«Сарышаған кентіндегі ЖББОМ (мектеп жанындағы интернатымен)» КММ
Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры: Тәрбие ісі жөніндегі
Г.Б.Мусаева_____________ орынбасары:
Г.А.Ахмедова_______
«Менің Президентім» атты тәрбие сабақ жоспары
Сыныбы: 5«ә»
Сынып жетекшісі : Г.С.Ешмагамбетова
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Менің Президентім»
Мақсаты:
-
Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
-
Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
-
Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта, бейнероликтер
Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
Мұғалім:
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
- Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды
азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы
баладан алпыс жастағы қартта
амандығын
тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент
Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш
Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1
желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл
біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Ендеше «Менің
Президентім» тақырыбына арналған сынып сағатымызды
бастаймыз.
Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі,
Нұрсұлтаннын атымен басталады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянымен таныстыру
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасында! Бүгінгі сынып сағатының соңында сіздерден Президент деген кім? деген сұраққа жауап алғым келеді.
(оқушылар бір сөйлеммен немесе бір сөз арқылы жауап береді)
Мұғалім:
Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының бергенінен әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!
Байболат Жантөре:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Барлығы:
Ақыл парасатымен, есті істерімен еліне ұйытқы болған қазақтың күре тамырына нәр берген менің Президентім мәңгі жасай берсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
менің елбасым

шағым қалдыра аласыз