жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің болашақ мамандығым және журналистика әлемді өзгерте алады ма?"
Менің болашақ мамандығым және журналистика әлемді өзгерте алады ма?
Жалпы кез-келген адам өмірінде кем дегенде бір рет жоғарғы оқу орынын таңдау процесінен өтеді. Таңдау барысында бізге көптеген жағыдайлар әсер етеді: болашақ мамандық және оған деген дайындықтың нақты орны туралы қалыптасқан идеялар, өзіндік құндылықтар, сондай – ақ қоршаған орта. Осыған орай жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестік қатынастар білім беру саласында жоғары оқу орындарын «тиімді» және «тиімсіз» деп бөлуге, сондай - ақ талапкерлерге жоғары оқу орнын және дайындық бағытын таңдауға жеткілікті кең мүмкіндіктер беруге байланысты кейбір ерекшеліктерді күрт күшейтеді.
Менің бала кезден ел алдында сөз сөйлеу мен өз ойымды қағаз беттеріне түсіруге құмар болдым. Арасында өлен шығарып, арнау жазатынмын. Үлкен сыныптарға аяқ баса келе журналистикаға қызыға бастадым. Ес кіріп жан жағымдағы мәселелермен болып жатқан жайттарға баса назар аударып қорытынды жасауды үйрендім.
Журналистика – әр адам күнінің маңызды құрамдас бөлігі. Таңертең ояна сала адамдар телефонды бірден алады. Олар әлеуметтік желілерді ақтарып немесе пошталарын тексереді - бұл өте маңызды емес, бірақ осы ресурстардың арқасында сіз ұйықтап жатқан кезде елде және әлемде не болғанын оқи аласыз.
Интернет-журналистика оқуға арналған жаңалықтар тақырыбын таңдауда үлкен ауқымды ұсынады. Қазіргі уақытта интернет-газеттердің көпшілігінде күннің немесе сағаттың кез-келген маңызды оқиғалары туралы хабарлау функциясы бар, журналистиканың болашақтың мамандығы және оның әлемді өзгерте аларына әлемде болған жағыдай кезінде тағы бір көзіміз жеткендей болды.
Журналистика - өнердің ерекше, күрделі түрі. Оның негізгі құралы - сөз. Барлық жағыдайларды ескере отырып өз таңдаған мамандығымды жетік меңгеру үшін және болашақ технологиялар заманы екенін негізге алып Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетін таңдадым.
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті Алматы қаласында 2009 құрылған болатын. Халықаралық атауы: “International university of information technology”. Арнайы студенттерге базалық ақпараттық және бір орталықтан бақыланатын бұндай жүйені еліміздегі жоғарғы оқу орындарынан кездестіре бермейсіз.
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті өте үлкен жобаларға ат салысатынын бірі білсе бірі білмейді халықаралық, ғылыми, білім беру саласындағы арнайы програмалық бағыттарда, жастарға сонымен қатар өз шәкірттеріне әр қашан қолдау көрсетеді.
ХАТУ- бұл 2019 жылы ASIIN институционалдық халықаралық аккредитациядан өткен және халықаралық стандарттарға сәйкестігінің ресми растамасынан өткен Қазақстандағы жалғыз университет.
Журналист билік пен халық арасындағы жалғыз жіп, ол делдал болғанымен, соңғы рөлден алыс. Ол қоғам мен билік назарын өмірдің ең өзекті мәселелеріне назар аудару арқылы айқындайды. Журналистиканы төртінші билік деп аталуы жайдан жай емес. Себебі миллиондаған адамдардың тағдыры кейде бір сөзбен шешіледі. Менің ХАТУ-ды таңдауымдағы басты себеп, жаңа заманға сай, тенологиялардың ең негізі ортасы болған университетте сүйікті мамандығымды меңгеру.
10 жылдық даму барысында ХАТУ елдегі ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының рейтингіне кірді. Университет білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту бағытында үнемі жұмыс жасайды және профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары әлеуетін ұсынатын үздік университет болып табылады.
Журналист болу бұл үлкен жауапкершілік деп санаймын. Бір сөзбен айтқанда, сөз қорғауға да, өлтіруге де болатын бірден бір қару болып табылады және оны дұрыс қолдана білу керек. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін әлемді тек жақсы жағына өзгертуге жұмыс жасау өте маңызды. Мысалы, өз өміріңдегі өтіріктен бас тарту, қоршаған ортаны қорғау және мұқтаж жандарға көмектесуге тырысу. Сонымен, журналистика әлемді өзгертуге қабілетті ме? Жауап қарапайым. Көзіңізді жұмып, журналистикасыз әлемді елестетіңіз. Сіз бір нәрсе көре аласыз ба? Мен жоқ. Сондықтан өз мамандығыма аса құрметпен және жауапкершілікпен қараймын.
Шортанбаев Мади Бейбітұлы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген