«Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат» фильмінің неге сәтсіздікке ұшырады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат» фильмінің неге сәтсіздікке ұшырады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада «Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат» фильмінің неге прокатта сәтсіздікке ұшырағаны талданады. Автор түпнұсқа фильмнің құндылығын атап өтіп, ремейктің көркемдік артықшылықтары мен сценарийлік әлсіз тұстарын саралайды. Мақала қазақ киносы тенденциялары туралы ой қозғап, тың идеялардың маңыздылығын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат» фильмінің неге сәтсіздікке ұшырады?


2024 жылдың 13 наурызында Қазақстан кинотеатрларында режиссер Абдолла Қарсақбаевтың культтік туындысы «Менің атым Қожа» фильмінің ремейкі – «Жаңа саяхат» атауымен көрерменге жол тартты. Түпнұсқа картина 1964 жылы жарық көріп, араға 60 жыл салып қайта өңделді. Алайда белсенді жарнамаға және кең көлемді маркетингтік кампанияға қарамастан, фильм бір айда бар-жоғы 125 миллион теңге жинады. Салыстыру үшін, сол кезеңде шыққан «Малай» фильмі 470 миллион теңге табыс әкелді. Бұл жағдай заңды сұрақ туғызады: фильм неге сәтсіздікке ұшырады?

Ең алдымен, режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысы қазақ киносының классикасына қалай айналғанын еске түсірейік. Оқиға көрерменді балалықтың еркін әлеміне жетелеп, басты кейіпкердің қиындықтары арқылы әрбір адамның бала кезін еске түсірді: әкесіз өсу, құрдастар арасындағы түсініспеушілік, алғашқы махаббат, ішкі толғаныстар. Бұл жетістікке Бердібек Соқпақбаевтың повесі мен Қарсақбаевтың көркемдік шешімі үлкен ықпал етті. Ал Нұрлан Сегізбаевтың Қожа бейнесіндегі шынайылығы фильмді ұрпақтар жадында сақтап қалды. Картина 1967 жылы Канн кинофестивалінде арнайы дипломмен марапатталғанын да айта кеткен жөн.

Осындай зор тарихи мұраға сүйене отырып, ремейкті аса мұқият әрі жауапкершілікпен жасау керек еді. Бір жағынан, жаңа фильм визуалды тұрғыдан жоғары деңгейде шықты: операторлық жұмыс, түс палитрасы, көркем бейнелеу тәсілдері сәтті қолданылған. Әсіресе, бұл режиссер Қуат Ибрагимовтың дебюті екенін ескерсек, техникалық жетістік айқын. Жарқын түстер мен балалар әлемінің баяндалуы көрерменді Қожаның ішкі сезімдеріне жақындатады.

Алайда сценарий жағы әлсіздеу шыққан. Бірқатар архетиптер өзгертіліп, олардың кейбірі сәтті ашылмаған. Қожаның жазушы болуға деген арманы түсінікті түрде жеткізілмеген. Сюжет қарқынды дамығанымен, кей тұстарда түпнұсқадағы тереңдік пен оқиғалардың толық құрылымы сезілмейді. Егер фильм хронометражын сәл ұзартқанда, кейіпкерлердің табиғаты жақсырақ ашылар еді.

Фильм табысты болуға барлық мүмкіндікке ие болса да, басты қателік аудиторияны дұрыс таңдай алмауда болды. Түпнұсқаны жақсы білетін көрермендер фильмнен ностальгия күткен еді, бірақ бұл үміт ақталмады. Көпшілік классикалық туындының осылай өзгертілуін қабылдай алмады. Ал түпнұсқаны көрмеген көрермен үшін оқиға қызықсыз болып шықты. Балалар үшін фильм ауырлау, ал ересектерге тым аңғал көрінді. Тек жас көрермендер, әсіресе студенттер қауымы үшін фильм тартымды болуы мүмкін.

Бұл фильмді толыққанды комедияға да, эмоционалды драмаға да жатқызу қиын. Мысалы, «Болмаған балалық шақ» сияқты жүректі қозғайтын туындылар бір айда 440 миллион теңге табыс әкелді. Қазіргі қазақ киносының тәжірибесі тағы бір нәрсені дәлелдеді: фильм табысты болуы үшін ең алдымен өз көрерменіне дұрыс жол табуы керек. Әйтпесе, «Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат» сияқты жобалар назардан тыс қалады.

Шын мәнінде, фильмнің кемшіліктеріне қарамастан, оны әлсіз туынды деуге болмайды. Оның өзіндік атмосферасы, сапалы түсірілімі және айқын идеясы бар. Бұл қасиеттер оны өзге отандық жобалардан ерекшелендіреді. Әрине, культтік деңгейге жете алмас. Бірақ отбасыңызбен кешкі уақытта көруге лайықты, жылы әсер сыйлайтын фильм екені сөзсіз.

Классикалық фильмдерге ремейк жасау бүгінде қалыпты үрдіске айналған. Бұл мәдени мұраны сақтап, жаңа буынға таныстырудың бір тәсілі. Қазіргі Голливуд та дәл осы бағытпен дамып келеді. Алайда «Менің атым Қожа» ремейкі киноға түбегейлі жаңалық әкелген жоқ. Ол тек қазақ киносының ремейктер дәуіріне қадам басқанын аңғартқандай болды.

«Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат» фильмі бізге екі маңызды мәселені аша білді. Біріншіден, бүгінгі таңда продюсерлер арасында тың әрі батыл идеялардың жетіспейтіні байқалады. Сондықтан олар көбіне дайын әрі танымал жобаларды қайта өңдеуге, яғни ремейк жасауға бет бұрып отыр. Екіншіден, отандық режиссерлер мен кинематографистердің балалар туралы көркем, сапалы әрі жүрекке жылы фильмдер жасауға қабілетті екені көрсетті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі