2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Менің денсаулығым

Менің денсаулығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен жүргізілген психологиялық тренинг
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі

















«Менің денсаулығым» тренинг

7,8-сынып








Өткізген:

Педагог-психолог:Мұфтахиева Ж.Ғ














2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Менің денсаулығым»

Мақсаты: Білім беру бағдарламаларына салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, репродуктивті денсаулықты нығайту, ВИЧ-инфекцияларын жұқтырудан қорғау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, шылым шегудің алдын алу

Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.

Барысы:

  1. Танысу, шаттық шеңберін құру.

2.«Өрмек» жаттығуы

Бұл жаттығу топ мүшелерінің ұйымшылдығын қалыптастыруға арналады. Жаттығуды орындау үшін шиыршық жіп қажет болады. Еденде отырып орындаған ыңғайлы. Қатысушыларға шеңбер құрып отыру қажет. Ойын бастаушы шиыршық жіпті алып, өзі туралы ақпарат айта отырып, жіптің бір ұшын қолына қыстырып қалуы тиіс. Шиыршықты келесі қатысушыға береді. Нәтижесінде тренингке қатысушы барлық мүшелер « өрмектің торында» қалады.

3.«Досымның қолы» жаттығуы

Жаттығудың өту барысы: Біз сіздермен бірлесе отырып үлкен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Досымның қолы» жаттығуын ұсынамын. Қатысушылар шеңберге арқаларымен отырады. Көздерін жабулары қажет. Жүргізуші ақырын барып өзі қалаған бір қатысушының иығына қолын қоюы қажет. Қалған қатысушылар оның кім екенін табуы тиіс.

4.«Зағип және бағыттаушы» жаттығуы

Бұл классикалық ойындарды барлық жастағы топтармен өткізуге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір - біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.

Топ мүшелері екі – екіден жұптарға бөлінеді.Біреуінің көзі байланады.

Екіншісі соны бағыттаушы рөлін атқарады. Сөйлеуге болмайды.

Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар рөлдерімен алмасады. Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:

  • Зағиптың рөлінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?

  • Бағыттаушы сізді қалай алып жүрді?

  • Бағыттаушының рөлі ұнады ма?

  • Жұптасыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?

  • Сізді алып жүрген ұнады ма, жоқ, әлде сіздің басқаны алып жүргеніңіз ұнады ма?

5.Ой қозғау.

  • Салауатты өмір салты деген не? ( Жауабы: Спортпен шұғылдану,күн тәртібін сақтау,жеке бас гигиенасын сақтау,жаман әдеттен аулақ аулақ болу.)

  • Қорытынды:Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі-жаман қылықтардан аулақ болу.

6.Ойға шабуыл.

  • Жұмбақ жасыру:

  • а) Сырты жаман, іші жын,

  • Абыройын түсіреді кісінің. (арақ)

  • ә) Түтін болып кіреді,

  • Күркіл болып жүреді. (темекі)

  • Ендеше,балалар,бізге еңбек етуге, коғамга, денсаулыққа, үрпаққа, отбасына зиянын тигізеді зиянкестер туралы көріністі тамашалайық.

7.Көрініс "У мен дерт”

Қатысушылар: Темекі. есірткі. ішімдік, милиционер, дәрігер.

Жүргізуші: Осы өлкеде өмір сүріп жатқан әзәзілдер — Темекі, Есірткі, Ішімдік үшеуі жасырын айтысқа түседі. Қазылар алқасы да жоқ, көрермен де жоқ, бүл айтыстың бас бәйгесі — Адам өмірі болатын. Әуелі сөзді емін-еркін ғұмыр кешіп үйренген Темекі алады:

Бөлініп кетсе -дағы жер екіге,

Кезек бер жасы үлкен Темекіге.

Табылам езуінен сұлу қыздың,

Бір гүлі ашылмаған он екіде.

Айналып ермегіне балалардың,

Қалтасын қоқым кылып қағам әр күн.

Күн-түні күркілдетіп сарғайтқаным,

Қаусаған кәрі тісін ағалардың.

Жүргізуші: Темекінің кеуде соғып көпіргенін Есірткі көріп отыра қалып, өз әніне басады.

Есірткі: Ежелден темекі едің шылым едің,

Ашылмай жатқан әлем ғалым едің..

Осылай айтарыңды біліп едім,

Жастардың ойына да, бойына да,

Енді-енді індет болып кіріп едім.

Кеңейтіп жеңісімді, өрісімді,

Мәз болып миығымнан күліп едім.

Жүргізуші: Осы сәтте тапырактай басып, иісі аңкып керден-кердең аттап Ішімдік келеді.

Ішімдік: Мен, мен едім, мен едім,

Қай жерде де ер едім.

Қай жер де төр едім.

Дастарханан. Көңілден,

Ылғи түспей келемін.

Ынжықтарды ысқылап,

Бойына күш беремін.

Арыстанға тышқанды,

Сүйреп әкеп теңедім.

Жүргізуші: Үшеуі бәйгеге таласып тұрғанда сырттан дауыс естіледі.

Милиционер кіреді де:

- Шуламандар, түгі - деп үшеуін ұстайды.

Дәрігер келеді.

Дәрігер: Сендердің мақсаттарың адам өміріне өрт, көңіліне дерт салу болатын. .Ал мен олардың қамқоршысымын, - дейді.

Қолка қауып, кыжылдатқан асказан,

Жүрек лобып, асқа тәбет ашпаган.

Шылым шегу денсаулыққа зиянды,

Азаматтар өзгеше бір бас кадам.

Меруерт тіс пен таңдайды ыстаған,

Өкпені улап, көк жөтелі қыстаған.

Шылымыңды жолатпастан өмірде,

Темекіні, ақыл ойлы, таста, Адам!

Психолог:Балалар,біздің денсаулығымызға зиян келтіретін зиянкестер кімдер екен? ( Жауабы:есірткі,арақ және темекі)Ендеше қазір біз темекінің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін бейнефильм арқылы көрейік.

8.Бейнефильм көрсету. «Темекінің адам денсаулығына зияндылығы»

9.Топпен жұмыс жасау.Салауатты өмір салтын сақтауға және оны насихаттауға жарнама-плакат салыңыздар. ұл жарнама-плакаттарды дәрігерлер,мұғалімдер,әлеуметтік қызметкерлер күнделікті жұмысында пайдаланады деп ойлаңыздар.

І топ-жағымсыз әдеттерден зардап шеккен адамның суретін;

ІІ топ-салауатты өмір салтын ұстанған адамның суретін салады.

Балалардың салаған плакаттарын қорытындалай келе сұрақтар кою

10. Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

11. Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.

12.Салауаттылық,  денсалыққа  викториналық сұрақтар

    1. Дені сау   адам  қандай   болады?

    2. Табиғатты   неге   денсаулықтарыңды   қалай  күтесіңдер?

    3. Өз   денсаулықтарыңды    қалай  күтесіңдер?

    4. Денсаулыққа  қажетті   дәрумендерді  қайдан   алуға   болады ?

    5. Дұрыс   тамақтану  дененді    қайдан   түсінесіңдер ?

    6. Қандай   спорттың    түрлерімен   шұғылданасыңдар ?


13. Рефлексия

1. Бүгінгі тренингтен өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?

Сіздерге не ұнады, не ұнамады?

2. Қалай ойлайсыздар, ұран нашар көңіл – күйді, өз күшіңе сенімді болуға көмектеседі деп ойлайсыз ба

3. Бүгінгі тренингтен не алдыңызар?

14 Қорытынды кезең

Ұлы  ойшыл  Сократқа кезінде  мынадай  сұрақ  қойылыпты: «Адамға  өмірде  не  қымбат,  байлық  па, атақ  па?»  деп  Сонда  Сократ «Байлық  та,   атақ та,  даңқ  та  шын  бақытты  ете  алмайды. Дені  сау кедей    ауру  патшадан   бақыттырақ»  деп  жауап   берген   екен,   яғни адам  бақытты  болу   үшін   оған   денсаулық   керек. Алкогольдің, темекінің  зардаптарынан   болатын   өзгерістердің   ішіндегі   ең  елеулілері

адамның   ақыл-ойы   мен  санамыздың   бұзылуынан   сақтанайық,

жас  ұрпақ !     Адам  азбасын,   ұлтымыз  тозбасын !


































Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.






Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.








21 Желтоқсан 2017
1586
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі