"Менің дәптерлерім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің дәптерлерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 21/04/15

Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: Менің дәптерлерім

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға лексикалық  тақырып  бойынша толық  түсінік  беру,  жаңа  сөздермен  таныстырып,  лексикалық бірліктерді  меңгерту,  сабақты бекіту  барысында  алған  білімдерін одан  әрі  жетілдіру,  білімдерін бағалау, TIMSS бағдарламасымен жұмыс

Дамытушылық:Сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтау  қабілеттерің дамыту, лексикалық минимумдарды қатыстыра отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, топпен жұмыс, жекелей жұмыстарды орындау мақсатында іскерлікке машықтандыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, мәдениетке, тианақтылыққа тәрбиелеу;
Өз бетімен еңбектенуге үйрету.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сөйлесу, ойын, қызығушылықтарын оятуға қатысты мәтінге құралған сызба, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:  Оқулық, суреттер, сызбалар, интерактивті тақта, бағалау жұлдыздары, смайликтер.

I.  Ұйымдастыру  кезеңі.

Сәлемдесу

Бір,екі, үш деп

Орнымыздан тұрамыз.

Тұрыңдар, балалар!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, мұғалім!

«Шаттық шеңбер»  

Келіңдер балалар қол ұстасып «Шаттық шеңберін» құрамыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз!

Қуан шаттан

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

II-өткенді пысықтау

а) Лексикалық жаттығу:

- Қазір қай сабақ?  -Қазір қазақ тілі сабағы.

-Сенің атын кім? –Менің атым Данил.

-Сен неше жастасың?-Мен сегіз жастамын.

-Сен нешінші сыныпта оқисың?- Мен екінші сыныпта оқимын.

б) фонетикалық жаттығулар:

Сөз жұмбақ (УАҚЫТ)

 

 

т

 

 

 

 

ә

С

 

Ж

 

У

А

Қ

Ы

Т

л

Ғ

Ы

Л

Ү

і

А

С

 

Н

к

Т

Қ

 

 

 

 

А

 

 

1.Сутки

2.Часы

3.Короткий

4.Год

5.Ночь

 Сайыс-сабақ екенің айтып кету.

 III-жаңа сабақ

А) Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру кезеңі.

Өткен сабақта біз уақыт, сағат туралы білімдеріміз толықтырған болғанмыз.

Олай болса еске түсірейік.

-Ендеше келесі сұрақтарға жауап беріңдер. Әр бір дұрыс жауапқа бір жұлдызша аласыңдар.

-Бір жылда неше ай бар? –Бір жылда он екі ай бар.

-Бір айда неше күн бар? –Бір айда отыз немесе отыз бір күн бар.

-Бір аптада неше күн бар? –Бір аптада жеті күн бар олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-Бір тәулікте неше сағат бар? –Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.

-Бір сағатта неше неше минут бар? –Бір сағатта алпыс минут бар.

-Бір минутта неше секунд бар? –Бір минутта алпыс секунд бар.

 Өте жақсы олай болса тағы да бір сұрақ.

Сендер мектепке нешеде келесіңдер?

-Мен мектепке сағат бір де келемін.

 Балалар сендер мектепке жиналған кезде сөмкеге арнайы бір заттарды саласыңдар. Олар оқу құралдары.

Ойын «Сиқырлы сандық сыйы»

-Менің қолымда не бар?-кітап, дәптер, қарындаш, сызғыш, қалам, күнделік бар.


1.                  Күнделік не үшін керек? – Күнделік үй тапсырмасын жазу үшін керек.

2.                  Дәптер не үшін керек? – Дәптер жазу үшін керек.

3.                  Кітап не үшін керек? – Кітап оқу үшін керек.

4.                  Қалам не үшін керек? – Қалам жазу үшін керек.

5.                  Сызғыш не үшін керек? – Сызғыш сызу  үшін керек.

 1-топқа тапсырма (КАРТОЧКА):  Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

д...птер,  ...алам , сыз...ыш,  к...тап,  к...нделік,  қар...ндаш,  ...шіргіш,

2-топқа тапсырма(КАРТОЧКА): Үлгі бойынша екі қатарға І , ІІ жаққа бөліп жаз.

Үлгі: Менің дәптерім. Сенің дәптерің.

І жақ                                         II жақ

Менің дәптерім,             Сенің дәптерің

Менің қаламым               Сенің қаламың

Менің кітабым               Сенің кітабың

Менің күнделігім            Сенің күнделігін

Менің сызғышым           Сенің сызғышың

Менің қарындашым       Сенің қарындашың

 Сергіту сәті: 

Қолды белге қояйық, 
Басты оңға бұрайық. 
Басты солға бұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз демалып қалайық. 

 

 Мәтінмен жұмыс.

1-топқа тапсырма (КАРТОЧКА):  Мәтіннің ішінен оқу құралдарына байланысты сөздерді теріп айы.

Партада кітап жатыр. Үстелде қалам жатыр. Сөмкеде дәптер бар. Димада сызғыш жоқ.  Менің күнделігім таза.

2-топқа тапсырма(КАРТОЧКА): Сөйлем құрастыр.

Кітап, жатыр, партада.

Жатыр, қалам, үстелде.

Сөмкеде, бар, дәптер.

Сызғыш, жоқ, Димада.

Менің, таза, күнделігім.

Сашада, бар, қарындаш,қызыл.

1-топқа тапсырма (КАРТОЧКА)

Сөздерді аудар: Переведи слова. Сутки. День. Ночь. Время. Ручка. Дневник.

 2-топқа тапсырма(КАРТОЧКА):

Сөздерді аудар. Переведи слова. Тетрадь. Книга.Линейка. Карандаш. Часы.

Неделя.

 Сабақтын  қорытындысы: Жұмбақ  жасыру.

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап)

 Сен оқуда қандайсын?

Менен жасыра алмайсың.

(күнделік)

Ортасында «шегесі»,

Жіп-жіңішке денесі.

(қарындаш)

Ізі жол болып қалады,

Алтын жинап алады.

(қалам)

Жоқ ізінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш)

Ұпайларды санау: Әр топтың жинаған ұпай саның есептеу. Бағалау. Мадақтау.

Үйге тапсырма: 104 бет, 5 тапсырма

Қоштасу: Сау болыңдар балалар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2018
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі