"Менің әжем ақ әжем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің әжем ақ әжем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне арналған тәрбиелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің әжем – ақ әжем

( әжелер сайысы )

Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.  Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік   қасиеттерін сіңіру.

Әжелерімізден салт-дәстүр мен ырым-тиымдарды үйрену  

Өту барысы:

І – ж: Құрметті әжелер, армысыздар,

Бәріңізде есен-саумысыздар.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.

Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді әжелер

Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.

 

ІІ – ж: Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін  жүрегіне теңейтін де әже. 


І – ж: Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі  көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын.


ІІ – ж: Әжемнің саясында ер жеттім мен

Аялы ақ бесікте тербетілген

әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаймын айналсам да жер бетінен. Дегендей,

5-9 сыныптар арасында  өткізілгелі отырған «Әжелер сайысына» қош келдіңіздер

сайысымызға қатысқалы отырған әжелермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.


І – ж: 5-сыныптың атынан шығып тұрған ..........................Клара әжеміз 5 қыз, ................ жиен-немерелері бар. Қыздары бір-бір ұстаз бір-бір ана, шет-шетінен білімді бір-бір дана, 5 жұлдызы 5 жақта жарқырап тұр, ұстап тұр түрлі-түрлі бір-бір сала.

6-сыныптың атынан шығып тұрған Муйтенова Әлия әжеміз 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген бүгінде 7 жиен-немерелерінің қызығын көріп отырған өнерлі де өнегелі әжелеріміздің бірі.

7-сыныптың атынан шығып отырған 17 жыл мектеп қабырғасында қызмет еткен 2 ұл, 2 қыздың анасы, бүгінде 6 жиен-немересі бар, немерелерін өз қолына алып, өз мойнына алып бағып отырған батыр әжеміз Сағдиева Зоя әжемізді үлкен қошеметпен қарсы алайық.

9-сыныптың атынан шығып отырған, бүгінге дейін мектеппен тығыз байланыста болған басқа да немерелерімен мектепшілік шараларға қатысып жүрген белсенді әжелеріміздің бірі Кастовская Жаннат әжеміз.

ІІ – ж: Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасаын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ қазылар алқасына директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсая Ілиясқызы және мектеп психологі Нұрия Сапиолла қызы.

Біздің сайысымыз V  кезеңнен тұрады.


І – ж: І кезең.   «Ұлттық тағамдар» деп аталады. Бұл кезеңде әжелеріміз ұрпақтарына ұлттық тағамдардың пайдасы мен емдік қасиеті туралы мәлімет беріп өтеді.


ІІ кезең.  «Ас адамның арқауы» яғни әжелеріміз ұрпақтарын табақ тарту дәстүрімен таныстырады.

 

ІІІ кезең.  «Ұрпаққа аманат»

  • Бұл кезеңде әжелеріміз немерелерін өздерімен бірге алып шығып, ұрпақтарына бүгінгі таңда қолданыстан қалып бара жатырған дәстүрлі қолөнер бұйымдарын үйретеді. ( Ұршық иіру, киіз басу, тоқыма тоқу, көрпе тігу, ою ою т.б.

ІV кезең.   «Әжемнің ертегілері»

  • Білімнің ең данасы, әжемнің ертегісі дегендей бұл кезеңде әжелеріміздің ертегісінен өнеге аламыз.


V кезең.  «ауылдың алты ауызы»

  • Бұл кезеңде әжелерімізден ұрпақтан ұрпаққа, халықтан халыққа ауызша жеткен халық әндерін еститін боламыз.

 Ендеше сайысымызды бастаймыз.


ІІ – ж: Тентек болсам,ашылып,

Жақсы іс қылсам,асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттісінде жасырып –деп,

«Ұлттық тағамдар» деп аталатын І кезең басталды. Бұл кезеңде әжелеріміз ұлттық тағамдардың пайдасы мен емдік қасиеті туралы мәлімет беріп өтеді.

***

І – ж: ІІ кезең.  «Ас адамның арқауы» яғни әжелеріміз ұрпақтарына табақ тарту дәстүрімен таныстырады

***

Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда

Қол өнер әдемі сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің

ІІІ кезеңіміз «Ұрпаққа аманат»  деп аталады.

  •  Бұл кезеңде әжелеріміз ұрпақтарына бүгінгі таңда қоолданыстан қалып бара жатырған дәстүрлі қолөнер бұйымдарын үйретеді. ( Ұршық иіру, киіз басу, тоқыма тоқу, көрпе тігу, ою ою т.б.

Ән: «Асыл әжем»

ІІ –ж:  Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының - ертегілер.   Ертегілер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі

ІҮ кезеңіміз «Әжемнің ертегілері» деп аталады  Ендеше әжелеріміздің ертегісін құлағымызбен тыңдап, көзімізбен көріп, тамашалайық.


І –ж: Ү кезең «ауылдың алты ауызы» деп аталады. Ендеше осы кезеңде әжелеріміздің әнін тыңдап қосыла отырайық.

 

ІІ – ж: келесі кезекті жүрекжарды тілектерге берейік. Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу). Бүлдіршіндердің әжелеріне арнаған өлең жолдарын тыңдасақ


І – ж: Әже мерейі күн көзімен пара-пар,

Тұла бойға қуат беріп таралар.

Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңыз,ақ ниетті аналар, – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан аяулы асыл әжелерімізге, көп-көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең  ұрпақ жалғастырады деген сенімдеміз.


Ана жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктен де құларсың.

дегендей бүгінгі сайысымыз да  өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін.


Сіздерге көп-көп рахмет!

Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!

 

Сайыс қортындысын тыңдау. Әжелерді құттықтау марапаттау. ТІО: Г.Ажигалиевага беріледі.

Ән: әкешім – анашым орындайтын Қайырбаев Бексұлтан мен Бейісова Мөлдір

Әжелерімізді жеңістеріңізбен құттықтай отырып, келесі кезекті демеушілерге береміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.08.2018
1131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі