Материалдар / "Менің арманым" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің арманым" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мотивациясы төмен оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту,оқуга куштарлын арттыруга
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
669
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Буйенбаева Айжан Адиловна

Жамбыл облысы, Шу ауданы, № 40 мектеп- лицейі

Қатысушылар: Бастауыш мектеп жасындағы үлгерімі төмен оқушылардың қабілетін психологиялық ойын түрлері арқылы дамыту.

Сабақтың тақырыбы: «Менің арманым».

Сабақтың мақсаты:оқушының ой-өрісін дамыту,жақсы ниетпен армандай білуіне және қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу,рөлдік ойын.

Пайданылатын құралдар:дәптер,интеграктивті тақта,суреттер, схема, музыка.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

А)сәлемдесу

Ә)түгендеу

Б)үй тапсырмасын сұрау

Кіріспе

Балалар мен Сіздерді көргеніме қуаныштымын.Көңіл-күйлеріңіз жақсы ма? Бүгін менің де көңіл-күйім өте тамаша! Менің қолымда көбелек бейнесіндегі төсбелгім бар.Көбелек жаз мезгілінде болғанымен ол өзінің сұлулығымен адамдарға керемет көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан да осы көбелек бізге жаздай көңіл-күй сыйласын деген тілекпен сабағымызды бастайық.

  1. «Менің төсбелгім» таныстыру.

Мен Айжан Әділқызы педагог-психолог.Мен көп кітап оқығанды, музыка тыңдағанды жақсы көремін. Мен кітапты төсбелгімде көрсеткен себебім, бала күнімнен мүғалім болуды армандаған едім. Сол арманыма қол жеткізіп,бүгінгі күнде сіздердің алдарыңызға сабақ беруге келдім. Енді Сіздермен жақын танысқым келіп тұр. Менің үстелімде әртүрлі қағаздан жасалған төсбелгі бар. Өздерің ұнатқан төсбелгіні таңдап, өздеріңді, армандарыңды бейнелеп көрсетіңдер.(балалардың жауаптары тыңдалады).

  1. Ойын

Нұсқау:Бір оқушы шығып орындыққа отырады. Оқушының көзі орамалмен байланады.Психолог оқушыға оң,сол,артқа,алдыға қарай жүретін әр түрлі бағыттарды кезекпен айтады.Ал оқушы осы бағыттарға қарай жылдам қадам жасайды. Мысалы:Психолог оқушыға: «алдыға қарай екі қадам,сосын оңға қарай үш қадам,солға қарай төрт қадам,қайтадан өзінің бастапқы орнына келіп жетуі қажет.

Егер оқушы өзінің орнына дұрыс жетпесе,ол өз бағытынан ауытқып кеткені және қадамдарын әр түрлі жасағандықтан болады.

  1. Рөлдік сұрақ-жауап.

Нұсқау:Сынып төрт топқа бөлінеді.Оқушыларға ситуациялар жазылған карточкалар таратылады.Оқушылар карточкадағы ситуацияларды рөлге бөліп,рөлдік ойын ретінде жауап беруі кажет.

1.Топқа тапсырма:Сенің сыныптас досың,саған бақылау жұмысын көшіруге рұқсат бермеді.Осы бақылау сабағынан кейінгі оқушының іс-әрекеті қандай болар еді.?


2.Топқа тапсырма:екі оқушы бірігіп отырып шығарма жазып өткізеді. Мұғалім келесі сабақта екі оқушының біріне «5», екіншісіне «4» деген баға қояды. «4»ке бағаланған оқушының әрекеті қандай болады?

Сұрақтарға рөлдік жауаптар қайтарылғанан кейін,психолог берілген тапсырмалардың мазмұнының маңыздылығын түсіндіреді.

  1. «Менің арманым» сурет салу.

Әр оқушы өзінің армынын бейнелеп салады.Содан кейін топқа жариялайды. Оқушылардың ойын тыңдау.


Сабақты қорытындылау.

Бүгін сабақта арманға қол қол жеткізу үшін көп күш жұмсалатынын білдік. Арманныңорындалуы жақсы ниеттілікті,төзімділікті, уақытты, еңбектенуді, білімді,ақылды қажет етеді.Армандайық,арманға қол жеткізейік.

Үйге тапсырма: «Менің арманым» эссе жазу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!