Материалдар / Менің балабақшам.Жиһаздар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің балабақшам.Жиһаздар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жиһаздар.

Мақсаты. Жиһаздар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорды заттардың қасиетін білдіретін сөздермен толықтыруға үйрету. . Ұзындығы бойынша түрлі заттарды салыстыруға, ұзын, қысқа сөздерін қолдануға үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту, көкөністер мен жемістерді топтастыра білуге үйрету (сәбіз, қияр, қызанақ, алма, алмұрт, апельсин), қоршаған табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру Түзу сызықтарды қиылыстыру арқылы шкафтың суретін салуды үйрету Музыкалық ойыншық аспаптардан (сылдырмақтың) дыбыс шығаруын ажыратуға, әннің сөздерін анық, нақты түсініп орындауға, музыка сипатына қимылмен жауап беруге үйрету.

Көрекілігі: суреттер жеміс жидектер

Сабақтың барысы:

Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

         Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—       Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

—         Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.– Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?

Ойын «Не жетпейді?»

Тәрбиеші балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін  суреттерді көрсетеді.

    Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?

—     Жиһазды қалай күту керек?

Ойын «Суретті жинап ал!»

       Ал біздің тобымызда қандай жиһаз бар?

Схема бойынша жұмыс жасау.

—         Біз бүгін сабақта не жасадық?

—         Қонжық пен үш аюлар сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға өте көмектестіңдер. Олар енді біледі үйде қандай жиһаздар болу керек және  жиһаздарын қалай күту керек екенін.

Қонжық балалармен қоштасады. Сыйлықтарын таратады

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің достарым.
Сабақтың мақсаты: - «Жыланша» арасы алшақ тұрған заттар арасымен еңбектеу. Сапта бірінің артынан бірі жүру және жүгіру. «Жыланша» арасы алшақ тұрған заттар арасымен еңбектеу.

Достық туралы түсінік беру,. Научить детей слушать, запоминать и правильно произносить русскую речь, «Көп», «Біреу» ұғымдарын бекіту, заттарды бір қатарға реттілікпен солдан оңға қарай орналастыруды үйрету. Сипап сезу және дәмін тату арқылы көкөністер мен жемістерді ажыратып, атай білуге сөйлегенде: шикі, піскен, тұзды және т.б. сөздерді қолдануға үйрету. Домалату, ширату, созу тәсілдерін қолдана отырып, көкөністердің бейнелерін жасауға үйрету

Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді
Қолданылатын көрнекіліктер: Нақыл сөздер, АКТ,социограмма,топ аттары жазылған карточкалар.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру:-

 Балалар, қараңдар бүгін бізге қонаққа не келді?

- Маша.

- Балалар, Машаның досы не?

- Аю.

- Ал, балалар орманда сендер одан да басқа қандай дос аңдарды білесіңдер?

- Балалар, Маша мен Аю екеуі дос! Біз сендермен тату, адал достарды көріп тұрмыз. Бүгін біз сендермен бір-бірімізбен достасуды үйренеміз.. Ал, қазір біз сендермен «Достық» таппағын айтамыз.

Достарды біз тыңдаймыз,

Реңжіткенде қорғаймыз.

Біздің топта ұл, қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

 Ойын «Түймедақ гүлін жинау»

Шарты: Балалармен түймедақ гүлін жинастыра отырып, достардың қасиеттеріне сипаттап әңгімелеу.

Сапта бірінің артынан бірі жүру және жүгіру. «Жыланша» арасы алшақ тұрған түймедақ гүлдің арасымен еңбектеу.

- «Жыланша» арасы алшақ тұрған гүлдердің арасымен еңбектеу.

. «Менің досым»

Шарты: Тәрбиеші балаларға түрлі суреттерді көрсетіп, досының атын айтып ,досына сыйлық сыйлауды ұсынады.

Мысалы: Менің досым Айнұр. Мен Айнұрға мына қуыршақты сыйлаймын

Балалар ойын ойнап жіберейік.

Біреу және көп» дидактикалық ойыныәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.

Күзде бақшадағы көкөністер мен жемістер жиналады.Көкөністер мен жемістер жақсы өсіп мол өнім беру үшін,адамдар жеміс ағаштарын күтеді.

-Балалар көкөністер ,жемістер қайда өседі?

-Онда қазір біз көзімізді жұмамыз.

Ой, балалар біз бақшаға келдік.

-Бақшада не өсіп тұр?

-Қырыққабат,сәбіз,пияз,қызанақ,алма,алмұрт т.б

-Кәне,Аружан жемістерді көрсетші?

-Алма,алмұрт,шие т.б

-Кәне,Ислам көкқністерді көрсетші?

-Сәбіз,пияз,картоп,қырыққабат т.б.

Бір бала шығып көкөністі атайды және көрсетеді(түсін және пішінін)

-Балалар көкөністер мен жемістер не үшін керек?

-Адамдар жеу үшін.Тамақ пісіреді,салат жасайды.

сергіту сәтін жасайық:

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жаиқалып

Табиғатты сүйеміз

Денемізді бос тастап

Билеп билеп аламыз.

Сурет көру көкөністер мен жемістер.

Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Көкөністер(сәбіз,қияр,картоп т.б)

Жемістер(алма,алмұрт,шие т.б)

Балалар көкөністер мен жемістер адамдарға пайдалы онда,адамға қажетті дәрумендер бар.

«Дәмінен тап»

Ойын шарты: Мына табақта көкөністер мен жемістер туралған.Бір бала шығады,көзін байлаймын ол бала қандай көкөніс немесе жемістің дәмін татып айтып береді.

Дәмі қандай?

Сәбіз дәмді.

Пияздың дәмі қандай?

Пияз ащы.

Қырыққабат тұщы.

Алма жеміс ,дәмі тәтті.

 Мынау қандай жеміс?

- Мынау ше?

- Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

- Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

- Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алқанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.
Ой қозғау:- Адал достық дегенде нені түсінеміз?
Мағынаны тану:-Аңыз әңгімелерде жауынгерлердіңьдостығы адал достыққа жата ма?
-Сіздердің адал достарыңыз бар ма?Достарыңыздың адалдығын қандай іс- әрекеттерінен байқадыңыздар? (Әр бала өз достарының іс –әрекеттерін, атттарын атап сипаттайу керек.Баяу музы
қа қосылып тұрады)
- Жарайсыңдар балалар!

Рахмет сендерге.

Балалар сендерге кішкене сыйлығым бар.Күннің көзін сыйлау.

Күннің көзі сияқты жайнаңдар.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!