Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің арманымдағы Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнда Лаура өз арманындағы Қазақстанды қазіргі заманмен салыстыра отырып сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің арманымдағы Қазақстан!»

Жоспары:

1.Менің елім –Қазақстан!

2. Мен арман еткен Қазақстан!

Қазақстан-менің Отаным,туған жерім.Талай қасіреттің куәгері, қасиетті мекеніміз. Қазіргі кезде 18 миллион халқы бар Қазақстан мемлекеті даңғыл дамудың үстінде. Иә,біздің еліміз еңселі елу елдің қатарына кірді. Ендігі мақсат-мемлекетімізді дамыған отыз елдің қатарынан көру. Ол үшін Қазақстан аянбай еңбек етуі керек. Сонда ғана біз өз еңбегіміздің жемісін көре аламыз. Республика тәуелсіздікке 1991 жылы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қол жеткізген болатын. Елбасшысы-еліміздің тұңғыш президенті. Жасы жетпістен асса да әлі Қазақстан үшін аянбай еңбек етіп жүр. Елбасшысының арқасында өз тіліміз, өз валютамыз, Ата Заңымыз туралы бірнеше заңдарды қабылдап, оларды іс жүзінде қолдана бастадық. Бұл қасиетті тәуелсіздіктің арқасы.

Қазақ тарихы кешегі 1991 жылдан басталып қана қойылған жоқ ,ол сонау көне түркі дәуірінен бастау алған. Кейін оның ізі хандық дәуірмен жалғасты. Еліміз «Қазақ хандығының 550» жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Елді сыртқы жаулардан, ішке іріткі салған арандатушылықтан қорғау оңай болған жоқ. Ата-бабаларымыз осы жер үшін қасық қаны қалғанша күресті, бізге осы жерді аманат етіп қалдырды, аманатқа қиянат жасамау біз басты парызымыз. Тарихққа терең бойлауда дұрыс, алайда өткен соңғы он жылдың көлеміндегі оқиғаларға көз жүгірте отырсақ. Ел ішінде дағдарыстар,келіспеушіліктер, террорлық оқиғалар орын алды. Алда бізді не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. «Қазақстанның бүкіл тарихы-бірігу, тұтастану тарихы» деп елбасшысы халқымыз үшін бірліктің, татулықтың маңызды екенін ұғындырғысы келді. Біз біріктік,ел болдық. Ал сол қазір бірліктің нәтижесін көріп отырмыз. Мысалы,дәл қазіргі сәтте елімізде «ЭКСПО-2017» көрмесі болып жатыр. Бұл көрме еліміз үшін үлкен абырой. Әліпбидің латын тіліне ауысуы, үш тұғырлы тіл саясаты тағы бар. Көптеген мектептер жаратылыстану бағытына көшіріліп,үш тілде білім беру жүйесінде мектептер көшірілсе,университеттер кредиттік оқу жүйесінде білім беруде.

Ал менің қиялымдағы, яғни арманымдағы Қазақстан қазіргіден басқашалау. Сонымен, менің арманымдағы Қазақстанды білгіңіз келсе, төмендегі толғанысыма көз салыңыз.

Халық саны қазіргіден едәуір көп. Қазақстан тұратын барлық адамдар, қазақ болсын немесе басқа ұлт өкілдерінің барлығы қазақ тілінде еркін сөйлей алады. Әрбір азаматымыз-Отансүйгіш. Елдің қамын Кенесары секілді қорғай білетін, Әкелері балаларын Құнанбай секілді тәрбиелейтін, ақындары Бұқар мен Абайша күңірене білетін, әжелері Зеренің ізін жалғаған ертекшіл, азаматтары Шаханов Мұхтар секілді өршіл,рухты,қыздары абыройын сақтаған, арын сатпаған, азаматтары айбынды ұлт болған екен. Салт-дәстүрлер-біздің басты құндылықтарымыз. Өткен дәуірде ескіріп, ұмытылған салт-дәстүрлердің барлығы, еліміздің барлық аймақтарында қолданыс тапқан. Еліміздің тұрғындарының көбісі ауылда қоныс тепкен, қала тұрғындарының саны бұрынғыдан аздау,өз тілін өгейсітетін шала қазақтар мүлде жоқ. Жергіліктің жерлердің географиялық ерекшеліктері ескеріліп, емдеу-сауықтыру орындары , шипажайлар , демалыс орындары мол, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұралар жинақталып, қалпына келтірілген. Қазақстанның барлық өлкесінде осылай жағдай жасалған. Бір кездері мәні де мағынасы аз, елдің басын қатырған келімсек дін өкілдері заң жүзінде жазаланып өз елдеріне қайтарылған. Халқымыз үшін бір кездері фобия болған дін, бұл күндері ұлттың жүрегіне қуаныш боп ұялап, Ханафи мазхабы мен салт-дәстүрлеріміз біте қайнасқан, елдің барлық азаматы діни сауатты. Жасыл экономика дамыған. Өткен жылдары жемқорлық тым көбейген кез болатын. Жемқорлық тамырымен жойылған. Тіл білмейтін, сауатсыз реформа жасағыш министрлері жоқ. Ел басшылығында тек ұлтжанды азаматтар отыр. Халық толығымен 100 % Отандық өнімді қолданады. Республикамызда түгелімен жолдар дұрысталған, аймақтардың барлығы көгалдандырылған.Халықтың көбісі ғылымға ден қойған. Елде ғылыми жаңалықтар ашылып, ешкімге есе жібермеген, езгісіне салғысы келгендерге дес бермейтін ел болдық. Кеше қойдан момын, дұшпанды төбеге көтерген ел болсақ, бүгін ешкімге бағынбайтын тек тәуелсіз ойлайтын, тәуелсіздіктің ұрпақтары дүниеге келді.Олар ешкімге жалтақтамайды,ойы және жасаған іс-әрекеті еркін. Енді білім саласына келер болсақ, мектептер заманға сай құрал-жабдықтар мен жабдықталған.Үш тілде еркін сөйлей алады, еліміздің әрбір азаматы өзінің өткен тарихын толық біледі. Әлемдік бестіктің қатарына енген, дәулеті мен сәулеті жарасқан ел. Міне, менің арманымдағы Қазақстан осы!

Біз осындай жетістікке жету үшін көп күш салуымыз керек. Біз деп отырғанымыз, ол-жастар. Болашақ жастардың қолында!



Шығарманың авторы: Сабырбаева Лаура Болатбекқызы .

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Жамбыл селосы . Ярослав орта мектебінің 9 «А» сыныбында оқиды. Әдебиетке жаны құштар, дарынды шәкірттеріміздің бірі. Аудандық «Таза мінсіз асыл сөз ....» шешендік байқауының ІІ орын иегері.

Жетекшісі: Амантай Арай Абзалқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
75161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12