Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің атым - Қожа. 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге қазақ әдебиеті сабағынан қысқа мерзімді жоспар есебінде керек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Қысқамерзімді жоспар №14-сабақ.

Бөлім:

3 – бөлім. Адамгершілік – асыл қасиет

Машықтанушының аты-жөні:

Шайхы Айсана Базарбекқызы

Күні:

23.02.2021

Сыныбы: 5 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің атым – Қожа. Түбінде адам болатын бала.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: Көркем шығарманың үзінділерін мәнерлеп оқып, өз сөзінде түсінік бере алады;

Көпшілік оқушылар үшін: Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді жатқа айтып, сұрақтарға оңтайлы жауап бере алады.

Кейбір оқушылар үшін: Әдеби шығарманың жанрына қарай, сюжеттік дамуын сипаттай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Жағымды ахуал туғызу мақсатында

«Ерекше сәлемдесу» әдісі арқылы оқушылар бір – бірімен амандасады. («Ерекше сәлемдесу» әдісі - оқушылар өздерінің күнделікті амандасуларынан бөлек түрде, әртүрлі іс – қимылдарды кқрсету арқылы амандасады)

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.


Үй тапсырмасы: « Ағаш жемістері» әдісі арқылы жетекші сұрақтарға жауап береді.( «Ағаш жемістері» әдісі. Үлкен ағаштың сұлбасы тақтада тұрады. Сол тақтаның жемістерінің артқы жағында тақырыпқа байланысты сұрақтар жасырылады. Осылай оқушылар ағаштың жемістерін теріп алады)

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты? ( Өзім туралы повесть)

  2. «Қысқы кеш» кімнің өлеңі? (А.Пушкин)

  3. Қытайдағы дәстүр? ( Бала 5 жасқа толғанда өзіне ұнаған атын қояды)

  4. Мұғалімдердің ішінде - алтын адам кім? (Анфиса Михайловна)

  5. Қара көже деп оны кім атайтын? (Жантас)

  6. Сəйбек қарттың əзіл айтқан кезі?
    (-сені мұғалім етеміз дей ме?
    -Директор етеміз дейді.
    -Онда тіпті жақсы.Жалақың көп болады.)

  7. Б. Соқпақпаев кім? (Нәзік психолог, бала жанын терең зерттеген қаламгер, жазушы) Қай жылы қай жерде дүниеге келген? 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы
    Қостөбе ауылында дүниеге келді.

  8. «Менің атым Қожаның» жанры қандай? (Повесть)

  9. Сәйбек қарт деген кім? (Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі).

  10.  Қожаның азан шақырылып қойылған аты кім? (Қожаберген).

  11. Қожаның сынып жетекшісінің аты – жөні кім? (Сабира Майқанова)

  12.  Қожаның жан досы кім? (Сұлтан)

  13. Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсірген кім? (Әжесі)

  14. Қожаның анасының аты кім? (Миллат ана)

  15. Қожаның жүрегін жаулап алған қыздың аты кім? (Жанар)


Сабақ барысын таныстыру: Кез – келген тапсырма « Нөмірленген кісілер» әдісі арқылы жүзеге асырылып отырады. ( яғни, қорапшада 1 ден 15 ке дейінгі сандар жазылып, жасырылады. Мұғалім кез – келген тапсырма барысында қорапшадағы шыққан сандарды алу арқылы кім тапсырма айтатынын анықтайды)

Бағалау: «Валюта» әдісі арқылы

( өте жақсы жұмысқа – 2000 тг;

Орташа жұмысқа – 1000 тг;

Қате жұмысқа – 500 тг

Талпын немесе өте нашар жұмысқа – 200 тг беріледі. Сабақ соңында ең көп валюта жинаған оқушылар тиісінше бағаланады)

Жаңа сабаққа кіріспе


10 мин


Алдымен, өткен сабақтарды оқушылардың естеріне түсіру үшін «буктрейлер» көрсету.





Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып өту.



Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныс болады.






Интербелсенді тақта арқылы

«буктрлейлерді» тамашалайды.


Қалыптастырушы бағалау:



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Интербелсенді тақта

Ғаламтор желісі

Буктрейлер

https://youtu.be/F2hXIxyZeWg


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Тыңдалым:

«Түбінде адам болатын бала» үзіндісін тыңдату.( 10 мин)


Майқанова сөз алды. Оның не айтатыны маған былай да белгілі: «Қадыровты шығару керек мектептен!», «Мұндай баукеспе оңбағанға біздің тату коллективіміздің арасында орын болмауға тиіс!». Отырғандардың бәрі күлді. Тісі жарқырап, мамам езу тартты. Неге күледі? Иығы селк-селк етіп, Анфиса Михайловна басқалардан өзгеше мәз. Мысыққа ойын, тышқанға өлім деген осы да.

Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап бірдеңе айтты. «Шығарсаңдар, шығарыңдар мектептен! Кетсін қаңғып. Менің де жүйкемді жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!».

Сөйлеушілердің не деп жатқанын мен өзімше осылай жорамалдаймын.

Педсовет аяқталды, жұрт тарай бастады. Мен ағаштан тезірек түсіп кетпекші болып едім, бір бәтіңкем екі бұтақтың арасына кептеліп қалып, шыға қойсыншы. Жұлқи тартып қалғанымда, мәссаған, табаны дыр етіп қақырап түсті...

Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр.

- Қадыров түбінде адам болатын бала, — деді Майқанова.

- Отыр бар, — деп қостады Ахметов.

Екеуі былай ұзай беріп, мен жөнінде тағы бірдеңелерді сөйлесіп бара жатты, бірақ мен анықтап ести алмадым. Әлгі естігенімнің өзі қолқа-жүрегімді солқ еткізгендей әсер қалдырды.

Мен Майқанованы қас дұшпаным санап жүрсем, ол мені «түбінде адам болатын бала» деп директорға мақтап бара жатқаны қалай? Ап-айқын тап осылай деді. Міне, жұмбақ..



Айтылым:

Тыңдалған мәтін бойынша ашық сұрақтарды қою арқылы, мағынаны ашу.




Ойтүрткі:

Үзіндіге өзгерістер енгізетіндей мүмкіншілігің болса, қалай өзгертер едің?

Тыңдалым материалын тыңдап болғаннан кейін, сюжет бойынша белгілі әдіс арқылы өз түсінгендерін баяндайды.



Мұғалімнің қойған сұрағына ауызша жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.












































Ашық сұрақтар:

Педсоветтің шешімі дұрыс болды деп ойлайсыз ба?

Егер сіздер мектеп директорының орынында болсаңыз қандай шешім қабылдар едіңіз?

Қожаға басқа қандай жаза түрін ұсынар едіңіз?






Дескриптор:

Үзіндіні тыңдап, өз сөзінде баяндайды;


Өз ойын ортаға салып, сұрақтарға оңтайлы жауап береді.












https://youtu.be/Rpf8lyJXVkE


Оқулық, жұмыс дәптерлері.

Тыңдалым











Оқулық, жұмыс дәптерлері.

Тыңдалым



5 мин

Тапсырма1

Жеке жұмыс.

Жазылым:

Оқушылар, шығармадан үзіндіні тыңдап болсақ, осы бөлімге композициялық талдау жасайық.


Берілген уақыт аяқталғаннан кейін мұғалімнің нұсқасымен салыстыру.


Сергіту сәті: «Отшашу» әдісі арқылы

(Отшашу дауысын шығару үшін, оқушылар төменнен жоғарыға қарай шапалақтай бастайды)

Басталуы: «Қатігез күн»

Байланысуы:

« Сәйбек қартпен әңгіме»

Дамуы: «Іштен шыққан Оспанов»

Шиеленісуі: «Қателігін түсінген Қожа»

Шарықтау шегі: «Қожаның ағаш басындағы ойы»

Шешімі: «Түбінде адам болатын бала»



Дескриптор:

- Үзіндіні түсінгенін дәлелдейді;

Композициялық талдауды дұрыс, сауатты орындайды.



Оқулық, жұмыс дәптерлері.



Таратпа қағаздар.

2 мин





3 мин

Тапсырма2:

Шатасқан оқиғаларды реттеу:

Тақтада повесттің негізгі үзінділерінің суреттері ілініп тұрады. Оқушылар сол суреттегі оқиғаларды рет - ретімен орналастырып шығады.








Шеберлік шыңы:

Оқушылар өздеріне ұнаған эпизодтан көрініс көрсетеді.

Оқушыларға кейіпкерлердің аттары беріледі. Сол мезетте 3 қатар берілген уақыт ішінде кез – келген эпизодтан көрініс көрсетіп шығады.



Өткен тақыптар бойынша оқушыларға орындары шатасқан суреттер көрсетіледі. Оқушылар сюжет желісі бойынша оқиғаларды ретімен

орналастырады.

Дескриптор:


-Өткен сабақты есіне түсіреді;

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2021
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12