Менің бала
бақшам
Мақсаты:.«Балабақша» ─
балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді
қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға
бағытталған
Тақырыпша: «Менің
балабақшам»
Мақсаты: Қос аяқпен
басты затқа тигізіп секіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап
допты домалату. Қос аяқпен басты затқа тигізіп
секіру.
Топ бөлмелері мен
топтағы заттарды, заттардың бөлшектерін ажыратып атауға, сөздегі
дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Балабақша туралы
түсініктерін кеңейту, «Көп», «Біреу» ұғымдарымен таныстыру, топтағы
заттардан бір немесе көп заттарды тауып көрсетуге, топтағы біртекті
заттардан топтар құрастыруға одан біреуін бөліп көрсетуге үйрету.
Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әртүстегі бөлшектерден
орындықтың құрылысын құрастыруға
үйрету.
Балабақшаның ауласындағы
өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау
жасау,
Түрлі бағытта түзу
сызықтарды олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету, балабақша
ауласындағы жолды ондағы гүлзардың суретін
салу
Түрлі сипаттағы әндердің
мазмұны мен көңіл күйін қабылдауды, бірдей қарқында ән салуға,
бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді
үйрету
Ермексаз және
сазбалшықтың қасиетерімен танысу дағдыларын жетілдіру, олардың
кесектерін домалату, ширату, созу тәсілдерін үйрету Балабақша мен
балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту, балабақшаға
жағымды көзқарастарын калыптастыру
Барысы:
Балалар бүгін бізге
саяхатшы Дара келіпті. Қане бәріміз Дарамен амандасып
жіберейікші.
-Сәлеметсізбе!
Ал енді орысша,
ағылшынша амандасайықшы.
-Здраствуте!
-Helley.
-Балалар Дарамен
саяхатқа шыққыларын келеме?
Олай болса саяхатқа
шығайық. Кәне бәріміз мына жолдармен
жүрейік.
Ой балалар біздің
жолымызды тастармен жауып тастапты. Саяхатымызды жалғастыру үшін
жолдарды тастардан тазартайық. Ол үшін мына таста жазылған
тапсырмаларды орындайық.
1
тапсырма
Балабақшаларың кімнің
атында?
Балабақша меңгерушісінің
аты жөні кім?
Әдіскерлеріңнің аты-жөні
кім?
Тәрбиешілеріңнің аты
жөндері кім?
Қай топта
оқисыңдар?
Жастарың
нешеде?
Жақсы балалар сендер
сұрақтарға жауап беру арқылы жолдарды тастардан
тазартыңдар.
Енді саяхатымызды ары
қарай жалғастырайық. Жолымыз қысқа болсын, әрі саяхатымыз қызықты
болсын десеңдер ән айта жүрелік.
Бала, бала,
баламыз
Бақшамызға
барамыз
Күні бойы
қызыққа
Батамыз да
қаламыз
Кішкентаймыз әлі
біз,
Үлкендерге
сенеміз,
Тәрбиеші
апайларды,
Сыйлап жақсы
көреміз.
Балалар мына жол өте
жіңішке екен. Бұл жолға бәріміз бірдей сыймаймыз. Сондықтан
денешынықтыруда өткендей сапта бір-бірлеп жүрейік. Мына жерден қос
аяқтап секіріп өтейік.
Алдарынан алааяқ түлкі шығады.
Балалардың жол көрсететін картасын алып
кетеді.
Түлкіжан бізге
картамызды қайтаршы.
Алааяқ
түлкі: Балалар менің тапсырмамды
орындаса ғана мен мына картаны
беремін.
Балалар түлкінің
тапсырмасын орындаймыз ба?
-Иа.
Түлкінің тапсырмасы:
Балалар мына қызыл және сары түсті шарларды мен араластырып алдым,
соларды түсімен бөліп қайсысы көп аз екенін акйтып берсеңдер
екен.
Рахмет балалар сендер
маған көмектестіңдер мен сендердіңғ карталарыңды
беремін.
Балалар біз орманға
келдік. Орманда нелер өсіп тұр
Ағаштар
Біздің бала бақша
ауласында қандай ағаштар, өсімдіктер өсіп тұр айтып
жіберіңдерші.
-иә жеміс ағкаштары,
қарағаш, тал бар. Және гүлдердің түр -түрі
бар.
Ой, біз Дараның атасының
үйіне де келіп қалыппыз. Ата не істеп
жүр.
Кәне көмектесіп
жіберейікші. Атайға ағаштар мен гүлдерді суарып түптесуге
көмектесу.
Қорытындылау: Балалар
сендер бәрің тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді атайдың үйіне
кіріп дем алайық.