400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

менің ақылды көмекшілерім

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектолог, логопед
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің ақылды көмекшілерім

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: балалардың дене мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру және атай білу.

Түзете – дамытушылық: көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Баланың тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: өз денсаулығын сақтауға деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру және тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Сезім мүшелерінің суреттері, жұмбақтар.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәттілік тілеу:

– Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. 
Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені біз сендермен өзіміздің сезім мүшелеріміз туралы қызықты мәліметтер аламыз.
II.Психологиялық дайындық:
Жылулық шеңбер: «Біздің көмекшілеріміз»

Қайырлы күн, көздерім, сендер ояндыңдар! (Көздерін қолдарымен басу)

Қайырлы күн, құлақтарым, сендер ояндыңдар!(Құлақтарын ұстау)

Қайырлы күн, қолдарым, сендер ояндыңдар! (Шапалақтау)

Қайырлы күн, аяқтарым, сендер ояндыңдар!(Топырлату)

III.Жаңа сабақ:
-Адамдардың бәрінде бас, дене, қол, аяқ бар. Қане, айнаға қарайықшы!

Біз нені көріп тұрмыз?

-Басымызды сипап, қол-аяғымызды көрсетейікші. (балалар өздерінің дене мүшелерін көрсетеді).

-Біздің шашымыз, көзіміз бірдей ме?

-Адамның дене мүшелерінің қайсысы көп, қайсысы біреу?

-Саусақ, шаш, кірпік-көп, ал мұрын, ауыз, тіл – біреу.

IV.Суретпен жұмыс

Сезім мүшелерінің суреттерін жеке-жеке шығара отырып,  түсіндіру
- Балалар, әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың жауабы бойынша жеке-жеке мағлұмат аламыз.

1.Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін? (Көз). (Суреті көрсетіледі).
— Көз не үшін керек? Көз адамның негізгі мүшесі.
« Көз – адамның айнасы». Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек. Қазір теледидар, компьютер және басқада электронды құрылғылар көп қолданылу үстінде. Олармен жұмыс істеу үшін гигиена ережелерін сақтау қажет. Ең алдымен дұрыс отыра білу керек. Қол мен білек үстелде еркін жатуы тиіс. Дене шамалы алға еңкейеді. Компьютердің экраны көзден 50-55 см. қашықтықта болғаны дұрыс. Теледидарды көп көруге болмайды. 
Есіңе сақта!-Жатып оқыма; көлікте және қараңғы жерде кітап оқуға болмайды.

2. Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ).
-Бұл қандай мүше? Есту мүшесі. (Музыка қою).
Көрмей-ақ, жануарларды бір-бірінен қалай ажыратып, анықтауға болады? Дауыстаған дыбыстарын есту арқылы.
Есіңе сақта: а) Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан қорғау;
ә) Желден қорғау; 
б) Су кіргізіп алмау. Дұрыс тазалау.

Сергіту сәті:

Қайда екен қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Білеміз бе оны біз?

Міне, оң мен солымыз,

Міне, алақай қолымыз.

Қол соғайық, бір, екі!

Ал санайық, бір, екі!

Топылдатып билейтін

Аяғымыз қайда екен?

Міне, аяқ, алақай! Міне, аяқ, алақай!

Бір, екі деп басайық,

Тез, тез адым жасайық.

3. Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).
Сарамандық жұмыс: (иіс су) шашырату, иісін сездіру.
Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. Мұрындарын қолмен басып, демалдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату.

4. Дәм сезетін жүйрік,
Денесі жұмсақ сүйрік.
(Тіл).
-Тіл туралы не білеміз? Нені сеземіз?
Тіл – сөйлеу мүшесі. Ғалымдардың айтуы бойынша тіл ұшы – тәттіге жауап береді екен. Ал тіл шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажырататын көр
інеді. 

V.Дәптермен жұмыс:
Суреттерді сәйкестендіру.

- Балалар, мен сендерге суреттер беремін. Сол суреттерге қарап әр сезім мүшелерінің сәйкестігін табасыңдар. Әр бала жеке-жеке жауап береді.

VI..Бекіту.

Ойын: «Бұзылған телефон»

VII.Қорытынды

Адамда дене, бас, құлақ, қол, аяқ бар.

Баста көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш бар.

Қоштасу шеңбері: «Көмекшілерге алғыс біліру»

Рахмет саған, көздерім, сендер бәрін көресіңдер.

Рахмет саған, құлақтарым, сендер бәрін естисіңдер.

Рахмет саған, қолдарым, сендер бәрін істейсіңдер. (Шапалақтау).

Рахмет саған, аяқтарым, енді, сендертопырлатып жүресіңдер. (Топырлату).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі