын тағылым мен тәрбие рөлінің құндылығы бар. Сонымен қатар өз сыныбымда неше түрлі игі шаралар ұйымдастырып, оның қызықты да мазмұнды өтуіне мұрындық болуды өз парызым деп санаймын. Осындай бақытты елде жүріп, бақытты заманда өмір сүре отырып біздің елдің көркеюі мен болашағына атүсті қарауымыз – кешірілмес күнә.Келешек ұрпаққа ісіңмен де, сөзіңмен де үлгі болу – азаматтық парыз.
Айта берсек, ой тізгінін тежеу оңай емес. Десек те бәрінің тоғысатын арнасы – мемлекетімнің гүлденуіне қайтсем өз үлесімді қосу мәселесі. Бір білерім, мен өтірік сөйлемей, ата-анамның айтқанын істеп, жақсы оқып, ата-әжемді қадірлейтінім, өскенде оларға қамқор болатыным анық. Мен бейбіт елде өмір сүріп жатырмын. Сол себепті де мен бақыттымын. Ең бастысы жақсы замат болып өсу үшін ел, туған жер, отан сөздерінің мағынасын дұрыс біліп, қадірлей алуым керек.
Отан - ұлағатты ұғым, қасиетті сөз. Халық нақылында: «Отан – оттан да ыстық», «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді», «Отан үшін отқа түс», «Отаным – алтын бесігім», «Туған ел – алтын бесігім», «Елі байдың жері бай» деген даналық ойлар бар. Құс ұясыз болмайтынындай, адам да Отансыз болмайды.
Мынадай аңыз бар: бірде сахаба пайғамбарымыз Мұхаммедтен: «Уа, Расулла, ең абзал амал не?» - деп сұрағанда, ол: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру...» деп жауап берген екен.
Отанды қорғау – әр азаматтың асыл міндеті, перзенттік парызы. Егер біз сонау ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмағанын, ұлын құл, қызын күң
еткізбегенін, батырлық пен ержүрек сезімдерінің басым болғанын байқаймыз. Сонымен бірге біздің аталарымыздың жауына қатал, досына адал, соңғы демі қалғанша туған жерін қорғауда қолынан найза түсірмегенін білеміз. Орлардың осындай жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Сонымен бірге отанымызды қорғаған, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алдырып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңген сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері де бізге үлгі. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деп дұшпанына қарсы тұрған Тұмар падиша байтақ та бай, дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз.
Заңғар жазушымыз М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ десе, ақын атамыз М.Шаханов:
«Отанның намысы үшін оттан қашпа, Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа. Тайсалма, бар, Отанның құрбаны бол! Өмірің орынсыз боп кетпес босқа»... О, дариға, алтын бесік — туған жер, Қадіріңді келсем білмей кеше гөр! Отан! Перзентке жүктеген қорғанысын, Сен намыстың ну қалың орманысың...- деп жырлайды.
Отан сөзін әркім өзінше түсінер, мен үшін «Отан» деген сөздің мағынасы дүниедегі ең асыл да ардақты, қымбат та ыстық, ой түйсігінің шырқау шыңының ұшар басындағы қасиетті ұғым. Сонымен бірге отан менің отбасым. Отан – туған анаң, туған жерің, Отаның, тілің, салт-дәстүрің, тарихың мен мәдениетің.
Мен өз елімді, өз халқымды ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерім мен әдет-ғұрыптарымды жан-тәніммен сүйемін. Отанды, елді, халықты сүю үшін әркім өз халқының даму тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін жетік білуі шарт. Әйтпесе мемлекетке, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мүмкін емес. Кішкентай бұлақ көзінен бастау алған тасқындай, әркімнің еліне, халқына деген сүйіспеншілігі кіші Отаны – туған жерінен басталатынын өмір заңдылығы деп білемін.
Алаш арысы Міржақып Дулатов «Алаш» сөзінің мағынасы – Отан кісісі, адамы, отандас деген мағына беретіндігін айтады [2]. Отан – мемлекет. Оны қорғау – мемлекетшілдік. «Отан»- деген сөздің мағынасы: туған ел, өскен жер, үй - іші, отбасы.
Отан сөзінің баламасы ретінде атамекен деген сөзді де пайдаланамыз. Қазақстан — менің атамекенім. Атамекен деген — туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.
Осы ғылыми жұмысты жазу барысында көп еңбектерді қарадым. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Ел» деген сөз екі түрлі мағына беретін термин
екендігі айтылған. Біріншіден ел – мемлекет сөзінің синонимі. Екіншіден, географиялық ерекшелігі бар аймақ, аймақ бөлігі. Ал егемендік сөзі француз тілінен енген, жоғары билік деген мағына береді екен. Егемендік ұғымын да тұңғыш рет осы француз ғалымы Жан Боден XVI ғасырда қолданыпты. Егемендік дегеніміз толық тәуелсіз болу. Біздің еліміз 1990 жылы 25 қазанда өзінің егемендігін жариялады. «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам еді. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

Туған жердің қадірін білмеген, оны құрметтемеген, қадірлемеген адамды ел азаматы деп айтуға болмайды. Ата- бабаларымыз туған жердің бір уыс топырағын жау қолына бермес үшін талай қасық қаны қалғанша күресті. Сол себепті де, әркімге туған жері, кіндік қаны тамған жері ыстық болатыны сөзсіз.
Менің туған жерім - Луговой елді мекенінің қалыптасқан тарихы тереңде жатыр. Іргесі 1924 жылы Бурное (қазіргі Бауыржан Момышұлы)-Фрунзе (қазіргі Бішкек) темір жолын салуға байланысты қаланған. Осы темір жол стансасының жанынан үйлер салына бастаған.Станса үйлері дайын болған соң патша үкіметі бұл жерге алғашқы орыс азаматтарын көшіріп әкеле бастаған. Ол кезде теміржол қызметінде тек қана орыстар істеген. Орыс тұрғындарының үйлері теміржол стансасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оған осы күнге дейін сақталған бейіттері дәлел. Луговой теміржол стансасы өз қызметін атқара бастауына байланысты халық саны арта түсіп, грек, татар, орыс саудагерлері көптеп келе бастайды. Жергілікті халықтан мал еті, тері, жүн өнімдерін арзанға сатып алып, сыртқа осы теміржол арқылы сатып, үлкен пайдаға кенелген.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдердегі қиыншылықтарға байланысты әкімшілік аумақтық басқару шекараларына да оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта біздің аудан да қарыштап дамып келеді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап елдің ауылшаруашылық саласы дамып, облыс халықн күрішпен, егінмен қамтамасыз ету үшін ата-аналарымыз еңбек етуде. Барлық салалардан үздік көрсеткіштер көрсетіп, ел тәуелсіздігінің баянды болуы үшін атсалысып келеді.
Кез-келген азамат өз тарихын тек біліп қана қоймай, оны қастерлей білгені де абзал. Себебі, тарих - өткен өмір жолымыз, сондық ол туралы шындықты білуге ұмтылғанымыз жөн. Белгілі ақын Ж. Молдағалиевтің:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- дегенін ұмытпақ емеспіз.

Елімізде ұлттық тәуелсіздіктің тарихына байланысты жарық көрген елеулі зерттеулер баршылық. Десек те, солардың ішіндегі шоқтығы биік Елбасының туындысы - «Тәуелсіздік дәуірі». Себебі, бұл еңбекте ел тарихы мен болашағы туралы Елбасының ой-толғамы, осы уақытқа дейінгі жетістіктер мен өткен асулар сараланған. Біздерге және келер ұрпаққа қазақстандық даму жолды нақты көрсететін аса маңызды еңбекте елдің даму үлгісінің қыр-сыры, оның эволюциясы мен басым бағыттары айтылған.
Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс!», — деп қадап айтуы көп жағдайдан хабардар етсе керек.
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Еуропа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені – Еуропа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай – ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дұнғандар, түріктер және басқа халықтардың өкілдері бар [3].
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Отанды сүю – ерекше бақыт. Ал оның аптабына күйіп, аязына тоңу – әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында озашапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Шексіз арман жолында Отан үшін орасан қиындықтардан өтуге болады. Біз өз егемендігімізді бабалардың өнегесі мен халқымыздың парасаттылығының арқасында алдық. Тәуелсіздік – күшті рух және мықты мінезбен ғана ұстап тұруға болатын тарих толқыны» [4]. Міне, Елбасы тәуелсіздіктің құнының қаншалықты қымбат екендігін айтады. Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін елде тұратын барлық халықтың бойында отан сүйгіштік қасиеттің болуы міндетті. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Егемендік, суверенитет неміс тілінде Souverariitat, француз тілінде souverainete – жоғары билік деген мағына береді[5]. Мемлекеттің сыртқы
саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен биік тұруы. Егемендік терминин алғаш рет 16 ғасырда француз ғалымы Ж.Беден қолданған. Бұл ұғым қоғам дамуының әркезеңінде әртүрлі мәнге ие болған. Егемендік мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. Бұл декларация Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Осы бағдарлама негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Еліміз егемендік алып, дербес, тәуелсіз мемлекет атанғалы бері өткен-кеткенімізді түгендеп, тарих, ел мен жер, аға ұрпақ алдындағы парызымыз бен қарызымызды өтеуге зор мән беріп келеміз.
Өмір үнемі өзгерісте болады. Соған байланысты халықтың да, олар өмір сүріп отырған қоғамның да өзгеріске түсіп отыратыны заңды сияқты. Өйткені, қоғамдық ортаға қарай халықтың ой өрісіде, тұрмыс дәрежесі де, ұлттық дәстүр формалары да белгілі дәрежеде өзгеріске ұшырайды. Әрине, бұл - тарихи заңдылық.
Ата-бабаларымыз қаншама жылдар бойы қан төгіп, небір күндерді бастан өткерсе де, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойған тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Осы еліміздің президенті Н.Назарбаевтың өмірбаяны мені қызықтырады, ол туралы түсірілген киноны сүйіп көремін. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Нұрсұлтан Әбішұлы кішкентайынан тату-тәтті отбасында дүниеге келгендіктен мейірімді, іні-қарындастарына қамқор болып өскен. Сонымен бірге ата-анасының түсінетін, нағыз сүйеніші болған. Шаруаға да икемді, тіл алғыш, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете алған. Мектепте жақсы оқып, үнемі өзінің алғырлығымен ерекшеленіп, алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямаған. Мінезі салмақты, ісіне тындырымды да сабырлы, жаңалыққа жаны құмар азамат болып өсті. Ол алғаш ұшқыш болуды армандаған, кейін әкесінің кеңесімен Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнында білім алған.
Біздің Президентіміз қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Оның тың бастамасымен көптеген игілікті істер жасалды. Әсіресе,
тарихта 40 жыл бойы жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал әкелген Семей ядролық сынақ полигонын жапты. Астананы Елорда сияқты әдемі, соңғы үлгідегі қалаға көшіріп, ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлағаны бүгінде баршаға аян. 1997 жылы 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылға 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Астана қаласы 2 ауданға – Сарыарқа және Алматы аудандарына бөлінеді.
Қазіргі уақытта бұл қала әлемді таңғалдыратын, халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды.
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы орын алса, қазақ халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді.
Қазақ халқы егемен ел атанып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өзіндік белгілерін қабылдады. Бұндай белгілерге елдің Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы жатады.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды: ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы.
Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов сынды белгілі суретшілердің авторлығымен Мемлекеттік елтаңбамыздың қабылданды. Елтаңбамыздың негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ ұғымының қазақ халқы үшін ерекше мағынасы бар, ол мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың отбасының бейнесі. Сонымен бірге елтаңбадағы Тұлпар бейнесі дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың белгісі іспетті. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани-байлығынан хабардар етеді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз орналасқан. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы болатындығын меңзейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі - Мемлекеттік Ту. Оның авторы – суретші Ш.Ниязбеков. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түсті
таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Туда бейнеленген қанатын жайған қыран құс –билік, айбындылық, тектіліктің белгісі. Күннің астындағы қалықтаған қыран қазақ халқының еркіндікті сүйетін асқақ рухын, жан дүниесінің кеңдігін жария етіп тұрғандай. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек – алтын, яғни сары түсті.
2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы барлық саладағы әсіресе, ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр.
Еліміз егемендік алған соңғы жиырма бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім.
Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін салауаттылықты, тәрбиені, сананы жетіл-діру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян.
Тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді көтергелі де біраз жыл өтті. Енді, әр саланың осыған дейін атқарып келген еңбегін бағалайтын уақыт жетті. Қорытынды шығарып, кемшін түсіп жатқан жерлерімізден сабақ шығару қажет.
Жалпы «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кең мағынасында - оны ел, қоғам деп түсінуге болады. Ол мемлекеттің бір территорияда орналысқандығын және оның жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырғанын білдіреді. Өзінің тар мағынасында мемлекет белгілі бір территорияда жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым ретінде түсіндіріледі.
Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады» деген. Осы тақырыпты зерттеу барысында мемлекеттің негізгі белгілері: территориясы, тәуелсіздік немесе егемендік, мемлекеттік билік, халық, салық салу құқығы туралы еңбектермен таныстым.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтиже бізге төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер берді:
-тәуелсіздігімізді баянды ету үшін жаңа қоғамымыздың әлеуметтік - саяси, экономикалық және рухани дамуы өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие сапасын түпкілікті өзгертіп, жақсартуды талап етеді;
- оқу, тәрбиелік қағидалардың қазіргі қоғам талаптарымен үндестігін байқап, жастарға ұлттық тәрбие беруді имандылық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесін бүгінгі жас ұрпақ қажетіне жаратуды жүйелілікпен пайдалану қажет;
-тәуелсіздікке қол жеткізуге ықпал еткен оқиғаларды дәріптеу қажет;
- жастар бойына патриоттық сезімді қалыптастыру жұмысын жандандыра түсі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Мақатаев М. Шығармалар жинағы. – А., 2006 ж
2.Бөкейханұлы Ә. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1989. – 40 б.
3. Интернет порталы. Қазақстан тарихы порталы. – 30.01.2013 ж.
4.Назарбаев Н.Ә. Келешектің алтын кілті. – Алматы, – 2002. –13 б.
5. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. . – Алматы, 2011. – 203 б.
6. Әбжанов Х. Соғыс ақиқатын білеміз бе? // Қазақстан тарихы порталы. –
15. 05.2012 ж.
7. Көлбаев Т. Ерлігі бағаланбаған халықтың бірі.// Қазақстан тарихы порталы. – 30.01.2013 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – А .,1997
2. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – А.,2012
3. Ажаев Н. Тәуелсіздік тірегі (Тәуелсіздік күніне 15 жыл). –А.,2006
4. Абдрахманов С.Тәуелсіздік шежіресі. – Астана: Елорда,2001
«Мен – Қазақстанның азаматымын!» тақырыбындағы ғылыми жобаға
ПІКІР
Аталмыш тақырыпта орындалған ғылыми жобаның өзіндік ерекшелігі бар. Биылғы мерейтой қарсаңында қазақ елінің жеткен жетістігін дәріптей отырып, жас буын ойына патриоттық сезім қалыптастыру, өз елі үшін мақтана алатын жастарды тәрбиелеуге атсалысуға ықпал етері сөзсіз.
Жобаның мақсаты Тәуелсіздіктің қарсаңында егемен ел ретіндегі тарихымызды сараптау. Қазақ елінің тәуелсіздікке жеткенге дейінгі өткен тарихи жолын жүйелеу, негізгі оқиғалардың мәнін арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
- Тәуелсіздікке жетелеудің басты себептері мен кезеңдерін зерделеу;
- Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасының тарихта алар орнын анықтау. Осы мәселеге зерттеу жұмысын жүргізген оқушының өзіндік көзқарасын білу де аса маңызды болды.
Елдің рәміздері туралы нақты ақпаратты талдау арқылы, оны құрметтеу мен қастерлеудің қажет екендігін әрбір жастың жүрегіне құя білсек алдымызға қойған мақсатымызға жеткеніміз болып табылары сөзсіз.
Оқушы жобаға, жұмысқа қойған талаптармен танысқандығын, әдебиеттерге сілтеме жасау, әр тарау соңында қорытынды ұсыныстар білдіру арқылы байқатты.
Ғылыми еңбекке қойылатын талаптарға сай жазылғандықтан «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» атты жоба тиісті бағасын алады деген сенімдемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен Қазақстанның Азаматымын

шағым қалдыра аласыз