Мен таңдаған мамандық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен таңдаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды мамандық жайлы түсінік беріп , мамандық түрлерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 сынып Сыныптан тыс іс- шара


Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық

Мақсаты: оқушыларды мамандық жайлы түсінік беріп , мамандық түрлерімен таныстыру

Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс

Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд, суреттер

Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сөзжұмбақ шешу

3 Ойын: «Кім не істейді?»

4 Мамандық (постер құрастыру)

  1. Синквеин әдісі

6. Қорытындылау: «Біз болашақта »

Сабақ барысы: Құрметті оқушылар біз сендермен «Мен таңдаған мамандық » тақырыбында сыныптан тыс іс- шара өткізгелі тұрмыз.

Біз үш топқа бөлініп бүгінгі іс- шарамызды жүргіземіз.

  • Балалар интерактивті тақтаға қараңдаршы , сендерге сөзжұмбақ жасырылыпты. Қане, шешіп көрейік.


  1. Ала таяқ ұстаған, 2. Бал тамған мәзір,

Жол тәртібін нұсқаған. Ол бар жерде әзір.

Өміріңді күзеткен (аспаз)

Ысқырығы күшті адам (милиционер)

3 Оқу – білім бұлағы 4 Өскен шашты жаратпайды

Заманының бағбаны (мұғалім) қайшысы бар жалақтаған

(шаштаразшы)

5 Келіп баған қасына

Өрмеледі басына (монтер)

  1. Еңбек орны – танабы

Сүйікті әні – дала әні

Егін салып мәпелеп,

Асырайды қаланы (дихан)

  1. Өңкей сығай екі топта

Таласып жүр бір допқа

Бұл кім? (футболшы)

  1. Күміс қанат сұңқары

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді? (ұшқыш)

Сөзжұмбақтың шешуінде ерекше сөз не шықты ;

  • Мамандық сөзі

Мамандық дегеніміз –кәсіптің түрлері. Сендер мамандықты қайдан көріп жүрсіңдер?. Мамандық иесі деп сол жұмыс атқаратын адамдарды айтамыз. Мамандық иелерін сендер үйден, яғни ата – аналарыңнан, әпке- ағаларыңнан көріп жүрсіңдер. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында , олардың өрісті ойы, өркенді ісі , табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетелейді» деген болатын. Сондықтанда балалар біз кішкентай кезімізден бастап өзімізге ұнаған және өз икемімізге қарап маман иесін таңдауымыз керек екен. Сол себепті біз көп оқып білімді болуымыз керек екенін естеншығармауымыз керек.

Кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.

  • Ойын: «Кім не істейді?» Әр оқушы өздерінің ата- аналарының кім болып жұмыс істейтіні туралы мәлімет айтып өтеді.

  • Постер құрастыру: Үш топқа мамандық тақырыбында постер құрастыру беріледі. Үш топ тапсырманы орындап ,постерді қорғайды.

  • «Бес жолды өлең құрастыру»

1 топ: мұғалім 2 топ: ұшқыш 3 топ: ақын

Оқушылар топпен бес жолды өлеңді құрастырады.

«Әріпті мамандық » ойыны . Әр топқа бір әріптен беріледі. Топтар сол әріптен басталатын мамандық атын айтады .Сол бойынша мамандықтың қыр – сырларын айтып өтеді.

1 топ: «А» 2 топ: «Ж» 3 топ: «К»

«Ойлан, тап» ойыны. Бұл ойында ұяшықтар арқылы сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Оныншы ұяшық мынау шаштараз . Ол шаш түзейді. Мынау – мұғалім . Ол білім береді. Сол сияқты жалғастырып кетеді.

«Жұппен жұмыс » «Ең, ең жақсы» ойыны

1 жұп: Ең, ең ақшасы көп .......... (банк қызмеркері)

2жұп: Ең, ең жасыл ..................... (гүл өсіруші)

3 жұп: Ең, ең тәтті ............................ (аспаз, кондитер)

4 жұп: Ең, ең күлкілі .......................... (клоун)

5 жұп: Ең, ең салмақты ........................ (мұғалім)

6 жұп: Ең, ең жауапты .......................(сот )

Осы жерде 3 топтан үш оқушы «Мен таңдаған мамандық» тақырыбынды эссе жазады.

Жағдаяттық көрініс: «Мектеп бітірушілерінің әңгімесі»

1 оқушы: Мен кім болатынымды айта алмаймын. Мұғалім бола алмаймын, себебі жүйкемді тоздырады. Өндірістік жұмыстарға бара алмаймын денсаулығыма зиян келеді. Ал фабрикада бір сарынды жұмыстан роботқа айналып кетемін. Менің таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтін және қызық болуы керек. Мамандығым жануармен байланысты . жолда көп жүретін болса екен деп ойлаймын.

2 оқушы: Онда сенің циркте жұмыс істеуің керек

1 оқушы: Оған дарын керек қой, ойланып көрейін. Өзің қандай мамандықты таңдағалы жатырсың?

2 оқушы: Маған қандай жұмыс болса да бәрібір тек жалақысы көп болса болды

1 оқушы: Сонда қалай?. Қабілетің болмағаннан айлығын ойлайсың ба?

2 оқушы: Аз айлықпен күн көру қиын ғой.

Осы жағдаят бойынша үш топтың пікірі тыңдалады.

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»

Оқушы өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті , қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Шаршы: Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сен үздіксің

Ирек: Сенде әсемдікті көре алатын қабіле жақсы дамыған. Сондай – ақ ой өрісің дамыған. Бастаған ісіңді аяқтауға төзімің жетпейді

Шеңбер: Сенде адамгершілік жоғары дамыған.

Үшбұрыш: Саған басқарушылық қасиет тән. Сабақта жоғары көтерілуге бейімің бар.

Қорытынды:

Болмасаң да ұқ сап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда? деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз деп Абай атамыз айтқандай алға ұмтылып арманымызға жетіп, елге қажетті мамандық иесі болайық!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
631
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі