Менің арманым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің арманым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің

арманым

(түпкі оймен сурет

салу)

Мектеп/МҰ:

Күні: Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу

мақсаттары

0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс

үйлесімділігін таңдау.

0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті

көркем материал мен құралдарды таңдау.

0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы

ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

түс реңі мен сурет түсінің үйлесімін іріктейді;

бейненің сюжеті мен түсіне қарай қажетті көркем материалдар мен

құралдарды таңдайды;

жеке гигиена ережелерін орындайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

түстердің сәтті үйлесімінің көмегімен суреттегі бейненің көңіл күйін

жеткізеді;

композиция, сурет көлеміне қарай қажетті материалдар мен құралдарды

іріктейді;

өз ойын суретте көрсетеді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

сипатты қозғалыстарды жеткізеді, сюжет қосады;

өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.

Тілдік мақсаттар Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сюжет құру жөніндегі идеяларын ұсынады;

затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;

сюжетті таңдау себептерін атайды;

композицияның мәнін ауызша түсіндірмелермен нақтылайды;

өзінің және басқа да жұмыстарды талдайды.

Көптілділік: мамандық – профессия – profession.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

арман, мамандық, қоғамға пайда, жұмыс орны, жеке гигиена.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сен келешекте кім болуды армандайсың?

Арманның орындалуы үшін не істеу керек?

Түрлі мамандықтар қандай пайда әкеледі?

Мамандық туралы сюжетті ненің көмегімен салуға болады?

Бастапқы білім Адамның сипатты қозғалыстарын сурете жеткізу дағдысы, ересектердің

еңбегі, мамандықтар әлемінің алуан түрлілігі туралы түсінік.

27

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

I.Оң көңіл күй

қалыптастыру.

0–1 минут

II. Өмірлік

тәжірибені

жандандыру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2–5 минут

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

Қоңырау, соғыл,

Бізді өнер әлеміне шақыр.

Педагог жай ғана әдемі қоңырауды соғады.

(Ұ) Педагог түрлі мамандықтағы адамдардың

бейнелері бар иллюстрацияларды көрсетеді.

Балалардан бүгінгі суреттерінің не туралы

болатындығын түсінгендіктерін сұрайды. Мамандық

дегеніміз не деп сұрайды (бұл – адам өзінің бүкіл

өмірін арнайтын еңбек). Өмір сүру үшін адамдарға

бірінші кезекте қандай мамандықтар қажет?

Балаларға барлық мамандықтардың қажет және

маңызды екендігін түсіндіреді.

Музыкалық

сүйемелдеу

(бірқалыпты

ғажайып әуен),

қоңырау.

Иллюстрациялар:

«Адамдардың

мамандықтары».

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы бойынша

жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог әңгіме жүргізеді: Біздің достарымыз Айсұлу

мен Қуаныш болашақ мамандықтары туралы

армандайды. Суреттерге қараңдар және олардың нені

армандайтындығы туралы әңгімелеңдер. Мамандық

туралы арманның орындалуы үшін не істеу керек деп

ойлайсыңдар? (Алдымен мектепте, кейіннен колледж

бен институтта көп оқу керек.) Өз арманыңа жету

үшін қандай адам болу керек? (Еңбекқор, ақылды,

сау, қиыншылықтардан қорықпайтын.)

(Ұ) Суретте түрлі мамандықтардағы адамдар

бейнеленген. Барлығы дұрыс салынған ба? Осы

маман иелері немен айналысатыны жайлы досыңмен

бірге әңгімеле. Олар айналадағы адамдарға қандай

пайда әкеледі?

Бүгін бізге жұмыс үшін қандай құралдар қажет

болады? Нені қолданатындарыңды таңдап алыңдар

(бояу, қарындаштар, балауыз борлар).

(Ұ) Саусақ жаттығуы

Аспазшы тамақ дайындап жатқанда, (балалар

алақандарының қырымен үстелді ұрады)

Кенеттен жарық сөніп қалды. (саусақтарын ауада

сыртылдатады)

Аспазшы балықты алып, (сұқ саусақтарын бүгеді)

Компотқа салды. (ортаңғы саусақтарын бүгеді)

Ожаумен үстелдің үстін ұрып. (кішкентай

саусақтарын бүгеді)

Шөркені қазанға салды. (аты жоқ саусақтарын

бүгеді)

Қанытты сорпаға салып, (саусақтарымен құмшекерді

сепкенді көрсетеді)

Әліппе-альбом.

28

Ол өзіне болды разы. (алақандарын соғады)

(Ұ) Қауіпсіздік ережелері

Педагог жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен

жұмыс істеу тәртібін еске салады.

(Ұ, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)

Суретке қарап, барлығы сендердің қай мамандықты

таңдағандарыңды табуы үшін өз қағаздарыңда не

бейнелейтіндіктеріңді ойластырыңдар.

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Педагог жұмыс ретін еске салатын тірек суреттерді

тақтаға қояды. Қарындашты нобаймен жасалатын

іс-әрекет кезеңдерін ұсына отырып, балаларды

бағыттайды: жалпы бас кескіні; шашы; бет

сипаттары; киім бөліктері. Педагог суретті түрлі-түсті

қарындаштармен, бояулармен бояу тәсілдерін еске

салады. Суреттің анағұрлым мәнерлі болуы үшін нені

бейнелеуге болатындығы туралы жеке әңгімелеседі.

Әліппе-альбом.

Түрлі түсті

қарындаштар,

балауыз борлар,

қылқалам №3,

акварель, суы бар

төгілмейтін

стақан,

сулық.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26–30 минут

(Ұ, Ө) Балалардың жұмыстарының көрмесі

ұйымдастырылады. Балаларға олардың ең

қызықтыларын таңдап алуды ұсынады.

Саған қай сурет ұнады?

Осы суретті салған бала кім болады?

Сен қалай білдің? Саған не көмектесті?

Саған бұл суретте не ұнады?

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият,

жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды;

бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі

қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп

ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.__

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1066
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі