Материалдар / "Мені қоршаған орта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мені қоршаған орта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
728
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Даярлық тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Мені қоршаған орта»

Тақырыбы: «Мені қоршаған орта»

Мақсаттары:

1.Тәрбиешілік: Баланың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру
2.Дамытушылық: Қоршаған ортаға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып , баланың ой өрісін дамыту.
3.Оқыту: Қоршаған туралы түсінік беріп, олар туралы әңгімелесу.

Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі.

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент: табиғат-природа-natura

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Амандасу.

Шаттық шеңбері.

Біз достықты сүйетін балалармыз,

Біреулерге іні, біреулерге ағалармыз.

Біз сүйеміз әлемді анамыздай,

Гүлге оранған жайнаған даламыздай.

Мен иесі ғаламның, мекенімнің,

Мен тірегі кішкентай, үлкеніңнің.

Мен болашақ арманы орындалан,

Тосып тұр-ау біздерді байтақ далам.(балалар шеңберге отырады)

Әңгімелесу.

Тәрбиеші:

- Балалар айтыңдаршы біз кімбіз?

Балалар:

-Адамбыз, баламыз, қызбыз, ұлмыз, немереміз, ағамыз, ініміз, қарындаспыз т.с.с.

Тәрбиеші:

-Жақсы. Біз адамбыз, олай болса біздің түріміз қандай?

Балалар:

-Біздің екі көзіміз, екі аяғымыз, екі қолымыз, бір мұрнымыз, бір аузымыз, екі құлағымыз, әдемі шаштарымыз, әдемі тістеріміз бар.

Тәрбиеші:

-Тамаша, қандай сұлусыңдар! Біз қандай планетада өмір сүреміз?

Балалар:

-Жер шарында.

Тәрбиеші:

-Ал жер шарында бізден басқа қандай тірі табиғат иелері бар?

Балалар:

-Жануарлар, құстар, жәндіктер, ағаштар, шөптер т.с.с.

Тәрбиеші:

-Ал қандай өлі табиғат бар?

Балалар:

-Таулар, сулар, аспан, күн, тас т.с.с.

Тәрбиеші:

-Жақсы. Біздер барлығымыз бір жер шарында мекен етеді екенбіз. (үстел басына отырады)

Шығармашылық жұмыс.

«Менің ғажап әлемім» жұмысы. Балалар қима суреттерден өздері өмір сүретін әлемді жапсырады. Тақтаға іледі.

Тәрбиеші:

-Балалар біз адамбыз, ал адамдардың өзге тірі табиғат иелерінен қандай айырмашылығы бар?

Балалар:

-Біз ақылдымыз

Тәрбиеші:

-Балалар, адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Балалар:

-Мейірімді, сымбатты, қамқоршыл, жанашыр, сүйкімді, өнерлі, еңбекқор, адал т.с.с.

Тәрбиеші:

-Ал адамдар қандай болмау керек?

Балалар:

-Қатыгез, мейірімсіз, бұзақы т.с.с.

Әңгімелеу.

Н. Ақышевтің «Табиғаттың бөлшегі» әңгімесі балаларға әңгімеленеді.

Әңгіме бойынша сұрақтар:

- Данияр қандай жерде өмір сүрді?

- Ол неге ауыра берді деп ойлайсыңдар?

-Данияр неге жазылды? (балалардың жауаптары тыңдалады)

«Өзім мен өзім»

Әдемі әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

- Балалар менің белгім бойынша көздеріңді жұмасыңдар, біз сендермен аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Бір, екі, үш. Міне, біздер аспан әлеміне ұшып келеміз. Бетімізге самал жел еседі. Қандай тамаша! Алыстағы жұлдыздар жымың қағады, олар түрлі түсті және сондай әдемі. Сендер бірің жұлдызды, бірің айды, енді бірің күнді ұстап жатырсыңдар. Біздің қайтатын уақытымыз жақындады. Менің белгім бойынша барлығымыз ораламыз. Бір, екі, үш көздерімізді ашамыз. Ал балалар мен сендерге парақтар беремін, сендер сол парақтарға аспан әлемінде нені ұстап көргендеріңді суретке салыңдар. Балалардың суреттерінен көрме жасалады.  

Ойын. «Егерде мен ...»

Балаларға түрлі табиғат бөлшектерінің суреттері таратылады. Әр бала өзіне келген сурет бойынша, егер ол сол табиғат иесі болса қандай жақсылықтар жасайтынын айтып беред. Мысалы: егер мен құрт болсам, ағаштардың жапырақтарын жемес едім. т.с.с.

Қорытындылау.

Тәрбиеші балалармен бүгін сабақта не туралы айтқандарын естеріне түсіреді.Қайталайды.

Жүректен жүрекке шеңбері.

«Тілек ағашына» балалар тілек айтады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!