Тақырып бойынша 11 материал табылды

"МЕНІ НЕГЕ мҰХТАР ҚОЙҒАН"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мқхтар Шахановқа арналған кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Еңбекту орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

БЕГАЛИНА САҒЫНЫШ ЕРЖАНҚЫЗЫ


«Мені неге Мұхтар қойған?»

(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашы лығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;

Кештің көрнекілігі: ақын портреті, слайд

Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.
1– жүргізуші:

Даласындай дарқандығы халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
2 – жүргізуші:

Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,
Кім Мұқаңша бағындырар бағытты.
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау,
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.
1-жүргізуші: XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М Шаханов –қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Мені неге Мұхтар қойған?» атты кешімізге қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек...

Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы

Қызмет жолы: – трактордың тіркеушісі жұмысынан басталып;

одан әрі облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер;

«Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші;

1-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы;

Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы;

КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты;

Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.) Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.)

2-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сынып жетекшісі болған Әбдіқұл Қошанов ақынның мектептегі кезеңін былай деп суреттейді: «Мұхтардың әкесінің аты Шахан еді, ауыл тұрғындары оны «Шахан молда» деп атайтын. Анасының есімі – Ұмсын. Мен ол кезде «Жұлдыз» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінмін. 1954 жылы Мұхтар біздің мектептің 4-ші сыныбына оқуға келді. Келесі жылы мен сынып жетекшісі болдым. Мұхтар сол кезде-ақ кітапқа құмар болып өсті. Әдебиетті көп оқитын, өлеңдерді жатқа айтатын. Сол кездегі атақты ақындардың кітабын қолынан тастамайтын. Сабағы жақсы, момын болатын, ешкіммен ұрысып-төбелескенін көрмеппін. Ол велосипедпен келе жатса да ойына өлең шумақтары түссе болды, дереу жерге отыра қалып, оны дереу қойын дәптеріне жазып алатын. Сондайда оны түсінбейтін кейбіреулер «Шаханның баласына бірдеңенің шалығы тиген бе?» десіп жататын».

1-жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды...

«Мені неге Мұхтар қойған» өлеңі тыңдатылады.

2-жүргізуші: Я, өкінішке қарай ұлының Абай, Мұхтар бастаған ұлы көштің соңына ергендігін әкесі көре алмай кетті. Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді.

Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912 жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті. Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпегенсоң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті.  Әкем Досболов Шахан 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерім – Отырар ауданы Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төлеби ауданының Қасқасу ауылында өстім.  Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де калмапты. 

Ендеше «Әке туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші : Ерасыл, осы «Бақыт» деген не өзі ?

2-жүргізуші :

Бақыт деген –сенің бала күндерің,
Бақытсыз –ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің- деп Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе ? Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен ? Ендеше тыңдап көрелік.

«Бақыт геометриясы» өлеңі Тұғырова Гүлнұрдың орындауында.

1-жүргізуші: Мына ән шумақтары бәрімізге де таныс болар.

Өзің едім тірегім де,

Жыр боп тұндың жүрегімде

Мені сендей түсінетін

Кім бар екен бұл өмірде?

2-жүргізуші:

Бұл әннің өлеңін жазған Мұхтар Шаханов екенін көбіміз біле бермеуіміз мүмкін. Әр өлең жолынан сүйген жардың ерке назы мен сүйгеніне деген адал сезімі шуақ болып есіп тұрғандай...

Олай болса Мұхтар ағаның сөзіне жазылған «Айналайын» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын Ещанова Гүлзат

1-жүргізуші:

Қиялыммен шарықтаймын кейде алыс,

Кел, кешіне, бейтаныс та, кей таныс.

Тілі менен ділін ту ғып көтерген,

Мұхаң біздің – осы күнгі Бейбарыс.

2-жүргізуші:

Бүгін міне, түленгендей қыр бағы,

Бүгін міне, көтерілді жыр тағы.

Елім, десе еңіреген жүрегі,

Мұхаң біздің – әл-Фараби ұрпағы.

Олай болса Әл-Фараби бабамыздың балалық шағын бейнелеп жазған «Арман» поэмасынан көрініс тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:  Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.

Өзі айтқандай:

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Қазақ халқының басына түскен сол ауыр жылдары   Мұхтар Шаханов етегі жасқа толған қазақ аналарының рухани демеушісі, жұбатушысы болды.

Желтоқсан оқиғасына арнап жазылған «Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жанған алауы» өлеңі Әбсет Гүлнұрдың орындауында қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Мұхтар Шаханов былай дейді: «Баз бір адамдарда болашағын елден ерек сезіну, түйсіну күші болатынын ғылым жоққа шығармайды... Махамбет ақын өлерінен екі күн бүрын айналасындағыларға өзінің жан шошынарлық сұмдық түс көргенін, түсінде иығынан үзіліп түскен басы өзіне қоштасу айтып тұрғаны әңгімелеген.» Сіздерге Махамбет батырдың рухына арнап шығарған «Нарынқұм зауалы» өлеңінің «Әке үкімі» бөлімін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,

Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын.

Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?

Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?

Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ақын туған тілінің тағдырына алаңдайды. Оның бір топ өлеңдері осы тақырыпқа арналған.

2-жүргізуші: Ақын болу дегеніміз – тек қана өлең құрастырушы емес, мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз – бірінші кезекте өзіңді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу. Өз халқыңның қайғы-қуанышын тек өз қайғы –қуанышым деп таныған шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің. Өйткені, « Кім қаншама шексіз сүйсе отанын, оның тартар азабы да соншама», -дейді ақын. Келесі сөзді ақын поэзиясына береміз.

«Рух пен тіл» өлеңі. Оқитын: Қаупбаева Альбина

1-жүргізуші: Сіз бен біздің рухымызды көтеріп, патриоттық сезімімізді оятқан Мұхтар ағаның өз даусындағы «Бауыржан Момышұлынан кешірім сұрау» өлеңін ұсынамыз.

1-жүргізуші: Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу. Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ, Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге тырысады. Мысалы: 
«Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым,
 
Достар, достар менен үміт үзбеңдер
 
Мені кілең адал ойлы жандардың
 
Қатарынан іздеңдер», -
дейді ақын.

2-жүргізуші: Оның өлеңдері бірде осылайша жан сезімін алдыңызға бар ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде жігерлендіруші күш танытып отырады: 
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
 
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
 
Жігітке арман жеткізіп пе еді
 
Өз сорын өзі жеңбесе.
 
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
 
Бақытсыздық емес ендеше!
 
Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай қорытындыға келді.
 

«Жігерлендіру» Өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

Оқитын: Өсербаев Құсмұқан
1-жүргізуші: М.Шаханов ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бастауларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктегендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын өз жырына арқау етті.

2-жүргізуші: Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей астасып жатады. Оның өлеңіне жазылған әндер де осыны растайды, ән әуендері иірімге толы, кең тынысты болып келеді. Ақын өлеңіне жазылған «Отырардағы той» әні шет ел сахналарында да айтылып жүрген танымал әндердің бірі.

Ән: «Отырардағы той» Орындайтын: Аманбай Саят

1-жүргізуші: «Достық- шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Өйткені досқа осалдық
еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген » -дейді ақын.
2-жүргізуші: Осы тақырыпта ақын өлеңдері аз емес. Әбдуалиева Фаризаның орындауында «Екі Шыңғыс өнегесі немесе мәңгүрттік қасіреті»

Гүлзат:

«Жаңғырық немесе Ақсақ Темір қалай басталды?» поэмасын сахналаймыз.
1-жүргізуші: 

Өзендер мен көлдердің,

Көлден шалғай шөлдердің.

Биіктер мен алыптардың,

Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, - деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған.

2-жүргізуші: Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Гүлдәурен», «Өмір-өзен», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик» «Туған күн кешінде» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер. Ендеше, әрбіріміздің туған күнімізде шырқалып, жақсы күндеріміздің куәсі болған әнді қабыл алыңыздар.

Ән «Гүлдәурен» орындайтын Әбдуалиева Фариза

1-жүргізуші

Өлең деген – сезім мен бір бұлқыныстың мөлдіреген бұлағы,

Ақын – батыр және адал, бәрінен де қырағы.

Өрелеген отты өлеңмен «өлгендерді» тірілткен,

Жарқырайды шың басынан Шахановтың шырағы!

 2-жүргізуші:

Жатыр іште ақынның сыр-жырлары,

Жалғасатын сезімдердің қылдары.

Өткір ойлар, жылы тұнған сезімдер

Ең шипалы жүректерге бұл – дәрі!–демекші мектебіміздің мәртебесін асқақтатып жүрген ақын оқушымыз Тілеуханов Дәуреннің Шахановқа арнауын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Анам марқұм Ұмсын Айтбайқызы «Неше перзентіңіз бар?» - деп сұрағандарға: «Ұлым үшеу, үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – Мұхтар Шаханов» - дер еді.Бірде үйде қонақта отырғанда Дінмұхаммед Қонаев: «Жеңеше, қазақтың үш мықтысын дүниеге бір өзіңіз әкелген екенсіз ғой», - деп әзілдегенде, «Екеуінің мықты екені рас, ал үшіншісінің шынайы биікке көтерілуі үшін әлі көп тер төгуіне тура келеді», - деп жауап бергені есімде қалыпты. Анам Шәкеңді де, Төкеңді де өзгеше аналық парасатпен жақсы көрді. Ол екеуі де анам дегенде ішкен асын жерге қоярдай құрметінен танған емес. 

1-жүргізуші: Я, ақынның көптеген әндерін қазақтың «Вальс королі» атанған Шәмшідей композиторсыз елестету мүмкін емес. Махаббат гимніне айналған «Арыс жағасында» әнін әу дейтін қазақтың бәрі біледі десем қателеспейтін болармын. Ендеше осы әнді бәріміз бірге орындайық.

«Арыс жағасында» Орындайтын: Ещанова Гүлзат

1-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби - сазды кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
5525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі