Материалдар / Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдағы есірткіге қарсы тұру, оның салдары және зиянды екені ұғындыру. Есірткінің пайдалану қоғам үшінде, жеке өмір үшінде өте қауіпті екенін құлақтандыру. Есірткі жайлы ресми деректерге сүйену және жастарды бұл заттан сақтандыру.Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдердің тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі мектептерде, коледждерде көп орын алады. Нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен арласқаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету және тағы басқа оқиғаларды жасауға итермелейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
204
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

Сәлем досым! Бүгін мен саған есірткі жайлы айтып беремін.

Есірткі өте зиянды ат екенін бәрі білсе де түсінбейтіндер баршылық. Білесің, бақытты болу үшін әрбір адам оған қол жеткізуге асығып армандайды, оған ұмтылып мақсат етеді. Бақытты болуды әркім әртүрлі түсінеді. Мықты, денсаулығы бар адам шынайы бақытты деп есептеймін. Егерде сен есірткі қолданатын болсаң бірінші денсаулығыңды, екінші ата-анаңды есіңе алып ойлан! Есірткі саған жаңа өмір сыйламайды, керісінше өміріңді қысқартып бұл дүниеден қалай тез өтіп кеткеніңді түсінбей қалуың мүмкін. Ешқашан «бір рет көрші, аспанда қалықтап ұшқандай сезімде боласың, көңіл-күйіңді әрқашан көтеріп жүресің, егер шексең керемет зат бұл» деген сөздерге ерме. Сен өзіңді ойламасаң сені ешкім ойламайды. Сен әлі жассың, өмірің алда. Әр адам өзін-өзі басқаруға толық мүмкіндігі бар. Дені сау адам өмірден ләззат алады, көңіл-күйі көтеріңкі, жүзі жылы нұрланып тұрады. Адам баласының өзін-өзі ұстай білуі, мінезі, іс-әрекеті барлығы да сана сезімге, ақылына байланысты.

Досым, саған осы нашақорлықтың өзімізбен қатарлас достарымыдың арасындағы кішігірім белгілерін айта кетейін. Нашақорлықтың белгісі ретінде киімнің олпы-солпылығы, көбіне қара түсті заттарды киюге ұмтылуы мүмкін. Уколдың іздерін жасыру мақсатында ұзын жеңді көйлек кию тән. Беттің түсі бозарады, ал кейде топыраққа ұқсас болады. Шаштың қоюлығын жоғалтады және сынғыш келеді. Мысалы, досым, сенің танысың, көршің наша тұтынуы мүмкін. Адамға тереңірек үңілсең, оның бұрынғы дос және жолдас еместігін аңғарасың. Ол ызақор, көңіл-күйі жиі өзгеріске ұшыраған, көбіне аса озбыр адам. Сен онымен мұндай нәрсенің болғанын түсінбейсің. Оның өтілі бар нашақор екендігіне сену қиын. Егер осындай белгілерді достарыңнан байқасаң дереу сынып жетекшіге немесе ата-анаңа, полиция қызметкерлеріне жасырмай айтуың керек. Жалпы саған айтқым келгені есірткісіз, зиянды заттар мен зиянды әдеттерден өзіңді аулақ ұстасаң сонда ғана өмірің ғажапқа толы болады.





244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп 9 «Ә» сынып оқушысы Тілеубай Мерей

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!