«Менің әлемім – сұлулық пен мейірімділік әлемі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің әлемім – сұлулық пен мейірімділік әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің әлемім – сұлулық пен мейірімділік әлемі» 5 класс Мақсаты: "Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту · -өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру; · - өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: Тәрбие сағаты


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:


Сынып:

Оқушы саны:

Қатысым саны

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


«Менің әлемім – сұлулық пен мейірімділік әлемі»

Сабақтың мақсаты

  1. балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту

  2. -өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

  3. - өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

  4. -қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Мақал-мәтелдер, дәйексөздер, презентация, бейнежазба

Әдіс-тәсілдер

жеке жұмыс, талқылау, жұптық жұмыс

Дәйексөз



Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану, Қ.тарихы

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ноутбук, компьютер, планшет

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

Біз бүгін тәрбие сағатында адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі. Бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады (Балалар бір-бір тілек айтады)

(Сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)


Аспанымыз ашық болсын!

Денсаулығымыз мықты болсын!

Мейірімді болайық!

Бәріміз дос болайық!

Ата-анамызды ренжітпейік!

Ұстаздарды ренжітпейік!

Бақытты болайық! (жалғаса береді)

Мұғалім:

Лентаны айналдырғанда ненің бейнесі шықты?(Күн)

Табиғатта жылу күннен тараса, жердегі жылулық, мейірім кімнен тарайды?(Ана)

Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Тақтада ілінген суреттерге қарап тақырыппен байланыстыру. Видеоматериалға назар аудару.

Ресурстар




























Ғаламтор көзі

https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU




Сабақтың басы

5-минут















Сабақтың ортасы

15 минут



Мәтінмен жұмыс/1-қатар оқушыларына тапсырма

Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімділік

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.

- «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.

Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.

Сонда қыз:

- Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.

- Маған да айтшы, - деді балапан.

Мәтінді аяқтау тапсырылады.

Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.

- Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы – дейді қыз.

- Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.

2-қатар. Жағдаятқа сай жұбыңмен сурет салу. Жұптаса түсіндіру.

Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?

Досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің?

Сен сабақтан келе жатқанда бір топ оқушылардың талдардың бұтақтарын жұлып, жапырақтарымен ойнап, өсіп тұрған гүлдерді жұлып тастағанын көрдің. Сенің әрекетің?

3-қатар тапсырмасы.

«Мен мейірімді баламын» тақырыбына өздерің жасаған істерің туралы шағын әңгіме жазыңдар










Ауызша мадақтаулар















Қорытынды

3 минут

Қорытындылау

Мұғалім: 

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да ,

Өзіңнен үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла,

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла,-дегендей,

кішіге, табиғатқа, қоршаған ортаға мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.

Сау болыңыздар!!! Өз денсаулықтарыңызды күтіңіз! Жақындарыңызға қамқор болыңыз! Оқу жылын сәтті бастап, ойдағыдай аяқтауыңызға тілектеспін!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2022
1639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі