Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен таңдаған мамандық эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге және оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таңдаған мамандық


Бала мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін де осы- мұғалім емеспе? Кейде, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» депте жатады. Иә, расыменде ұстаз- адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, өмірде өз орнын дұрыс таба білуге, айналасындағыларға мейірім, шапағатын төгіп тұратын, шәкірттеріне ең беделді, үлгі бола алған адам ұстазға саналады.

Мұғалімдік мамандықтың басты ерекшелігі әсіресе педагогтың ізденімпаздығы, білуге деген құмарлығы, артық білуге ұмтылуын айтамыз. Педагогтың басты қасиеттерінің бірі – балаға деген сүйіспеншілігі.Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бірнәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс»- деп жазады. Яғни балаға деген сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп сонымен қатар өз пәнінен көбірек мағлұматтар беруге ұмтылуын айтамыз.

Мұғалім қызметі ауыр. Бүгінгі мұғалім, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты, білімді, әмбебеп ұстаз болуға тиіс. Себебі, бастауыш сыныпта тәрбиенің негізі қаланып, бала мектеп тәрбиесі не екенін көреді,үйренеді.Бастауыш сыныпта демекші,

кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, қолыма «Әліппені» ұстатып, ең алғаш «Аа» деген әріпті үйреткен ұстазым Әбетова Жәмила апайға мың да бір алғыс айтамын.Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылындағы №29Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде 2000-2011 жылдары білім алдым. Мұғалімдерімнің берген білім нәрімен сусындап, мектепті жақсыға бітірдім.Одан кейін оқуымды Қызылорда қаласының білім ошағы болып саналатын «Болашақ» университетінде«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығы бойынша білім алдым.Бұл мамандықты таңдауымның бірден-бір себебі, мектептегі мұғалімдерімнің сөйлеу мәнері,сабақ берудегі шеберлігі,балаларды өзіне еліктіріп әкететін қасиеттері мені қатты қызықтыратын.Соның әсерінен болар мектеп қабырғасынан бастап мұғалім болуды армандадым және сол арманыма бүгінгі таңда жеттім деседе болады.Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, мәпелеген ата-анама және маған ақылдарын айтып,оқуыма барынша көмектескен ағаларыма алғысым шексіз.Адам армандай білу керек және сол арманына жету үшін алдына мақсат қоя білуі тиіс.

Мұғалім қызметі қызықтыда,бейнеті көп жұмыс. Мұғалімділікке үлкен жүрек,балаға деген ыстық мейірімділік керек.Мұғалім көп біліп, көп еңбектенуі қажет.Сол білген білімін жүрегінің жылуымен балаға жеткізу-үлкен адами парыз. Мұғалім кішкентай балалардың тілін таба білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын,өзіне қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін, ата-аналармен ынтымақтастықта еңбек ете алатын болуы керек.Егер ұстаз өзінің қызметіне жауапкершілікпен қараса,онда оның қызметі де, ұстаздар арасында да беделі арта түседі.Сондай-ақ жақсы ұстазды халық құрметтейді,ел сыйлайды,шәкірттің есінде қалады.

Еліміздің болашағы жастардың қолында дегендей, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеу біздің міндетіміз.Жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып,еліміздің кірпішін қалайтын патриот жастарды тәрбиелеу біздің парызымыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.01.2019
1084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12