Менің алғашқы программам. 5 сынып Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің алғашқы программам. 5 сынып Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің алғашқы программам.


Оқу мақсаттары

1.Scratch ойын программалау ортасымен танысу

2.Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету.

Жетістіктер критерийлері

Барлық оқушылар

1. Программалау тілі туралы меңгереді.

2.Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: Scratch ойын программалау ортасымен танысады.

Кейбір оқушылар

Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: алғашқы программа құруды үйренеді.

Өткен тақырып

«Өрмекші торы» стратегиясы арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау, «Өрмекші торы», «Миға шабуыл» «Джиксо», «Кубизм».

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, слайд, оқулық.

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих.


Жұмыс түрлері

Тапсырмалар, қосымшалар

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті (нәтижесі)

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг «Мен қандаймын?» Оқушылар өздері туралы кезекпен айтып шығады.

Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Топтастыру

Сынып оқушылары

Топтасады.

«Программа» «Алгоритм» «Команда».

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы сұрау.

Лабиринт, виртуалды лабиринт туралы сұрау. Олардан шығу жолдары қандай?

Лабиринт туралы қызықты мәліметтерді тексеру.

Үй тапсырмасын қайталау, пысықтау.

Мұғалім қойған сұрақтарды бірлесе талқылайды.

Қызығушылы-

ғын ояту, мәселе қою

Көпір тапсырмасы тексеріледі «Кубизм» әдісі бойынша сұралады. Алгоритм деген не? Сөздік алгоритм деген не?


Оқушы жауаптарын тыңдайды. Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырады.

Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға әр топ сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді..

Жұмыс түрлері

Тапсырмалар, қосымшалар

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті (нәтижесі)

ІІ кезең

Теория бойыша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары (топтық жұмыс, презентация, мұғаліммен бірге талдау)

Мазмұнды сызбамен (постермен)жұмыс.

Әр топқа берілген тақырып бойынша мазмұнды сызба дайындау және қорғау қорғау тапсырмасы беріледі.

1-топ. Программалау.

2-топ. Scratch (Скреч) ортасы (топтық жұмыс)

Оқулықтағы 1,2,3,4- қадам тапсыр-ды орындау:

«Білім» тапсырмасында сұрақтар қойылады.

«Түсіну» тапсырмасында

сыни сұрақтарға жауап береді.

«Талдау»тапсырмасында

Алгоритм мен программалау ұғымдарын салыстырады.

«Жинақтау» тапсырмасындағы ребусты шешеді.

Жаңа сабақты меңгеру мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдармен таныстыру, слайдтар көрсету арқылы мәліметтер беру.


Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру. Топ бойынша жасалған жұмыстарды тексеру.


Ребустың жауабы:

1)«Программалау;

2) «Команда»;

3) «Конструктор»

Жаңа тақырыпты өздері оқып, меңгереді. Тақырып бойынша постер дайындайды. Джиксо әдісі бойынша бір-біріне түсіндіреді. Оқулықпен жұмыс жасау. Қадам тапсырмаларын орындау, тексеру.


ІІІ кезең

«Қолдану» және «Бағалау» тапсырмалары

Оқулықтағы

5-6-қадамдық тапсырмаларды орындау.

«Қолдану» практикалық тапсырмасын орындайды.

«Бағалау» тапсырмасында киіз үйдің жетпей тұрған бөлігін табады және киіз үйді құрудың алгоритмін жазады.

Компьютерде орындалған практикалық тапсырмаларды тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып, орындату

Тақырып бойынша алған білімдерін практикада қолданады. Берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.

Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.

Бағалау кері байланыс (бағалау парағы бойынша)

Сабақ кезеңдері бойынша критериалды бағалау әдісімен топ басшысы оқушыларды бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс алынады..

Мұғалім бағаның дұрыс қойылуын бақылайды. Қажет жағдайда толықтырады.

Топ басшысы оқушыларды бағалайды. Кері байланыс парағын толтырады.

Үй тапсырмасы

§ 20-ны оқу. Scratch программалау ортасы туралы реферат дайындап келу.

Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады.Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.

Қосымша ақпарат

Саралау: оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілетті жоғары оқушылар бар топтық тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.

Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, тақырып бойынша мазмұнды сызбаны түсінікті етіп, дайындау айтылды. АКТ-мен байланыс жасау. Бір-бірін топта тыңдау, сыйластық таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу.

Рефлексия: 1 Сабақ (оқу мақсаттары) шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердін бе ? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен

2.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?

1:

2:

3.Қандай нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз ?

1:

2;

4.Сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.05.2021
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі