"Мен-қазіргі заманның педагогімін"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен-қазіргі заманның педагогімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аудандық "Үздік педагог-2018" байқауына қатысу барысында жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Мeн – қазіргі заманның педагогімін»


Жамбыл облысы 
Сарысу ауданы 
Донда Сенбин атындағы орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі 
Байгараева Галия Куатбековна

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол 
жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» 
Конфуций 

Кез-келген адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін және білім нәрін беру үшін қаншама тер төгіледі десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, адамзат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар ,сірә?!

Біз бүгін дамыған ашық қоғамда өмір сүреміз. Қазіргі қоғам балалардан жылдамдықты, ұтымдылықты, тиянақтылықты, дәлдікті талап етеді. Яғни аз ғана уақытта ауқымды білім бөлшектерін игертуіміз қажет. Өйткені уақыт талабы, заманның сұранымы солай. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім еншісінде. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - деген. Ұлы ағартушы айтқандай бүгінгі оқу үрдісіне керемет және ұлы мұғалім қажет деп ойлаймын.

ХХІ ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жалқаулық пен жайбасарлықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Бірақ та бұл тек біздің ғана қолымызда емес, жас жеткіншектердің қолында. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан - жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. 

Ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арыдай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.

Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде, шәкірттерім білімді болу үшін, сыни тұрғыдан ойлай алуларына, зерттеу жүргізе білуге және ойларын ашық айта білетін дәрежеге жеткенше шаршамай жұмыс істеймін. Өз сабақтарымда қолданатын әдістер мен тәсілдер заман талаптарына сәйкес келеді және оқушыларыма ұнайды. "Көптілділік" оларға қызықты, онда әрқайсысы білімдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жетілдіреді. Соңғы ғылым жетістіктері мен видеосабақтар оларды алдағы сабаққа материалды іздеуге дайындау кезінде жандандырады.

Әр ұстаздың өз ұстанымы бар. Менің еңбек етудегі басты ұстанымым:

1.Сауаттылық – саналы жазу мен оқудың баспалдағы екенін ескеру;

2. Шығармашылық қабілет – әр оқушының зейініне байланысты жұмыс жасата білу;

Заманауи педагог – бұл рефлексивті педагог. Әрбір мұғалім үнемі өзін-өзі жетілдіріп, және рефлексия тәжірибесінде ғана бұл өсуге ықпал етеді.

"Заманға сай қадам басып барамын ба? " деген сұрақ мені толғандырады. Жаһандану дәуірінің талаптарына сәйкес келе ме? Менің ойымша «иә». Мен заманауи педагогпін. Мен өзімнің білім мен біліктіліктілігіме сенемін, әр түрлі оқыту құралдарын тиімді пайдаланамын, сабаққа дайындыққа шығармашылықпен келемін.

Ал, ең бастысы, менің біліктілігім, мен " Өз болашағымды" оқытамын!!!

Қорыта айтқанда, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2018
583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі