Э
ссе
«Менің ардақты
Ұстазым»
Ұстаз!Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр!
Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер
де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол –
Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің
қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық
болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған
мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан
сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап
өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек
айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы
асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер
төгеді.
Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең
ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар
білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз
мамандығының білгірі, менің ұстаздарымның ішіндегі дарасы –
Гулайхан Наурызбайқызының орны ерекше. Оқушыларын білім нәрімен
сусындатып келген білікті ұстаз күні бүгінге дейін Маңғытау облысы,
Мұнайлы ауданының «№6 жалпы білім беретін мектептің» информатика
пәні мұғалімі болып, табысты еңбек етіп
келеді.
Ұстазымызбен талай түйінді күрделі
мәселелерді шешіп, талай нәрсеге көз жеткізіп, өзімізге таңдау
жасап, өмірлік кеңес алған қасиетті орнымыз. Дәл осы сәтте
ақын Ғафу Қайырбеков атамыздың мына өлең жолдары есіме түсіп
отыр:
Ұстаз болу-жүректің
батырлығы.
Ұстаз болу-сезімнің
ақындығы.,
Ұстаз болу-мінездің күн
шуағы.
Азбайтұғын адамның
алтындығы.
Бірақта қызықты ертегі
іспетті, бұндай балалық сәттер мәңгі жасай ма? Біздерде күндердің
күні мектебімізді аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш болып алтын
ұя мектебімізбен қоштасамыз. Алайда бұл орын біз үшін
қасиетін ешқашан жоғалтқан емес. Өйткені ұстазымыздың,
мектебіміздің бейнесі мәңгі санамызда
сақталмақ.
Ұстаз… Ұстаз бейнесі - шәкірт үшін
адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр
жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен
нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып, жан аямай күрескен, өз
бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес
ошағы. Ұстаз - өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп
етуге бел буған періште іспетті. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із
қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу
десеңізші?!
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын
да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге
ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін
ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына
ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық
сана-сезімді сіңіруші адам –
Мұғалім.
Білмей қалсам
кешірген,
Балалық деп
түсінген,
Қандай
адам болса да
Алдыңызда
бас иген, -деп өлең жолдарыммен қорытындылағым
келеді.

