Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің болашақ мамандығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 9, 11 сынып оқушылары /түлектеріне/ мен сынып жетекшілеріне көмек құралы ретінде әдістемелік көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым

Мақсаты: оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру.

Міндеттері:

- Мамандық таңдаудың негізгі шарттарымен таныстыру;

Мамандықты дұрыс таңдауға жол көрсету

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жоба қорғау, дискуссия.

Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақшалар.

Тренинг ережелері:

1.Сыйластық.

2. Тыңдай білу.

3. Сөзді бөлмеу.

4. Белсенділік таныту.

5. Шығармашылық.

6. Төзімділік.

7. Түсіністік қарым-қатынас.

І- тапсырма: "Мен таңдаған мамандық".

Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру

ІІ – тапсырма: « Келісемін, келіспеймін, дәлелде"

Тапсырманы орындаған кезде оқушылар өзі келісетін, келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, пікірлерін ортаға салады.

1. Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.

2. Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты.

3. Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей байланысты.

4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

5. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.

6.Жақсы білім алу үшін қымбат да а оқу орнына түсу қажет

7. Ақша болса, мамандық қажет емес.

8. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.

9. Мамандықты таңдап алудағы басты міндет өз қызығушылығы мен қоғамдағы сұранысқа сәйкес келуі

10. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.

11. Мамандық таңдау – күнкөріс қамы.

Сергіту жаттығуы: «Жунглидегі жауын.»

ІІІ тапсырма. «Не істер едім» (миға шабулы. Сұрақ -жауап)

Бір оқушы ортаға шығып, оған әртүрлі мамандықтар бойынша сұрақтар қойылады. Қатысушы ойланбастан жауап берулері керек.

ІV. Бұл қандай мамандық. (ойын).

Осы ойынды ойнау барысында айтылған сипатқа сай келетін мамандықтың атауын айтуы керек.

1. Жұмыс құралы: техника, транспорт;

2. Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету;

3. Еңбектің орындалуы: отырып:

4. Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен;

5. Еңбектегі жауапкершілік; өмір және денсаулық;

6. Жұмыстың ерекшелігі: күнделікті табыс;

7. Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке қызметінің бұзылуы, әр түрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық.

V тапсырма. Таңдаған мамандығың туралы білесің бе?

Берілген сауалдарға "иә, жоқ" деп айтуы керек

1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?

2. Болашақ мамандығыңа қоятын талаптарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?

3. Таңдаған мамандығыңды қай оқу орны дайындайды?

4. Таңдаған мамандығыңа мектептегі пәндеріңің жақын келеді ме?

VІ- тапсырма. Мамандықты тап. (ойын).

Нұсқау: Сабаққа қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің ыммен, ишарамен көрсетуі керек.

Есінде жүрген жөн болар. ( психологиялық кеңес).

1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару;

2. “Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды” деген қорытынды жасауға болмайды.

3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

4. Болашақтағы алға қойған жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс жұмыс істеуді меңгерген аса тиімді де, пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.

5. сонымен қатар таңдаған мамандығы өзіне ұнауы да керек

VІІ. Бүгінгі тренингтен не алдым...

Суретті тест. Тренингтен алған әсерің.

Қатысушыларға кері байланыс парақтары беріледі. Тренингтен алған әсерлерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2018
1035
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі